Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология



бет9/27
Дата03.02.2023
өлшемі412 Kb.
#64929
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
Кіріспе Фармакология тарихы Жалпы рецептура Фармакология

КапсулаларCapsulae
(Капсулалар –Nom.sing.Capsula, Gen.sing.Capsulае, )
Капсулалар ішуге арналған мөлшерленген ұнтақ, паста тәрізді, түйіршіктелген немесе сұйық дәрілік түрлерден тұратын қабықша. Капсула түрінде жағымсыз дәмі мен иісі бар немесе тітіркендіргіш әсері бар дәрілік препараттарды шығарады. Капсулалардың желатинді немесе полимерден жасалынған түрлері бар.
Желатинді капсулалар – Capsulae gelatinosae түрлері: а) жұмсақ немесе эластикалық – Capsulae gelatinosae molles s.elasticae; б) қатты –Capsulae gelatinosae durae; в) қалпақшасымен – Capsulae gelatinosae operculatae. Асқазан сөлінің әсеріне тұрақты және ішекте еритін желатинді капсулаларды болады. Капсуладағы дәрілік заттарға рецепті жазғанда міндетті түрде «Желатинді капсулада (in capsules gelatinosis) босатыңыз» деп көрсетілуі қажет.


Рецепт үлгісі
1. Жай құрамды капсуланың жазылымы:
Құрамында 0,3 рифампицин (Rifampicinum) бар, 20 ұнтағын желатинді капсулада босатыңыз. Тамақтан 30 мин. бұрын 1 капсуладан тәулігіне 2 рет белгілеңіз.

Rp.: дәрілік заттың атауы, мөлшері
D. t.d. N in capsules gelatinosis
S.

Rp.: Rifampicini 0,3
D.t.d. N.20 in capsules gelatinosis
S.Тамақтан 30 мин.бұрын 1 капсуладан күніне 2 рет

2. Күрделі құрамды официнальды капсуланың жазылымы:
«Аевиттің» (“Aevitum”) 25 капсуласына жазыңыз. 1 капсуладан тәулігіне 3 рет белгілеңіз.

Rp.: Capsulas “Aevitum” N.25
D.S. 1 капсуладан тәулігіне 3 рет белгілеңіз.

Спансулалар (SPANSULAE)
Спансулалар — зауыт жағдайларында дайындалатын қатты мөлшерленген дәрілік түр, белгілі бір уақыт аралығында асқазан ішек жолдарында дәрілік заттардың реттелген бөлінуін қамтамасыз ететін көп қабатты таблетка немесе қабықтардың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Қабық ұнтақ, майлы ерітінділермен емес, микросферамен немесе ерекше полимер пластинкалармен толтырылған. Ортадағы рН-тың әр түрлі мәніне байланысты түрлі жылдамдықпен ериді. Осыған байланысты белгілі уақыт ішінде қанда дәрінің тұрақты концентрациясын қамтамасыз етуге болады. (12-48 сағ). Спансула құрамында бір немесе бірнеше препараттар болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет