Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология



бет1/27
Дата03.02.2023
өлшемі412 Kb.
#64929
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Кіріспе Фармакология тарихы Жалпы рецептура Фармакология


  1. Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура



Фармакология – (гр.pharmacon – дәрі, у; logos-ілім, ғылым) – әртүрлі аурулар мен патологиялық жағдайларды алдын алу және емдеу үшін қолданылатын дәрілерді, олардың тірі ағзаға әсерін зерттейтін ғылым.
Фармакологияның міндеттері:
-тиімділігі жоғары және қауіпсіз, әсер ету механизмі жаңа дәрі-дәрмектерді іздестіру;
-дәрілердің сапасын бағалайтын фармакологиялық бақылауды күшейту;
-фитотерапияны дамыту;
-клиникалық фармакологияны дамыту;
-дәрілерді дұрыс қабылдамаудан пайда болған дәрілік асқынулар ме аурулардың алдын алу;
Фармакология медико-биологиялық және клиникалық пәндермен тығыз байланысты. Медицина үшін фармакология ғылымының маңызы өте зор.
Фармакология жалпы және жеке бөлімдерден тұрады.


ІІ. ЖАЛПЫ РЕЦЕПТУРА


Жалпы рецептура – дәрілердің рецепте жазылу ережелері мен дайындалу және қабылдау тәсілдерін оқытатын дәрі тану ғылымының бір бөлімі.
Дәрілік түр – қажетті емдеу немесе алдын алу үшін дәріні қолдануға ыңғайлы түрді айтады. Консистенциясына қарай: қатты, жұмсақ, сұйық деп ажыратылады.
Дәрі-дәрмек – фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әртүрлі аурулар мен патологиялық жағдайларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардың қоспасы.
Дәрілік зат – дәрі-дәрмек ретінде қолданылатын жекелеген химиялық қосылыс.
Дәрілік шикізат - өсімдіктерден, жануарлардан, микробтардан немесе минералдардан алынған дәрілік зат.


Мемлекеттік фармакопея
2. Мемлекеттік фармакопея
Мемлекеттік фармакопея (МФ)- ол дәрілік құралдардың сапасы мен қауіпсіздігінің тәр­тіп­терін белгілейтін стандарттар мен ережелердің жинағы. Қазіргі алғашқы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясының басылымдарында (1 және 2 том) (2009ж.) дәрілік заттар мен препараттардың физикалық және химиялық қасиеттері, өзі екендігін анықтайтын физико-химиялық, химиялық, фармакологиялық және биологиялық әдістер, ересектер мен балалар үшін улы («А» тізімі) және күшті («Б» тізімі) әсер ететін дәрілік заттардың жоғары реттік және тәуліктік мөлшері көрсетілген кестесі берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет