Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология


Рецепте 005 винкристин (Vincristinum)



бет24/27
Дата03.02.2023
өлшемі412 Kb.
#64929
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Рецепте
005 винкристин (Vincristinum) препаратының 6 ампуласына жазыңыз. Құты құрамын 5 мл залалсыздандырылған натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен ерітіп, 0,005 аптасына 1 рет енгізіңіз.



Rр.: дәрілік заттың атауы, бір ампуладағы мөлшерін көрсетеді,
D.t.d.N… in ampullis (.., ампулада осындай мөлшерде босат)
S. сигнатура жазылады. Сигнатурада дәріні еріту, енгізу жолы мен инъекция уақыты көрсетіледі.

Рецепт үлгісі
Rр.: Vincristini 0,005
Dа tales doses N.6 іn аmpullis
Sіgnа. Құты құрамын 5 мл 0,9% NaСl изотониялы ерітіндіде ерітіп,
аптасына 1 рет енгізіңіз.



Ампуладағы ерітінділер мен суспензияларға рецепте дәрілік түрдің аты:
40% 5 мл глюкоза (Glucosum) ерітіндісінің 10 ампуласына жазыңыз. 5 мл күре тамырға енгізу үшін белгілеңіз.



Rр.: Solutionis… (Ерітіндісін...), Suspensionis… (Суспензиясын,..),
дәрілік заттың аты, концентрациясы мен мөлшері,
D.t.d. N…in ampullis (... ампулада осындай мөлшерде босат)
S. сигнатура

Рецепт үлгісі
Rр.: Solutionis Glucosi 40% - 5ml
D.t.d. N.10 іn ampullis
S. 5 мл күре тамырға енгізу үшін.

2,5% 1 мл дезоксикортикостерон триметилацетаты (Desoxycorticosteroni trimethylacetas) суспензиясының 6 ампуласына жазыңыз. 1 мл 2 аптада 1 рет б/е енгізу үшін белгілеңіз. Қолданар алдында шайқаңыз.





Rр.: Suspensionis Desoxycorticosteroni trimethylacetatis 2,5% -1 ml
D.t.d.. N. 6 іn аmpullis
S. 1 мл 2 аптада 1 рет б/е енгізу үшін. Қолданар алдында шайқаңыз.

Өндірістерде дайындалатын арнайы атауға ие жаңа галенді препараттарға, сұйық органопрепараттарға; дәрілік заттардың ерітіндісіне рецепт үлгісі


1 мл жаңа галенді дигален-нео (Digalen-neo) препаратының 10 ампуласына жазыңыз. 1 мл күніне 1 реттері астына енгізу үшін белгілеңіз.



Rр.: сөзінен соң препараттың аты және оның мөлшері,
D.t.d. N... іn аmpullis
S. сигнатура

Рецепт үлгісі
Rр,: Digalen-neo 1 ml
D.t.d. N.10 іn аmpullis
S. 1 мл күніне 1 рет тері астына енгізу үшін.

Көптеген инъекцияға арналған дәрілік түрлер (ұнтақтар, ерітінділер, суспензиялар және т.б.) флаконда шығарылады. Флаконда қолданудың артықшылығы қолданар апдында асептикалық жағдайда дәрілік затты ерітіп, препараттың залалсыздығын сақтай отырып, бірнеше рет қабылдауға мүмкіндік береді.
Флакондағы дәрілік затқа рецепт ампуладағы дәрілік заттарға рецепт жазу ережелеріне ұқсас жазылады. Айырмашылығы D.t.d. N... соң ештеңе жазылмайды. («Флакон» сөзі еш жерде көрсетілмейді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет