Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет2/5
Дата26.04.2023
өлшемі35,02 Kb.
#87346
1   2   3   4   5
Байланысты:
«Төтенше жағдайды жоюды ескерту жөніндегі мемлекеттік жүйесі» Эссе

Жұмыстың міндеттері:
-Төтенше жағдай дегеніміз - мемлекеттің арнайы уәкілетті органдары жүзеге асыратын еліміздің демократиялық қалыптарына немесе т.б. сипаттағы аясы үлкен қауіптерді жою барысында қолданылатын айрықша шараның көрінісі;

  • Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлар жөніндегі органдар еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты, қалыптасып, орнығып, бірнеше сатыдан өтіп келе жатқан күрделі жүйеден тұрады;

  • төтенше жағдайлар жөніндегі органдар қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық базаға сүйенетін күрделі жүйенің көрінісі болып табылады;

Негізгі бөлігі
1.1 Төтенше жағдайды жоюды ескерту жөніндегі мемлекеттік жүйесі
Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік органдардың қызмет ету аясын тану үшін және олардың мақсат міндеттерін терең түсіну үшін төтенше жағдайдың табиғатын, оның қалыптасу жолының кейбір қырларын және оның ерекшеліктерін айқындап, ашып алуымыз қажет. Сонымен қатар, төтенше жағдай мәселесін теориялық құқықтық бастаулары осы күнге дейін әлі өзінің бағасын, отандық заң ғылымында ала қойған жоқ. Осы жағдайлардың барлығы бізді төтенше жағдайдың табиғатына терең үңілуге жетелейтіндей.
Төтенше жағдай институты бірнеше ғасырды басынан өткеріп, дамып келе жатқан ерекше институттардың бірі болып табылады. Төтенше жағдай институты әрбір мемлекеттің тәжірибесінде әрқалай әр негіздерде дамыған болатын. Міне, осы ерекшеліктерді аша отыра ғана, біз жалпы төтенше жағдай институтының елімізде құқықтық тәжірибесінің қалыптасуын ашып көрсете аламыз. Мемлекеттік құқықтық механизмде төтенше жағдай институты көптеген батыс елдерінде абсолюттік монархия ыдырап, шекті монархияға өту барысында орныға бастады. Себебі, абсолюттік монархия өзінің қолына мемлекеттік биліктің барлық тұтқасын жинағандықтан да, төтенше өкілеттіктерді билік иесі қажет етпеді, екінші жағынан алып қарағанда, билік басындағы тұлғаның қызмет аясы ешқандай құқық нормасымен де шектелмеді және оны қажетсінбеді де. Алғашқы төтенше жағдай жөніндегі актінің өмірге келуін А.М. Домрин былай сипаттайды: Мәселен, Ұлыбританияда төтенше жағдайлар режиміне арналған алғашқы сот шешімі, кей жағдайларды оны “Су кемелерінің ақшалары жөніндегі іс” деп атайды. ол Яғни, 1637 жылы қабылданған заңи буржуазиялық революцияға дейінгі не бәрі бірнеше жыл бұрын. Бұл оймен келісе отыра, сөз етіп отырған институттың қоғам дамуының ерекше сатысына өту барысында өмірге келгендігін байқаймыз. Бұл кезеңдерде өкілдік билік адам құқығы деген мәселе де қоғамда маңызды орынға ие бола бастады. Осы мәселемен айналысып жүрген Ресейлік ғалымдардың бірі И.В. Гончарев бұл институттың өмірге келуін нақты былай сипаттайды: дегенмен де аталған құқықтық режимді сипаттайтын алғашқы парламенттік актілер еуропаның көптеген мемлекеттерінде тек ХІХ ғасырдың ортасы мен екінші жартысында қабылданды. Бұл орайда үздік Француздық тәжірибе болып табылаьын 1857 жылы Пруссияда төтенше жағдайлардың құқықтық режимін сипаттайтын заң қабылданды, ондай заң 1869 ж. – Австрия – Венгияда, 1870 ж. – Испанияда. Бұл оймен келісе отыра, өзімізге жақын Ресей тарихында төтенше жағдай мәселесін ғылыми тұрғыда кім айқындауға ұмтылғандығына келетін болсақ, төтенше жағдайдың ғылыми негізін қалауға ұмтылған алғашқы ғалымның бірі, В.М. Гессен болып табылады. Ол өзінің 1908 жылы Санкт-Петербургте шыққан еңбегінде айрықша жағдайды қарай отыра, оны былай айқындайды: “ мемлекеттің өмір сүруіне іштей немесе сырттай қауіп төнген жағдайларда үкімет билігімен берілген ерекше өкілеттіліктер жиынтығы”. Төтенше жағдайлар мәселесі жоғарыда айтып өткеніміздей, алғаш ағылшын дерегінде құқықтық негізделсе де, оның қазіргі кезеңдегі ортақ негізгі белгілері Францияның тәжірибесінде орныққан болатын. Сол Францияның тәжірибесі қазіргі дамыған елдердіің төтенше жағдайлар мәселесіндегі заңнамасының негізін қалауда. Бұл ортақ белгілер мыналар болып табылады:
1. Қауіпсіздік пен тәртіпті қорғауға бағытталған азаматтың билік толығымен әскери биліктің қолына берілуі. Бұл орайда азаматтың билік қызметін тоқтатпайды, тек әскери билік алып қоймаған қызметтерді жүзеге асырады;
2. әскери билікті полициялық сипаттағы төтенше өкілеттіліктерімен рәсімдеу, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының шектелінуі.
3. республиканың қауіпсіздігіне қарсы, конституцияға қарсы, тәртіп пен қоғамдық тыныштыққа қарсы бағытталған қылмыстар мен теріс қылықтар, олардың басты кінәлілері мен қатысушыларының роліне қарамастан істер әскери соттардың қарауына беріледі. Көрсетілген жағдайлардың барлығы қазіргі кезеңдегі әлемдік тәжірибенің төтенше жағдайлар мәселесіндегі айқындаушы көрсеткішіне айналды.
Төтенше жағдай – белгілі бір аумақта авария нәтижесінде адамдардың өліміне алып келген немесе алып келуі мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық объектілеріне зардап келген, халықтың өмір сүру жағдайларына үлкен көлемде материалдық зардап пен бұзылуына алып келетін апатты немесе қауіпті жағдай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет