Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет4/5
Дата26.04.2023
өлшемі35,02 Kb.
#87346
1   2   3   4   5
Байланысты:
«Төтенше жағдайды жоюды ескерту жөніндегі мемлекеттік жүйесі» Эссе

ҚОРЫТЫНДЫ
Төтенше жағдай институтына байланысты қандай көзқарас қалыптаспасын және оны тәжірибеде қалай қолданбасын, бүгінгі күні төтенше жағдай институты ғана, қылмыстық сипаттағы және табиғи техногендік сипаттағы бірімен-бірі байланысты екі міндетті шешуге қабілетті. Біріншіден, барлық күш-құралдарды топтастыра отыра, мемлекеттік биліктің тиісті органдардың өкілеттігін кеңейте отыра, туындаған жағдайдың себеп-салдарын жою, екіншіден билік органдарының төтенше жағдай кезінде өкілеттіктерін кеңейту заңға қайшы келмей, тиісті құқықтық режимді қамтамасыз етуді мақсат етеді.Төтенше жағдайды саралап қарай келгенде, жалпы бұл әкімшілік-құқықтық институт қазіргі мемлекеттердің дәстүрі қалыптаса бастаған кезде, өмірге келген, мемлекеттік-құқықытқ қоғамдық өмірдегі белгілі бір қайшылықтарды, нақты айтқанда мемлекеттің халықты қауіп төндіретін айрықша жағдайларды жоюда қолданылатын тарихи тәжірибе өмірге әкелген жүйе болып табылады. әлем елдерінің тәжірибесінде төтенше жағдай институтының қолданылу тәжірибесі әр түрлі бағыттарда дамығанмен олардың заңнамаларын саралай, қарайтын болсақ, жалпы біртұтастықты байқаймыз. Ол біздің ойымызша, белгілі қауіпті жоюға күш-жігерді жұмылдырудан көрінеді.Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік орган еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасып дамып келе жатқан және тәуелсіздігімізбен түрленіп, өсіп келе жатқан мемлекеттік институттардың бірі болып табылады.Төтенше жағдайлар саласында Қазақстан Республикасында бірнеше мемлекеттік органдар қызмет жасайды. Төтенше жағдайлар саласында Қазақстан Республикасы Президентінен жергілікті жердегі өкілді және атқарушы органдарға дейін қатысуының өзі бұл саланың мемлекеттік стратегиялық маңызы бар бағыт екендігін көрсетеді.
Қорыта келгенде, айтатын болсақ, төтенше жағдайлар енгізу барысында адам құқықтары мен бостандықтарын шектеу заңға сәйкес жүргізілетін мемлекеттік органдардың өкілеттігі шегінде қолданылатын адам құқықтары мен бостандықтарын шектеудің талаптары болып табылады. төтенше жағдайларда адам құқықтары мен бостандықтарын шектеу, өмір талабының қажеттілігінен туындайды және қоғамда орын алған апатты жағдайды немесе қауіпті жағдайды шешудің, былайша айтқанда қажетті құралы қызметін атқарады. Төтенше жағдайлар кезінде адам құқықтары мен бостандықтарын шектеуде қойылатын басты талап, ол заңның аясында соны басшылыққа ала отырып, іс - әрекет етуі болып табылады. Осы жағдайда ғана біз адам құқықтары мен бостандықтарын шектеуді талапқа сәйкес жүзеге асырамыз және ол ешқандай заң бұзушылыққа және басқа да жағдайларға алып соқтырмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет