2.1Ауксиннің өсімдік ағзасына әсері Ауксиндер өсімдіктердің барлық басқа гормондарынан бұрын белгілі болады. Олар ХХ ғасырдың 20 жылдарында, яғни жануарлардың алғашқы гормондарынан әлдеқайда кейінірек ашылды. Алайда өсімдік гормондарының болатындығы жайлы пікір өткен ғасырда жүргізілген әр түрлі зерттеулердің өзінде – ақ айтылған болатын.
Юлиус Сакс (1880) мүшелердің түзілуіне септігін тигізетін ерекше заттар тамыр мен гүлдердің қалыптасуына қатысады деген жорамал айтты. Өсімдік гормонының болатынын алғаш рет айқын дәлелдеген ғалым – Фиттинг (1909). Ол орхидеяның тозаңынан «тозаң гормонын» тапқан. Кейінірек тозаң гормонының ауксинге ұқсастығы анықталады. Ауксиндердің бар екендігіне бүкіл ғылыми дүниенің көзін жеткізген шешуші тәжірибе астық тұқымдастардың колеотиліне жүргізіледі. Роассае тұқымдас өсімдіктердің бірінші жапырағының қабықшасы, немесе калеоптилді саусақты қолғап секілді, боялмаған мүше. Колеотиль бүріскен бастапқы жапырақты сыртынан қаптап, оны өніп шыққан соң топырақ қабатын тесіп өтуде жарақаттанудан сақтайды. Қараңғыда өскен колеотильдің ұзындығы бірнеше сантиметрге жетеді. Жарықтың әсерінен колеоптильдің өсуі ерте тоқталады да, осыдан кейін белгілі бір жерден бастапқы жапырақ тесіп шығады. Калеоптиль негізінен алғанда өзінің созылыңқы паренхима клеткаларының өсуі есебінен ұзарады. Оның геотропимдік және фототропизмдік сезгіштігі бар. Тіпті кезінде Чарльз Дарвин де (1880) фототропизмдік иін туғызатын бүйір жарықты негізінен калиоптильдің ұшы қабылдайтынын, ал бұл кезде реакция, яғни өсу иіні одан төменіректе пайда болатынын байқады. Бұл мұнда тітіркендіру әсерінің болғандығын көрсетеді. Дания ботанигі Бойсен-Иенсен колеоптильдің жарық түсетін және түспейтін жақтарына әр түрлі бағытта слюда пластинка орнатқанда негізінен алғанда көлеңкеленген жақтан тітіркенентіндігі және бұл әлдебір еритін заттың тасымалдануына байланысты екендігі туралы қорытынды жасады. Осыған ұқсас сынақтарды Пааль (1919) мен Зединг (1925) те жүргізді. Олар колеоптильдің ұшында пайда болатын әлдебір фактордың одан төмен орналасқандарының өсуіне әсер ететінін көрсетті. Бұл әсерді бақылай келе, Пааль «өсу реттеуіштері» туралы, ал Зедин – «өсу гормондары» туралы сөз қозғады.
Бұл гормондардың бар екені жөнінде орыс ғалымы Н.Г.Холодный мен Голландия ғалымы Вент (1928) әбден дәлелдеп, барша жұртты мойындатты. Олар калеоптильдің кесіп алған ұшын агар блоктарға орналастырып, одан соң бұл блоктарды өсу нүктесі жойылған калеоптиль кесіндісінің бетіне бір жағынан қондырады. Гормон агардан тканьге өтіп, оны илеуге мәжбүр етеді, ол иін бұрышының шамасы бір агар блогындагы калеоптильдер ұшының санына байланысты болады. Бұл сынақ гормон санын анықтау бағытындағы биоқамырларды жасауға тамаша жоба болды. Осы әдіс күні бүгінге дейін қолданылуда. Ғалымдар гормондарды «өсу заты» деп атауды ұсынып, «өсу заты болмайынша, өсімдік өспейді» деген тұжырым жасады.
Калеоптильдің ұшында түзілетін өсу заты да ауксин (гр.өсу деген ұғым) деп атала бастады. Қазір ауксиннің барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерде кездесетіні және олардың өсу процесі үшін шешуші маңызы бар екені анықталды.
Өсімдіктерде ауксин өте аз мөлшерде кездесетіндіктен, алғашқы кезде бұл заттың химиялық құрамын анықтау өте қиын болды. Кегль мен оның қызметкерлері (1931) тұңғыш рет адамның несебінен кристалдық ауксин алды. Оның үстіне ауксин әр түрлі үш қосылыс түрінде табылды, ол α ауксин β ауксин және гетероауксин деп аталады. Гетероауксин Қосымша 1-де көрсетілгендей индолил – 3- сірке қышқылына ұқсас, ал 1966 жылы α және β ауксиндердің бастапқы препараттары негізінен активсіз қосылыстар – холь қышқылы мен тиосемикарбазидтен тұратын болып шықты.Сонымен қатар, оның Қосымша 2-дегідей хлор атомы қосылған түрінің де бар екені анықталды. Индолил – 3- сірке қышқылын Хааген-Смит өсімдіктен 1946 жылы бөліп алды.
Кейін келе жүгері тұқымының ұрық бөлімінде ауксинге ұқсас қосылыс табылып, оны ауксин «б» деп атайды (формуласы С18Н30О4). Жақын жылдары зең саңырауқұлақтар денесінен гетероауксин (С10Н9О2К) табылды, оны - 3 — индолил сірке қышқылы (ИСҚ) деп те атайды. Ауксиндер сабақ пен тамыр ұшында синтезделіп, морфологиялық жоғарғы мүшелерден өсуші мүшелерге келеді. Өсімдік тозаңында да ауксин көп кездеседі. Ауксиндердің химиялық құрамы анықталғандықтан, қазір оны қолдан синтездейді. Ауксиндермен өндеу нәтижесінде өсімдіктің эмбриональды ұлпаларының өсуі, тамыр байлауы ұлғаяды, өсімдіктің гүлдеу мерзімі бұрын басталады.