Ғылым – бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.
Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.
Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта, басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.
Бүгінгі қоғамда барлық элементі мен салаларында ғылым мен техниканың маңызы зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның дамушы күші болып табылады. Дене және ой еңбегінің түрлері: медицина, транспорт, байланыс, адамның күнделікті өмірінде ғылыми-техникалық прогресс ерекше орын алады.
Ғылымның жіктелуі – белгілі бір принциптерге сүйенген өзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қорытындысы.
Материалды өмірдің әр түрлі ғылыми объектлерді зерттеуіне байланысты ғылым әр түрлі түрлерге бөлінеді.
Ғылым түрлерінің проблемасы – бұл ғылыми білім құрылымының проблемасы. Қазіргі жағдайын, белсенді дамуының тенденциясын дұрыс сипаттау үшін, тарихи тұрғыдан қарастыру керек.
XVI-XVII ғасырлардан бері ғылым объектісі бойынша емес, зерттеу бағытына қарай ерекшелінеді.
Мысалы, атом – физиканың да, химияның да объектісі қызметін атқарады, сол сияқты молекула – химияның да, физиканың да заты бола алады. Тірі организм биологияның, химияның, физиканың және кибернетиканың да заты бола алады.
Техникалық ғылымдар техникалық объектідегі табиғи дене мен құбылысының бағытталған өзгерісі туралы, құрастырушы-техникалық сала әдістері туралы, қоғамдық өндіріс жүйесіндегі техникалық объект функциялау әдістері туралы білімнің ерекше жүйесі.
Ғылыми зерттеу институттары жүйесінде, жоғарғы оқу орындарында, кітапханада және т.б. құрылуына байланысты ғылым әр түрлі түрлерге жіктеледі.
Жер туралы ғылым(геология, мұнай және газ кен орындарын іздеу және барлау, ұңғыманы бұрғылау мен игеру технологиясы, мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану, қазба байлықтардың теңіз кеніштерінде игеру технологисы, мұнай газ құбырының пайдалануы мен құрылысы, т.б.)
Қаржыландыру көздеріне байланысты ғылыми зерттеулер:
- мемлекеттік бюджетті
- өндірісті-келісімдік
- қаржыландырылмайтын
Мемлекеттік бюджетті ғылыми зерттеулер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады.
Өндірісті-келісімділік зерттеулері өндірісті келісім-шарт негізінде тапсырыс беруші мекеме қаржыландырылады.
Қаржыландырылмайтын зерттеулер келіссөз туралы келісім-шарт негізінде орындалады.
Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді:
1) бастамалы
2) қолданбалы
3) өндірулер
Бастамалы зертеулер табиғаттың жаңа заңдары мен принциптерінің пайда болуына негізделеді. Олардың мақсаты қоғамның ғылыми білімінің артуына себепші болу. Мұндай зерттеулер белгілі және белгісіздік шекарасында жүргізіледі.
Қолданбалы зерттеулер табиғат заңдарының жаңа тәсілдерін анықтаумен және салаларда қолданысымен байланысты.
Мақсаты – адам кәсібінде практикасында бастамалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми білімнің қолданылуы. Қолданбалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми түсінік негізінде техникалық түсінік пайда болады. Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде 3 түрге жіктеледі: