Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет30/39
Дата09.02.2023
өлшемі186,15 Kb.
#66547
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
Байланысты:
утетілуова эльмира

...Жарайды.

Ауызша сөйлеу стилизациясы қызметі көбіне көркем шығармада көптеп кездеседі. Сөйлемдегі кідірісті жазушы ауызша сөйлеу стилистикасы арқылы қолданады. Паузацияны драматург күрделі кітаби құрылымды айтарлықтай қысқа бөліктерге бөлу үшін пайдаланады.
Кідіріс жекелеген сөйлемдерді біртұтас күрделі құрылымға біріктіреді, ол сөйлеу мәнерінің сипаттық белгісі болып табылады.
Көркем диалогте көңіл-күйді күшейту үшін кітаби синтаксистік құрылымға қаратпа сөз қолданылады.

  • Қарағым, менің отырысым мынау.

  • Апа, не дейсің маған? Өзімнің жүрсімді көріп отырсың, міне.

Көркем диалогте кітаби синтаксистік құрылым аяқталмаған сөйлем қызметін атқарады.
Сонымен, көркем диалогте кітаби синтаксистік ой-пікір айтылады, алайда олардың саны аса көп емес. Көркем диалогте кітаби диалогтердің атқаратын қызметі пьеса жанры мен тақырыбына байланысты, ол авторлық жеке ойға негізделеді.
Көркем диалогтегі кітаби синтаксистік құрылым қызметіне пьеса тілінің ерекшелігі әсер етеді. Бір жағынан қарағанда кітаби құрылым күрделі сипаттағы құрылым ретінде қолданылуы мүмкін. Екінші жағынан кітаби құрылымдар трансформацияланып, өзінің стилистикалық ерекшелігін жоғалтады.
Стильаралық және кітаби синтаксистік құрылымдардың көркем диалогте кеңінен қолданыс табуы синтаксистік құрылысқа ие болады, олардың қолдану саласы көбінесе сөйлеу мәнерімен байланысты болады.
Сөйлемдік синтаксистік бөлшектердің көркем диалогте түсіндіріліп жазылуы сөйлеу құрылымының пьесада қолданылу мүмкіндігі жоқ айрықша сөйлесу құрылымынан айырмашылығын қажет етеді.
О.А.Лаптева ауызекі сөйлеу құралының орыс көркем әдебиеттерінде ерте замандардан бері бар екені жөнінде ой айтады [36, 33-40]. Ол аталмыш құрымды екі қатпарға бөлген. Сөйлеу құралының бірінші қатпары көркем әдебиет тілінің көмегімен жазбаша-әдеби тілде қолданылу құқығына ие болды. Ол орыс көркем әдебиетінің сөйлеу типінің негізін құрайды және барлық сөйлеу құралдарының кең мағыналы, маңызды бөлігі болады. Екінші қатпар, зерттеушінің ойынша, ауызекі сөйлеудің сипатталуының айрықша құрылымдарынан тұрады, оның өмір сүруінің ауызекі формасымен байланысты, көркем мәтіннің ішінде емін-еркін қолданыла бермейді.
Біз жинақтаған материалдарды да екі ірі топқа бөлуге болады: 1)көркем диалогте кеңінен қолданылатын сөйлем құрылымдары, көркем әдебиет тілінің жалпы қабылданған құрылысына айналды, сөйлеу мәнерімен генетикалық байланысты және көркем әдебиетте соның манифесті қызметін атқарады; 2) сөйлеу мәнерінің айрықша құрылымдары көркем диалогте көп кездеседі, немесе белгілі бір себептермен онда мүлдем кездеспеуі де мүмкін.
Көркем диалогте жиі қолданылатын сөйлем құрылымының құрамына толымсыз сөйлемдер көптеп кездеседі. Қазіргі лингвистикада толымсыз және эллиптикалық сөйлемдердің қатынасы жағынан мәселе
дау тудыруда. «Эллиптикалық сөйлем» термині әр түрлі мағына береді: «толымсыз сөйлем» терминінің орнына қолданылады, толымсыз сөйлемдердің сан түрлі екендігін көрсетеді; толымсыз сөйлемдерге ұқсас келетін сөйлемдер типінің атауы қызметін атқарады. Эллиптикалық сөйлемдердің сан алуан түрлері бөлініп шығады. Эллипсистер базасында дербес құрылымдардың әрекет ететінін атап өткен жөн. П.А.Лекант бұл терминнің тар, арнайы мағынасын қабылдайды: сөйлемдегі етістіктік тіркестердің қысқартылуы, етістікті компоненттерін жояды [37, 59]. О.Б.Сиротинина эллепсисті кең мағынада талқылайды [37, 95 ].
Көркем шығармалардың тілінде контекстуалды эллиптикалық құрылымдар кең тараған.
Алайда, көркем диалогте ситуациялық эллиптикалық құрылымдар да кездесіп отырады. Драматург пьеса мәтініне ситуациялық эллиптикалық құрылымды енгізе отырып, оның мағынасын ремаркамен түсіндіруге тиіс болады.
Көркем диалогте ауызша ой бөлісулер көп кездеседі.
Біз барлық шаруаны қойып, тойға дайындықты бастайық.
Бастасаң қайда жүрсің, баста.
Жалғыз адам бітіретін шаруа емес. (С.Балғабаев. «Ең әдемі келіншек»).
Көркем диалогте сондай-ақ, ұстанымдары бар ойды жеткізулер де кеңінен қолданылады, оның қасиеттері ауызша диалогке ұқсас келеді. Мысалы:

