Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура
Фармакология – (гр.pharmacon – дәрі, у; logos-ілім, ғылым) – әртүрлі аурулар мен патологиялық жағдайларды алдын алу және емдеу үшін қолданылатын дәрілерді, олардың тірі ағзаға әсерін зерттейтін ғылым.
Фармакологияның міндеттері:
-тиімділігі жоғары және қауіпсіз, әсер ету механизмі жаңа дәрі-дәрмектерді іздестіру;
-дәрілердің сапасын бағалайтын фармакологиялық бақылауды күшейту;
-фитотерапияны дамыту;
-клиникалық фармакологияны дамыту;
-дәрілерді дұрыс қабылдамаудан пайда болған дәрілік асқынулар ме аурулардың алдын алу;
Фармакология медико-биологиялық және клиникалық пәндермен тығыз байланысты. Медицина үшін фармакология ғылымының маңызы өте зор.
Фармакология жалпы және жеке бөлімдерден тұрады.
ІІ. ЖАЛПЫ РЕЦЕПТУРА
Жалпы рецептура – дәрілердің рецепте жазылу ережелері мен дайындалу және қабылдау тәсілдерін оқытатын дәрі тану ғылымының бір бөлімі.
Дәрілік түр – қажетті емдеу немесе алдын алу үшін дәріні қолдануға ыңғайлы түрді айтады. Консистенциясына қарай: қатты, жұмсақ, сұйық деп ажыратылады.
Дәрі-дәрмек – фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әртүрлі аурулар мен патологиялық жағдайларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардың қоспасы.
Дәрілік зат – дәрі-дәрмек ретінде қолданылатын жекелеген химиялық қосылыс.
Дәрілік шикізат - өсімдіктерден, жануарлардан, микробтардан немесе минералдардан алынған дәрілік зат.
Мемлекеттік фармакопея
2. Мемлекеттік фармакопея
Мемлекеттік фармакопея (МФ)- ол дәрілік құралдардың сапасы мен қауіпсіздігінің тәртіптерін белгілейтін стандарттар мен ережелердің жинағы. Қазіргі алғашқы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясының басылымдарында (1 және 2 том) (2009ж.) дәрілік заттар мен препараттардың физикалық және химиялық қасиеттері, өзі екендігін анықтайтын физико-химиялық, химиялық, фармакологиялық және биологиялық әдістер, ересектер мен балалар үшін улы («А» тізімі) және күшті («Б» тізімі) әсер ететін дәрілік заттардың жоғары реттік және тәуліктік мөлшері көрсетілген кестесі берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |