4. Татуластыру рәсіміне араласуға жол бермеушілік. Заңның 7-бабына сәйкес татуластыруті жүргізу кезінде кәсіби делдалдың қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендерден басқа жағдайларда, жоғарыда аталған адамдар тарапынан араласуына жол берілмейді.
5. Құпиялық.Бұл қағида өте маңызды, өйткені татуластыру процесіне қатысушылардың өздеріне татуластыру барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген татуластыру тарапының жазбаша рұқсатынсыз жария етуге құқылы емес. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендерден басқа жағдайларда, кәсіби делдалдан татуластыру барысында белгілі болған мәліметтер туралы куәгер ретінде жауап алуға болмайды. Татуластыруке қатысушының өзіне татуластыру барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген татуластыру тарапының рұқсатынсыз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл қағиданың маңыздылығы татуластыру процедурасын өткізу барысындағы құжаттар, мәліметтер, пайдаланылған материалдар, ауызша ақпараттардың барлығы егер тараптардың келісімі болмаса жарияланбайтындығында.
Құпиялық қағидасының сақталуы кәсіби делдалдың міндеті болып табылатыны кәсіби делдалдың ережесіне арналған. Құпиялық қағидасы третейлік өндірістің қағидасымен ұқсас болып келеді. Дегенмен, талдауға түсіп отырған қағиданың ерекшелендіретін белгілері бар және оларды келесідей сатыларда қарастыруға болады: ішкі және сыртқы.
Қағиданы сыртқы сатыда қарастыратын болсақ, татуластыруның барлық өткізілу уақытында құпия түрде сақталады. Тек заңда көрсетілген немесе тараптар қарсы болмаған жаңдайда ғана жариялауға тыйым салынбайды.
Ішкі саты бйынша қағиданың әрекеті ақпараттарды пайдалану сол татуластыру процедурасының шегінде ғана қолданылуы [10].
Қазақстандық тәжірибеден құпиялық қағидасының абслюттік әрекет етуін шекетейтін жағдайлар орын алады. Оның себебі тараптардың бірінің заңсық әрекеттерінен зардап шеккен екінші тараптың құқығын қорғау мақсатында. Мұндай жағдайларда, ережеге сай, зардап шеккен субъекттің құқықбұзушылықтың әсерінен келген зиянның орнын қалпына келтіру керек.
Осы татуластырудың қағиданың маңыздылығын қорытындылай келсе, құпиялық қағидасы татуластыру процедурасының артықшылығы деп айтуға болады.
Тараптардың теңдігі және ынтымақтастық қағидасы. Бұл қағиданың түбінде жатқан мәселе дауды реттеу процесінде тараптар бір бірімен татуласу мақсатында қатынас құруы тиіс. Сот процесінен татуластырудың артықшылығы, тараптар бұл процесте өз позицияларын дәлелдеулері міндетті болмайды және қажет етпейді, керісінше екі жақты да қанағаттандыратын бір шешімге келуді жоспарлайды [14].