  • Бүгінгі жиналыста сөйлеуге тура келіп тұр.

  • Білмеймін, осымыз дұрыс па?

  • Болар іс болды, мойынмен көтеруге тура келеді.

Бөлшектеп құрастыру, одағайларды қолдану тәсілдері көркем диалогке тән құбылыстар.

  • Пай-пай, отырысын, өзінің?!

  • Бүгін өзің көңілдісің ғой, жақсылық хабар естиміз -ау ,е?

  • Пах, көріпкелдігің ұстап отыр ма?

  • Е...

  • Тыңда... . (С Балғабаев. «Ең әдемі келіншек»).

Шығарма тілінде шылаусыз бағыныңқылы үлгілер түрінде сөйлем құрылыстары, қосымшалық құрылымдар, тақырып атаулылығы мен құрылым түріндегі сөйлем құрылымдары қызмет атқарады. Көркем әдебиет тілімен релятивтер түріндегі ауызша диалогтердің айрықша түрлерінің пайда болуы терілген. Көркем диалогте вокативтер де қолданылады. Көркем диалогте сөйлеу мәнерін стилизациялаудың кең тараған тәсілдері, кідірістер, аяқталмаған сөйлемдер болып табылады.
Кең тараған, көркем диалогпен игерілген ауызша синтаксистік құрылымдар осындай болып келеді.
Сөйлемдік синтаксистік құрылымдардың екінші тобы шығармалардың тілінде қолданылмайды, олар ауызекі және жазбаша сөйлемдерді ұйымдастырудың түрлі принциптерімен байланыста. Осы түрдегі ой-пікір айтудың қатарына интерференциясы бар құрылымдар да кіреді, олар еркін бірігулермен байланысты; мағыналы ұстанымдары бар құрылымдар; перспективті-ретроспективті ой білідірулер; полипредикативті және қарапайым дамушы ой-пікір білдірулер; макроконтекстік; визуалды-сезімдік, жеке апперцепциондық пікір айтулар; күрделі кешендік жағдайға сүйенетін құрылымдар. Алайда, атап өту керек, ауызекі және жазбаша сөйлемдер бір-біріне жақындауын жалғастыруда, драматургтар сөйлеу мәнерінің синтаксистік құрылымының ауқымын кеңейтуге тырысуда.
Көркем диалогтің синтаксистік құрылымының стилистикалық сиппаттамасы келесідей түрде бейнеленеді. Көркем диалогта өте кең тараған стильаралық сөйлемдер болып табылады [38, 96]. Түрлі авторлардың пьесалары стильаралық және сөйлемдік синтаксистік қүрылымдардың түрлі қатынасын береді. Көркем диалогте шынайы тірі диалог тудыру үшін сөйлемдік синтаксистік қүрылымдар пайдаланылады. Алайда сөйлемдік диалогтің барлығы да драма тілінде кездесе бермейді. Көркем диалогте кеңінен қолданылатын сөйлемдік синтаксистік қүрылымдағы топтар бөлініп шығады. Олардың қатарында іс-жүзінде көркем диалогте қолдану мүмкін емес бірқатар құрылымдар да бар.
Біз жинақтаған материалдарды да екі ірі топқа бөлуге болады: 1) көркем диалогте кеңінен қолданылатын сөйлем құрылымдары. Олар көркем әдебиет тілінің жалпы қабылданған құрылымына айналды, ауызша сөйлеу мәнерімен генетикалық байланысты және көркем әдебиетте соның манифесті қызметін атқарады; 2) ауызша сөйлеу мәнерінің айрықша құрылымдары, ол көркем диалогте көп кездеседі немесе белгілі бір себептермен онда мүлдем кездеспеуі де мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет