«Тоқырау» кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия жене мұнай-химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия енеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко каласында шап шаң нейтронға негізделген, дүние жүзіндегі аса ipi атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығару тоғызыншы бесжылдықта 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе көбейді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12 пайызға жетті. Бұл көрсеткіштер оныншы жене он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылы 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар қатарға қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қалыпты да қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің карамағында болды. Одақтық ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржыны жұмсамады деп айтуға болады. Олар ез қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. Сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млрд. Сом немесе 1 пайыздан аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептермен байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекешеленген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті 1983 жылы жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Жоспарлық, техналогиялық еңбек тәртібін бұзушыларға жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары мемлекетке 1981 жылы 760млн. сом, 1982 жылы- 1 млрд., 1983 жылы – 1,3млрд, 1984 жылы – 1,65 млрд. Сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми – техникалық дамуда қазіргі заманғы техника мен техналогияны игеруде еліміздің капиталисттік мемлекеттерден кейін қалуы күшейе түсті.