Кіріспе Жұмыстың өзектілігі



бет4/8
Дата07.04.2023
өлшемі440,33 Kb.
#80190
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Фитогормон (2)

Қосымша 1. Индолил-3-сірке қышқылы (гетероауксин)



Қосымша 2. 4-Хлориндолил-3-сірке қышқылы

Басқа фитогормондар секілді, ауксиндерде алуан түрлі физиологиялық әсер туғызады. Көптеген «нысана тканьдер» реакциясының өзгергіштігі осыны дәлелдейді. Олардың гормондық сигналға қайтаратын жауабының сипаты физиологиялық күйіне байланысты түрліше болуы мүмкін. Алайда бүкіл өсімдікті, оның бір бөлігін немесе тіпті бір клеткасын гормонмен өңдеу кезінде байқалатын физиологиялық әсердің алуан түрлілігі интакт өсімдіктердегі тиісті процестерді үнемі тек осы гормондар реттеп отырады деген қорытынды жасауға негіз бола алмайды. Бірқатар процестерін реттеуге көптеген гормондар қатысады және мұның нәтижесі олардың күрделі әрекеттесуіне байланысты болады.


Ауксиндердің клеткаларының созылып өсуіне қолайлы әсер ететіні бәріненде жақсы байқалса, жасыл тканьдерде нашар білінеді. Клетканың өсуіне қолайлы жағдай тууы үшін ауксиндердің тканьдеріндегі концентрациясы 10-3 – 10-6 мольлі болуы қажет. Ал бұдан жоғары концентрациясы өсуді тежейді. Бұл факті де көптеген сынақтық мағлұматтардың негізінде клетканың созылуын ауксиндер реттеп отырады деген түсінікті растайды.
Ауксин реттеп отыратын клетканың созылып өсу процесі өскіннің колеотилі мен өркендерінің өсуі үшін ғана емес, сондай-ақ оларды жарыққа (фототропизм) және ауырлық күшіне (геотропизм) қарай бағдарлау үшін де маңызды. Мұнда ауксин жарық және көлеңке жақтағы немесе үстіңгі және астыңғы жақтағы әркелкі жылдамдығын реттеуде маңызды рөл атқарады.
Ауксиндер - өсімдік жасушаларында түзілетін физиологиялық маңызы зор, өсу процестеріне демеу болатын өсімдіктер гормондары, индол туындылары. Ол жасанды және табиғи жолмен түзіледі. Жасанды ауксин өсімдік өсіру тәжірибесінде қолданылатын кристалды заттардан (мыс., индолил май қышқылы, нафтил-сірке қышқылы, т.б.) алынады. Табиғи ауксин барлық жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінде, сондай-ақ бактерияларда түзіледі. Олар өсіп келе жатқан өркендердің ұштарында, тұқымда, тұқымжарнақта пайда болып, жасушалардың созылуын, сабақтың, жапырақтардың, тамыр кесінділерінің өсуін, олардың иілгіштік қасиеттерінің пайда болуын тудырады, қалемшелердің тамырлану қарқынын тездетеді. Ауксин әсерінен қышқылданған клетка қабығы жұмсарып, оның құрамындағы целлюлоза және пектиндік полимерлері үзіліп, қасиеті өзгереді. Бұл ішкі (тургорлық) қысымның әсерінен өсіп келе жатқан жасушаның созылуын жеңілдетеді. Ауксин қоректік ортада өскен өсімдік ұлпасында (каллус) және қалемшелерде қосалқы тамырлардың пайда болуына ықпал ететіндіктен көбеюі жеделдейді. Ауксин мен өсімдік гормондары (цитокининдердің) біріккен үйлесімді әсері жасанды ортада өскен жасуша ұлпаларының жіктелуін және тамыр түзілуін қамтамасыз етеді. Ол қалемшелерді тамырландыру, түйіндер мен жемістердің ерте үзіліп түспеуі үшін және гербицид ретінде қолданылады.
Сөйтіп, ауксиндер барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерде және төменгі сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінде, сондай-ақ бактерияларда да түзіледі. Кейінгі жылдары зерттеушілер мұнай құрамынан НРВ — өсімдіктің өсуіне әсер ететін (өсуді 2-3 есе тездететін) физиологиялық активті қосылыста бөліп алды. Ол мұнай стимуляторы ауыл шаруашылығына ендіріліп, пайдаланылуда. Күнделікті тіршілік — өмір қазір ғалымдар алдына ауылшаруашылық өсімдіктерінен мол өнім алу жолдарын іздестіру керек екендігін мақсат етіп қоюда. Ауыл шаруашылығының тек өсімдіктер саласында ғана емес, сол сияқгы мал шаруашылығында да өсуді реттеуші заттар кеңінен қолданылуда.
Ауксин фитогормондары сигнал тізбектері арқылы транскрипция репрессорларының ыдырауының басталуына түрткі бола отырып, генннің экспрессиясын күшейтеді. Ауксиндер морфогенездің шырқын бұзады, этиленнің синтезін күшейтеді, сөйтіп жапырақтардың кезеңсіз үзілуіне алып келеді. Американдық әскерлер Вьетнамда орманды жапырақсыздандыру үшін осы қосылысты қолданды. Сонымен қатар ол қос жарнақты өсімдіктерді жояды.
Ауксиндермен жүргізілген зерттеулерді мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
1) гормонның белсенділігін анықтау;
2) гормон биосинтезінің жолдарын анықтау;
3) ауксинтəуелді транскриптілер мен белоктарды иденфикациялау;
4) ауксинмен реттелуші тұрақты мутанттарды анықтау;
5) репрессор-белоктардың көмегімен гормональдық ретелудің моделін жасау;
6) ауксин рецепторын ашу.
Ауксиндерді жəне басқа фитогормондарды зерттеу тарихын қазіргі таңда жетінші кезең - сигналдық трансдукцияның гормоналдық жолдарын карталау кезеңі деп қарастыруға болады.
Ауксинге ұқсас өсімдік өсуін үдеткіштер
Индолилсірке қышқылы (ИУК) бірінші ашылған өсімдік өсуін табиғи тездеткіш. ИУК және басқа жасанды ауксиндердің теориялық және шаруашылыққа қажеттілігін көптеген ғалымдар жан-жақты зерттеп, 40 – жылдардың аяғында олардың пайдалылығы толық дәлелденді. Олар қалемшелердің тамырлауын және ағаш тұқымдастардың тамырының өсуін тездетеді, томат түйнектерінің, алманың, алмұрттың жинау алдында түсуін азайтады, картоптың көктеп кетуін тоқтатады.
Индолилсірке қышқылының ауксиндік әрекеті ашылғалы бері көптеген инол туындылары, бірнеше сақиналы ароматты қосылыстар, тағы басқа көптеген заттар жаңадан шығарылып, олардың өсімдік өсуін үдеткіш қасиеттері тексерілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде жаңа индол, бензол және нафталин қышқылдарының, тұз немесе эфирлерінің өте әсерлі өсімдік өсуін тездеткіштері анықталды. 50 жылдары альфанафтилірке қышқылын, индолилсірке қышқылының, хлорланған феноксисірке қышқылдарын және оның туындыларын өндірістік көлемде алу басталды. Көктемде және жазда сақтауға арналған картоп 50% М-1 препаратымен өңделеді. Бұл келтірілген мысалдар өсімдік өсуін реттеуіштердің халық шаруашылығындағы маңыздылығын көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет