Кіріспе кіріспе


-1980жж Қазақстанның мәдениеті. Ғылым,әдебиет, өнер саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар



бет26/29
Дата06.03.2022
өлшемі2,71 Mb.
#27136
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
презентация тарих

1970-1980жж Қазақстанның мәдениеті. Ғылым,әдебиет, өнер саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар

Өткен соғыс тарихын жазушылардың белсенділігі мен оқырманға тигізер пайдасы арта түсті. 1970 жылға қарай республикада Қазақстан индустриясының бірқатар салалары мен ірі кәсіпорындарының жұмысын зерттеген 900 кітап пен кітапша, ғылыми және ғылыми-танымдық мақалалар басылып шықты..Жекелеген жұмыстар біздің республикамыздағы денсаулық сақтау ісінің хал-жағдайына және госпитальдардың қызметіне арналды. Бұлар — Қазақстандағы денсаулық сақтау ісі мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтін тарихы жөніндегі А.И. Самарин мен А.P. Чокиннің және госпитальдардың қабылдау, орналастыру және емдеу қызметтері туралы М.А. Жақыпованың мол мағлұмат жинақтаған еңбектері .70—80-жылдары КСРО-ның шығыс аудандарындағы халық шаруашылығының даму тарихын, өндіріс күштерін шығыс аймақтарға шоғырландырудың барысын, Қазақстан мен Орта Азия республикалары, Сібір және Қиыр Шығыстың байлығын жедел қарқынмен игеру мәселелерін зерттеуге зор мән берілді [54]. Г. Докучаев пен М. Қозыбаевтың «Өндіріс күштерін дамыту жөніндегі лениндік идеяларды жүзеге асыру» атты монографиясында елдің әр түрлі өңірлеріндегі экономикалық дамудың өзіне тән ерекшеліктеріне, кеңестік қоғамды тұтастай алғандағы және аймақтардағы, жекелеген таптар мен жіктер ішіндегі әлеуметтік құрылымның өзгерісіне зор коңіл бөлінді. Бірқатар еңбектерде елдің шығыс өңірлерінің, оның ішінде Қазақстан мен Орта Азия республикаларының экономикалық үлесі айқындалды [55]. Академик М. Қозыбаевтың қатысуымен жазылған «Кенестік жұмысшы табының тарихы. КСРО жұмысшы табы Ұлы Отан соғысы жылдарында және оның қарсаңында. 1938-1945 жыл» (М., 1984), «Кеңестік тыл Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңінде» (М., 1988), «Кеңестік Отанды қорғау рухымен» (М., 1974, 1984) секілді ұжымдық еңбектерде кеңестік, оның ішінде қазақстандық тылдың дамуы мен нығаюының өзекті проблемалары көрініс тапты. Қоғамдық өмір дамуындағы демократиялық және төрешіл бетбағыттар күресі әсерінен туындаған саяси жүйенің қайшылықты, күрделі сипаты сыртқы саясатқа да қайшылықты сипат дарытты. 70-жылдардың бас кезінде әлемдегі саяси ахуалдың жұмсаруы, халықаралық шиеленістің бәсеңдеуі тән болды. 1973 жылы Вьетнамдағы соғыс аяқталды. Хельсинкиде жалпыеуропалық кеңестің шақырылуы барлық бейбітшілік сүйгіш күштердің қомақты табысына айналды. Еуропалық 33 мемлекеттің, АҚШ пен Канаданың басшылары қол қойған қорытынды актіде мемлекетаралық қатынастар жаңа айқындамалар тұрғысынан реттеліп, мемлекеттердің адам хұқын қорғау жөніндегі күш-жігері біріктірілді. Өзгерістер жағдайында Қазақстан өзінің халықаралық байланыстарын нығайтуға мүмкіндік алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет