Бұл жылдарда жалпы өнім корсеткішін қуалай осіру ауыр өнеркәсіпте мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да солай болды, мұнда жұмысты атқарудың ұзақ мерзімге созылу салдарынан ұлттық байлықтың едәуір болігі істен шығып калып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми – техникалық көрсеткіштерге жетпейтуді қамтамасыз етпейтін объектілер салынды. Бірақ, осыған қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде елдегі ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың зауыттардың қатарға қосылған туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Еңбекті материалмен ақшаны көп жұмсаған қызметкер немесе кәсіпорынның көрсеткіші жоғары бағаланады. Республика ілгерілеу қарқыннан айырыла бастады, шаруашылықтың және мәдениеттің барлық саласында іркіліс көбейіп қыйыншылықтар үсті – үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді.