Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология


Суспензиялар – Suspensiones



бет18/27
Дата03.02.2023
өлшемі412 Kb.
#64929
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
Кіріспе Фармакология тарихы Жалпы рецептура Фармакология

Суспензиялар – Suspensiones
(Суспензия – Nom.sing. Suspensio, Gen.sing.Suspensionis)
Суспензиялар – ұсақ майдаланған қатты дәрілік заттардың қандай да бір сұйықтықтағы қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түр.
Суспензиялар дисперсті ортадан (су, өсімдік майы, глицерин және т.б.) және дисперсті фазадан (берілген сұйықтықта мүлдем ерімейтін, қатты дәрілік заттың бөлшектері) тұратын дисперсті жүйе.
Суспензиялар ішке, сыртқы тәнге немесе бұлшық етке белгіленеді.
Суспензияның дисперсті ортасы су болған жағдайда рецепт қысқартылған түрде жазылады. Жазылымның қысқартылған түрі дәрілік түрдің атауы –



Rp.: Suspensionis (суспензия) сөзімен басталып, әрі қарай дәрілік заттың атауы, суспензияның мөлшері,
D.S.сигнатура- қолдану тәсілі мен жиілігі,



Рецепт үлгісі
Rp.: Suspensionis Hydrocortisoni acetatis 0,5%-10 ml
D.S. 2 тамшыдан күніне 4 рет көзге тамызуға

сонымен қатар «Қолданар алдында шайқаңыз!» деп көрсетілуі тиіс.


Ішуге арналған эмульсиялар
Emulsa ad usum internum
(Эмульсия-Nom.sing.Emulsum, Gen.sing.Emulsi)
Эмульсиялар – бір –бірінде ерімейтін сұйықтықтардан тұратын (май мен су) сұйық дәрілік түр. Эмульсияның сырт көрінісі сүт тәрізді болады. Эмульсияны дайындау әдісіне байланысты майлы (Emulsa oleosa) және тұқымды (Emulsa seminalia) деп ажыратылады. Майлы эмульсиялар сұйық майлардан: майсана (Oleum Ricini), бадам (Oleum Amygdalarum) және балық майынан (Oleum jecoris) және т.б. дайындалады. Май мен судан эмульсия түзілу үшін, майда тамшы пайда болғанша майдан эмульсия түзу қажет. Осы мақсатта майды арнайы зат – эмульгатормен араластырады. Эмульгатор ретінде шайырлар; мысалы, шабдалы шайыры (Gummi Armeniacae), сонымен қоса желатоза (Gelatosa) қолданылады. Егер рецепте майдың мөлшері көрсетілмесе, онда 10 бөлік майдан 100 бөлік эмульсия жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет