Кіріспе ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау


Татуластыруның қағидалары мен ерекшеліктері



бет6/12
Дата31.05.2022
өлшемі107,18 Kb.
#36087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ДР

1.3. Татуластыруның қағидалары мен ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша зерттелген ғылыми әдебиеттің талдау жасау мынадай қорытынды туындайды: татуластыру бұл бітімгерлік процесі, бітімгерлік қызметі (татуластыру).


Сонымен татуластыру бұл басқа да барлық қызмет түрі секілді арнайы қағидалар негізінде әрекет етеді. Татуластыруке тән жеке қағидалар заң жүзінде бекітілген Қазақстан Республикасының «Татуластыру туралы» Заңы қабылданғаннан кейін, бұл қызмет, яғни кәсіби делдалдық, түрін де дербес құқық саласы ретінде мойындауға мүмкіндік туды.
Бұл аталып отырған қағидалардың маңыздылығына еш күмән жоқ. Себебі;
1. Олар татуластырудың ары қарай дамуын алдын ала анықтап, татуластыруті қызметтің өзін өзі реттеуіне негіз бола алады және де медиатодың қатысуымен тараптарды достастыру барысында заңи түрде бағыт-бағдар береді.
2. Қағидаларды бөліп қарастыру татуластыруті басқа құқық салаларынан жеке сала ретінде қарастыруға болатындығын көрсетіп, оның ұйымдастыру ережелері мен ерекшеліктерін, құқықтық регламенттері мен өткізу процедураларын анықтауға үлесін қосады.
3. Татуластыру қағидалары тараптардың қақтығыстарын реттеу барысындағы тәжірибелік қызметтің түбінен бастау алады.
Осы аталғандардың барлығы татуластырудың қағидаларын зерттеп, талқылап, жүйелендіру үшін себеп болып табылады. Осыған байланысты, тағы бір айтып өтетін мәселе, құқық қағидалары жалпы құқық теориясында ғана емес, сонымен бірге салалық ғылым аясында да мұқият зерттеледі.
Азаматтық іс жүргізу құқықтарын терең зерттеген ресейлік ғалымдары, татуластырудың құқық қағидаларын құқықтың заңдылығын көрсетіп, жалпы құқықты, оның жеке салаларын және ірі құқықтық институттарды реттеп, бірыңғайландыруды қамтамасыз ететін жалпылама сипатты иеленген құқықтың мазмұнын, табиғатын және қоғамдағы орнын сипаттайтын басқарушы идея деп қарастырылды. Олар арбитраждық процестің қағидаларына анализ жасай отырып, арбитраждық процесс құқығының қағидаларына нақты анықтама беру мүмкін емес, себебі ол әрдайым толықтыруды қажет етеді деген түйін жасады [47]. Аталған ғалымдар, тәжірибе барысында өңделген арбитраждық процесс құқығының келесі қағидалары түсінігінің жалпы және маңызды жақтарын айрықша атап көрсетеді, яғни:
1) қағидалар – адамдық мәдениеттіліктің элементтерін иелене отырып, азаматтық іс жүргізу құқығының дамуы барысында пайда болған тарихи категориялар;
2) қағидалар – нормативтік сипатты иеленген, арбитраждық іс жүргізу құқығының нормаларында бекітілген идеялар; да бекітілген идеялар;
3) қағидалар құқық саласын заң жағынан ерекшелендіреді, онымен қоса арбитраждық іс жүргізу құқығын оның өзгешелігін көрсете отырып құқық саласы секілді сипаттайды.
4) жалпы соттарда, әсіресе, арбитраждық соттарда қағидалар жүйесінің қалыптасуына – халықаралық-құқықтық актілерінде, жекелегенде,
Қазіргі таңда кейбір ғалымдар қағидаларды қызметтің жеке түрі ретінде зерттеуге тырысып жатыр, яғни юрисдикциялық қызмет ретінде, дербес құқықтық феномен ретінде азаматтық юрисдикцияның қағидаларын бөліп қарастырады [48].
Татуластырудың қағидаларының бастапқы кезден қызметтің қағидалары ретінде болғандықтан, оларды дәл осы мағынада қарастыруды дұрыс болады деп ойлаймыз. Демек, татуластыру қағидаларына ұйымның негізін қалайтын бастама және құқықтық дауларды шешетін татуластырудың юрисдикциядан тыс шешетін татуластыруті жүргізу жолдары деген түсінікпен қарауға болады. Татуластыру мәслелері қарастырылатын құқықтық, заң әдебиетте қағидалардың ең көп түрлері көрсетілген. Бірақ, ғалымдар олардың барлығын емес нақты шеңбер ішіндегі қағидаларға тоқталады. Ғалымдарының еңбектеріне сәйкес, татуластырудың төрт негізгі қағидалары бар: еріктілік, кәсіби делдалдың әділдігі мен бейтараптылығы, тараптардың теңдігі, құпиялылық [49].
Ғалымдар жоғарыда атап өткендерден бөлек тағы да, тараптардың процедура нәтижесі шыққанға дейін толықтай қадағалауын, келісімдердің қарама-қарсы келетін сипатын, дауды бейбіт шешудегі өзара келісуге болатын мүмкіндіктер шеңберін де жатқызады [19,20]. Ресей құқығындағы кәсіби делдалдықты зерттеу институтының келешегін талдай келе, ғалымдар татуластырудың дамуы аталған институттың қағидаларына сай келуі керек деп атап көрсетті. Нақтылайтын болсақ: еріктілік, құпиялық, тараптардың теңдігі, кәсібі делдалдың бейтараптығы, кәсіби делдалдардың ақысы. Одан басқа, ғалымдар процедуранын бастамасы ретінде оның альтернативтілігін, яғни дауды шешудің соттық тәртібін, делдалдық соттан тыс өтетінін және заңмен қадағаланбайтынын ерекше айтып өтеді [35]. Басқа ғалымдар жеке процесі құқығының концепциясын дамыта отырып, дауды альтернативті шешу құқығының негізгі бастамасы ретінде сенімділікті, таңдау еркіндігін, келісімге тараптардың еркі негізінде келуін, құпиялықты, диспозитивтілікті, тараптардың процессуалды теңдігін, дауды реттеуді тараптардың әрекет етуімен іске асыруды санайды [50]. Кей бір авторлар тараптардың жауакершілігін, татуластырудың ашықтығын, процесін жұмсақтығын, ресми еместігін, міндетті түрде тараптардың қатысуын, жеке тұлғаға бағытталуын, бітістіру процесінда кәсіби делдалдардың жетекші рөлі қағидаларын бөліп көрсетеді [51]. Кез келген қызметтің ұйымдастырушылық негізі және іске асу тәртібі базасының болуын ескере отырып, татуластыру қағидаларын екі топқа бөліп қарастыруға болады [52]: а) ұйымдастырушы қағидалар - кәсібіи делдалдық өткізуді ұйымдастырудың ерекшеліктерін және оның қатысушыларының мәртебесін сипаттайтын; б) процедуралық қағидалар - кәсібіи делдалдық өткізу тәртібін сипаттайтын.
Алғашқы қатарына кәсіби делдалдың еріктілігі мен бейтараптылығы, ал екінші қатарға – құпиялық, дербестік, ынтымақтастық және тараптардың теңдігі.
Жоғарыда көрсетілген классификация кәсіби делдалдық қағидаларын жүйелендіруге, олардың өзара байланысын және өзара тәуелділігін анықтауға мүмкіндік береді. Қағидаларды жүйелеп талдау кәсіби делдалдық процесін ұйымдастыру мен өткізудің терең мағынасын, басқа дауды шешу мен реттеу жолдарынан ерекшелігі мен артықшылығын түсінуге, сондай-ақ заңи органдардың қызметіндегі кәсіби делдалдық процедурасының өркендеу шегі мен перспективасын анықтауды қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, аталып өткен қағидалардың көбісі мазмұны көп аспектілі екенін және кәсіби делдалды ұйымдастыру мен оны өткізу тәртібін қозғайтынын атап кету өте маңызды жағдай.
Еріктілік қағидасы – бұл қағида татуластыруті процесінің басталуы, өткізілу тәртібі, сондай-ақ қорытынды мен келісімді іске асыру да міндетті түрде бітімгерлікке қатысушылардың еркі бойынша жасалынуы тиіс. Аталып отырған қағиданың тараптарға ғана қатысты емес, сонымен қатар кәсіби делдалға да тікелей қатысты екенін жеке атап өтуіміз қажет.
Осы қағида тараптарға әр түрлі аспектілер бойынша әрекет етеді, яғни: 1. Татуластыруті бастамасы тек тараптардың өзара келісулерінің негізінде ғана іске асады. Ешкім татуластыруті қолдануды міндеттей алмайды [53]. Осының негізінде татуластырудың біз тоқталып отырған қағидаларының бірі третейлік сотқа жүгіну процесіне ұқсас. Дегенмен, істі сотта қарау мен шешу процесінен айырмашылығы, бір тараптың кәсіби делдалға жүгінуі екінші тараптың да міндетті түрде татуластыру процесіне қатысуына міндеттемейді.
2. Татуластыруті жалғастыру да тараптардың еркіне тікелей байланысты. Ол дегеніміз, кез келген қатысушы процедураны тоқтатып, біржақты бас тарта алады.
3. Татуластырудың нәтижеге қол жеткізу үшін сыртқы қысым көрсетуге тыйым салынады. Сондай-ақ, тараптардың кез келгені бітімггершілік негізінде шешілген даудың шешімін қабылдауға немесе одан бас тартуға мүмкіндігі болуы керек. Бұл аспектіде татуластырудың еріктілік қағидасы келісім шарттың еркін қағидасы сипатында көрініс табады.
Осы аталып өткен барлық талаптар сақталынатын болса, татуластырудың абсолютті еріктілік қағидасы жайында айтуға болады. Бірақ, тәжірибеде аталып отырған қағида жекелеген түрде ғана іске асады. Осыған сәйкес татуластырудың еріктілік қағидасының мүмкіндіктері мен шегі жайлы сұрақтар туындайды.
Татуластыру процедурасының мәселелеріне байланысты, әдебиеттерде, татуластыруті өткізуді міндеттеуге рұқсат деген пікірлер айтылады. Сонымен қоса, міндетті татуластыру концепциясын ұстанушы тараптар өз позицияларын қолдау мақсатында мынадай аргументтерді келтіреді:
1. Міндетті татуластыру, істі соттық процесте шешуге қарағанда, кейбір дауларды реттеуде тиімді болып келеді. Сонымен қатар, тағы тараптар татуластыру процедурасын бастайтын болса қауіпті сезінеді, себебі мұндай ұсыныс өз позициясын толықтай ұстап соны қорғап шығуына деген сенімі аз болуы мүмкін екендігін сездіреді. Татуластыруті өткізуге объективті қарау осы қиындықты шешуге көмектеседі.
2. Міндетті татуластыру процедураны қоғамның арасында қолданысқа енгізуді тездетеді.
3. Міндетті татуластыру болып жатқан дауды шешуді әдетке айналдыруды тез қалыптастырады және соның негізінде жеке және әлеуметтік трансфорцияға жетуді қамтамасыздандырады.
4. Соттық татуластырудың кез келген тізімі нақты бюджеттік қаржыландыруды талап етеді, бұл татуластыруке міндетті түрде сілтеме жасау тиімдірек болады деген сөз, себебі қаржының көп бөлігі шешілген іске жұмсалады [50].
Дегенмен, мұндай міндеттеу татуластырудың табиғатына қарсы әрекет екендігін мойындамауға болмайды. Заңда қарастырылған процедураларға қарағанда, бітістіру идеясын көбірек кәсіби делдалды еріктілігі сипаттайды.
Ал басқа қырынан қарайтын болсақ, бітістіру процесінің дамуына кедергі келтіріп отырған мәселенің бірден бірі – халықтың арасындағы ақпараттандырудың мүлде аз екендігі мен кәсіби делдалдық мамандықты маңызды мамандық ретінде санамауы болып отыр. Қазіргі таңда ресми статистикалық мәліметтіне сәйкес, кәсіби делдалмен кеңес жүргізу барысында тараптардың тоқсаң пайызы татуластыруке қатысуға келісім берген. Демек, татуластыру процедурасын дамытудың алғашқы сатыларында даулы құқықтық қатынастың субъектілеріне татуластырутіның артықшылықтары мен мүмкіндіктерін жете түсіндіре отырып, оларды толықтай ақпараттандыру қажет, сондай-ақ оны қолдану тәжірибелерін кеңінен таратуға ынталандыру қажет. Бұл мақсатты іске асыру үшін еріктілк қағидасына кішкене шектеу қоюға болады, яғни мысалы, тараптарға міндетті түрде бітістіру процедурасы туралы ақпарат беру керек.
Қазақстан Республикасының «Татуластыру туралы» Заңның 4-бабында мынадай татуластыруны жүргізу қағидаттары аталған [10]:
1. Еріктілік. Бұл тараптардың Татуластыру туралы шартта көрсетілген өзара ерікті ниет білдіруі татуластыру рәсіміне қатысудың шарты болып табылады. Татуластыру тараптары оның кез келген сатысында татуластырудан бас тартуға құқылы. Татуластыру барысында тараптар өз қалауы бойынша өздерінің материалдық немесе процессуалдық құқықтарын иеленуге, талаптар мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе даудан (дау-шардан) бас тартуға құқылы. Тараптар мен үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын, заңда көзделген де, заңда көзделмеген де өзара қолайлы келісім нұсқаларын талқылау үшін мәселелерді таңдауда тараптар еркін болады.
Ерікті татуластыру бағдарламасы мазмұны талап өндіріс туралы шағым келіп түскеннен кейін тараптарға Татуластыру туралы ақпарат және сол процедура бойынша істі шешіп көруге кеңес беріледі. Кәсіби делдалға жүгіну туралы шешімді тараптар өздері қабылдайды. Процедура, ережеге сәйкес, сот процесі аяқталғаннан кейін сот мекемесіндегі арнайы жеке кабинетте шамамен үш сағаттың ішінде жүргізіледі.
Ал квазиміндетті татуластыру бағдарламасы айына жүз іс бойынша соған қатысты тараптарды автоматты түрде татуластыруке жіберуді жоспарлайды. Дегенмен тараптар мұндай процедурадан бас тартуға құқылы. Ол жағдайда іс қайтадан сотта қаралатын болады. Бірақ татуластырутен себепсіз бас тартқан жағдайда, сот жеңген тараптан сот шығынын толықтай қайтарып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет