Байланысты: «Төтенше жағдайды жоюды ескерту жөніндегі мемлекеттік жүйесі» Эссе
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай – стихиялық зардаптан (жер сілкінісі, сел, су тасқыны және т.б.) табиғи өрттерден, эпидемиялар мен эпизоотиялармен, ауыл шаруашылық дақылдары мен ормандардың аурулар мен зиянкестердің жоюынан туындайтын төтенше жағдай.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өндірістік, көлік немесе басқа апаттар, өрттер (жарылыстар) қатты әсер етуші улы заттардың ауаға таралуы апатынан, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауы, плотиналардың бұзылуы, электроэнергетикалық және өмір сүруді қамтамасыз ететін басқа коммуникацияларға тазалау құрылыстарындағы апаттардың негізінде туындайтын төтенше жағдай. Төтенше жағдайдың басты анықтаушы элементі оның бүлдіру аясының және шығын келтіру көлемі болып табылады. Төтенше жағдайларды осындай негіздерге ала отырып, түрлерге жіктеуге болады. Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:
1. Пайда болу саласы;
2. Ведомстволық қатыстылығы;
3. Аймақтық таралуы.
Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайларды мынадай етіп жіктеуге болады:
табиғи;
техногенді;
жанжалды.
Табиғи төтенше жағдайларға мынадай құбылыстарды жатқызуға болады:
геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан);
геологиялық қауіпті құбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, тастың құлауы);
метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық, аяз және т.б);
теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар (теңіз деңгейінің қатты құбылуы, мұздар арыны және т.б.)
гидрологиялық қауіпті құбылыстар (су басу, тасқындар, грунтті сулар деңгейінің көтерілуі);
табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектік);
адамдардың жұқпалы ауруларға шалдығуы (эпидемиялар);
ауылшаруашылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотиялар);
транспорттық авариялар (темір жол поездар, теңіз және өзен қайықтар аппараты, әуе апаттары, автомобильді авариялар (апаттар), магистральді өткізу құбырларындағы авариялар);