Гигиена ғылымының қолданатын әдістері. Гигиенаның бағыттар іске асыруда бірнеше тәсілдерді пайдаланады. Олар: физикалық, химиялық, бактериологиялық, физиологиялық. Осы тәсілдердің негізгі мақсаты — адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторлары мен ішетін тағамдарына, тұратын мекен-жайларына санитарлық-гигиеналық сипаттама беру.

Санитарлық-гигиеналық әдіс
Санитарлық-гигиеналық әдіс — негізгі мақсаты сулар жиналатын жерлердің, өзен-көлдердің санитарлық сипаттамасын беру, судың неше түрлі жүқпалы ауру тарататын микробтармен және радиоактивті заттар мен түрлі химиялық улармен ласта-нуының себебін табу, оның сипатын анықтауға сөйкес ластанудың жолдарына заңды түрде тосқауыл қою, тәртіпке шақыру, экологиялық сараптамалар жүргізу арқылы адамдардың денсаулығына келетін зиянды әсерлерін тоқтатуға мүмкіндік береді.
Физикалық әдіс
Физикалық әдіс — оның негізгі мақсаты - ауа температурасын, ылғалдылығын, ауа қысымын, күн сәулесініц (радиациясын) өлшеп анықтап, зиянды әрекетін халыққа түсіндіру.
Химиялық әдістер
Химиялық әдістер — оның негізгі мақсаты атмосфералық ауаның, ішетін ауыз судың, жердің, азық-түліктің химиялық құрамын, олардағы адам ағзасына зиян келтіретін химиялық қосылыстарды органикалық уларды (гербицидтерді, пестицид-терді нитраттарды, нитриттерді фосфориттерді және т.б.) анықтап халыққа түсіндіру.
Биологиялық әдіс
Биологиялық әдіс. Оның мақсаты су қоймаларының жағдайларын зерттсп, ондағы су өсімдіктерінің физиологиялық рөлін анықтау.
Бактериологиялық (микробиологиялық) әдіс
Бактериологиялық (микробиологиялық) әдіс. Оның мақсаты — судағы, атмосфералық ауадағы, жердегі, азық-түлік құрамындағы жұқпалы ауру тарататын микробтарды анықтап, олардан құтылудың жолдарын саралап береді.