Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология



бет8/27
Дата03.02.2023
өлшемі412 Kb.
#64929
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Рецепт үлгісі
Мөлшерге бөлінген күрделі ұнтақтың жазылымы:
Құрамында 0,02 папаверин гидрохлориді (Papaverini hydrochloridum) мен 0,01 фенобарбиталы (Phenobarbitalum) бар 10 ұнтаққа жазыңыз. 1 ұнтақтан күніне 3 рет белгілеңіз.
Rp.: Papaverini hydrochloridі 0,02
Phenobarbitali 0,01
Sacchari 0,3
M.f.pulvis
D.t.d. N.10
S. 1 ұнтақтан күніне 3 рет

Ұшқыш және гигроскопиялық ұнтақтар пергаментті, балауыз (charta cerata) немесе парафинді (charta paraffinata) қағаздан жасалған қорапшада шығарылып, рецепте D.t.d. N… in charta cerata деп көрсетіледі.




Гранулалар – Granula
(Гранула-Nom.sing.Granulum, Gen.sing.Granuli, Gen.pl.Granulorum)
Гранулалар –ішке қолдануға арналған, домалақ, цилиндр тәрізді немесе пішінсіз түрі бар бірыңғай бөлшек (дән) түріндегі қатты дәрілік түр. МФ талабына сәйкес гранулалардың өлшемі 0,2-3 мм аспауы тиіс.
Гранулалар –фармацевтикалық өндірістерде өндірілетін дәрілік түр. Өндірістерде қосымша зат ретінде қант, шарап қышқылы, натрий гидрокарбонаты, крахмал, глюкоза, тальк, қант сиропы, тағамдық бояғыштар және тағы басқа заттар пайдаланылады. Иісі мен дәмі ащы, тітіркендіргіш әсері бар дәрілік заттар көбінесе гранула түрінде шығарылады.
Гранулалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалатындықтан, рецепте қысқартылған түрде ғана жазылады:
Рецепт үлгісі
100,0 натрий пара – аминосалицилаты (Natrii para-aminosalicylas) грануласына жазыңыз. 1 шай қасықтан күніне 3 рет тамақтан 1 сағаттан соң ішуге.

Rp.: дәрілік түр, дәрілік заттың атауы, мөлшері
D.S.

Rp.:Granulorum Natrii para-aminosalicylatis100,0
D.S. 1 шай қасықтан күніне 3 рет тамақтан 1 сағаттан соң



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет