Кіріспе. Гигиена негізгі алдын алу пәні ретінде. Мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері. Медициналық білімдер жүйесіндегі гигиенаның ролі. Су денсаулық факторы ретінде. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу
Кіріспе. Гигиена негізгі алдын алу пәні ретінде. Мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері. Медициналық білімдер жүйесіндегі гигиенаның ролі. Су денсаулық факторы ретінде. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу. 2017-2018 оқу жылы 3 курс ЖМФ
Жоспары
Гигиена-медицинадағы негізгі алдын алу пәні ретінде.
Судың физиолоиялық маңызы. Суды санитарлық–тұрмыстық және сауықтыру мақсатында қолдану. Су тұтыну нормалары.
Жұқпалы және паразитарлық аурулардың берілуінде және таралуындағы судың ролі.
Суларды химилық ластаушы негізгі көздері және табиғаты антропогендік кең таралу алған ең қауіпті химиялық ластаушылар.
Су нысандарын қорғау. Сумен қамтамасыз ету жүйелері.
Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су көздерін таңдау. Орталықтандырмай сумен қамтамасыз ететін судың сапасына қойылатын гигиеналық талаптар.
Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді;
Гигиена ғылымы эксперименталдық және клиникалық медицина, оның ішінде кәсіби аурулар мен жұқпалы ауруларды зерттейтін ғылыми бағыттарды, биология, химия, физика, климатология, т.б. ғылым салаларының жаңалықтары мен жетістіктерін пайдаланады.