КСРО-да Новочеркасскідегі, Грузиядағы, Балтық республикаларындағы оқиғаларға қатысқандар қатал жазаланды. Қалыптасқан режимге наразылық түрі диссиденттік пайда болды. 1960жылдың 2 жартысында КСРО-да коммунизм құрудың негізгі үш мақсаты орындалмайтыны белгілі болды. Социализм жүйесі елдерінде социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы туындады.. Партия теорияшыларына коммунистік болашақты белгісіз мерзімге сырғыта салу мүмкіндігін ашып берді. 1977 жылғы мамырда КСРО Конституциясының жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. 1977 жылғы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Міндеттері: коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау. Социалистік қоғамдық қатынастарды жетілдіру және коммунистік қатынастарға айналдыру. Коммунистік қоғам адамын тәрбиелеу. «Кеңес қоғамының басты және бағыт беруші күші, оның саяси жүйесінің ұйытқысы – КОКП» екендігі айтылды. Компартия билігі конституциялық күшке ие болды. Коммунизмге өтер жолдағы кезең – кемелденген социализм, ал КСРО-ның саяси негізі – халық депутаттары Кеңестері деп танылды. Бұл кезеңнің экономикалық жүйесін мемлекеттік және ұжымшарлық-кооперативтік меншік түріндегі социалистік меншік құрайды.