Кіріспе. Гигиена негізгі алдын алу пәні ретінде. Мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері. Медициналық білімдер жүйесіндегі гигиенаның ролі. Су денсаулық факторы ретінде. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу



бет10/11
Дата17.10.2023
өлшемі326,72 Kb.
#117701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
327839.pptx

Жанаспалы мөлдірлендіргіш.
1 - желоба; 2-құм; 3 - суды жіберу; 4 - мөлдірленген суң; 5 - ағындар.
Суды залалсыздандыру әдістері. Идеалды түрде оның кұрамында микроорганизмдер мүлдем, әсіресе патогенді түрлері болмауы керек. Бірақ қазіргі жағдайда барлық табиғи сулар, соның ішінде жер асты суларында тәжірибе жүзінде микроорганизмдердің аздаған саны бар, сондықтан сирек жағдайда ауыз суды стандартқа дейін жеткізуге талап қойылады. . Айтылған қорытынды бойынша бірінші орныдағы жоспарға ауыз суды залаласыздандыруды жетілдірілген әдістерінен гигиеналық бағалауды шығарады.
Көптеген зертеушілер залалсыздандыру әдісін шартты түрде реагентті (химиялық), реагентсіз (физикалық) және комбинирленген түрлерін ажыратады. Химиялық әдіске хлорлау, озондау, сутегінің асқын тотығын пайдалану, ауыр металдардың иондарымен өңдеу, әсіресе қүміспен және мыспен өндеу, иодты және тағы басқа препараттарды қолданады. Алғашқы әдіс ірі су құбырларында кең таралған, ал басқа тәсілдер жиі аз көлемді суды немесе дала жағдайында суды залалсыздандыру үшін қолданады. Жалпы күрделікте суды залалсыздандыру үшін жиі химиялық металдар қолданылады.
Ереже бойынша, ірі су құбырларында газ тәрізді хлор қолданылады, ол онда сүйытылған түрде баллондарда жетікізіледі, ал залалсыздандыру алдын-ала газ тәріздіге айналады. Хлорлы әк кальцийдің хлорсутектік және хлорлы қышқылды қосылысы болып табылады және 35%-ке дейін активті хлорды құрайды. Әкті ұзақ сақтағанда және жарықта оның саны азаяды. Гипохлориттер хлорланған қышқылдың натрий және калий тұздары болып табылады, оларды арнайы қондырғыларда қайнатылған тұздарды электролиздеу арқылы ендіреді..
Активті хлор түсінігі барлық жағдайда хлорлы қышқыл (НОС) және гипохлорит-ионының (ОСL) хлор және оның қосылыстарының гидролизі кезінде түзілетін хлорлы қышқыл және гипохлорит-ионының болуына байланысты. Активтірек бактерицидті әсерге, әдетте тұрақсыз және ыдыраған кезде активтілігі азырақ гипохлорит-ион түзетін хлорлы қышқыл ие болады. Бірақта, рН көрсеткіші төмендегенде қышқылдың ыдырауы да төмендейді және бұл кезде бактерицидті әсері күштірек болады. Судың хлормен залалсыздандырудын бірінші тәжірибелерінде-ақ, оның белгілі бір белігінің тек микроорганизмдермен емес, сонымен қатар судағы басқа да заттармен жұтылатыны байқалды. Бұл құбылыс хлорды жұту немесе хлорға қажеттілік деп аталған.
Оптимальді бактерицидтік әсері үшін суға енгізілген хлордың мөлшері сіңірілген препараттың мөлшерін тек арттырып қана коймай, қалдық хлор деп аталатын біраз артық мөлшерін де құрмау керек. Белгілі бір әсер ету уақытынан кейін қалдық хлордың мөлшері бойынша, қажетті бактерицидті әсері туралы айтуға болады.
Залалсыздандырылған кезде қалдық хлор суда бос және байланысқан түрде болады. Бос хлордың активтілігі байланысқан түріне қараганда 2 есеге жоғары. Бұл кезде қалдық хлордың өлшемі мен түрі препараттың енгізілген дозасына байланысты. Хлордың аз мөлшері судағы органикалық заттармен сіңіріледі. Мөлшері жоғарылаған кезде қалдық байланыскан хлор түзіледі (хлораминдер). Мөлшерінің ары қарай көбеюі байланыскан хлордың белгілі бір деңгейге дейін азаюына, ал кейін бос қалдық хлордың артуына әкеледі.
Ізінше, залалсыздандыру аяқталғанда суда қалдық хлор бос күйінде де, байланысқан түрде де болады. Оптимальді болып, суда 30 минут әсерлескеннен кейін 0,3-0,5 мг/л мөлшерде немесе 60 минуттан кейін каддық бос хлордың мөлшері болып табылады. Әсерлесу 0,8-1, 2 мг/л концент-рациясындағы қалдық байланысқан хлор. Хлор бактериялардың тыныстық тізбегінің ферменттерінің активтілігін тежеқді дегидрогеназалардың, сульфгидрильді топтарды тежейді.
Мұнай өнімдері мен фенол қоспалары бар суды хлорлау өткір хлорфенолды иістің пайда болуына әкеледі. Одан арылу үшін хлорлаудан бұрын суға хлораминдер (байланысқан хлор) түзілуіне әкелетін аммиак тұздарын енгізеді. Бұл процесс преаммонизациямен хлорлау деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет