3.2 Аралық бақылау-коллоквиумдарды тапсыру, ауызша сұрау жүргізу, жазбаша жұмыстарды, тест тапсырмаларын қорғау және т.б. үлгілер. (оқытушының қалауы бойынша);
4. 1 Оқытушының талаптары: 4.1.1 Магистрант өз бетінше және уақытында тапсырмаларды орындауға міндетті, тізімі мен санын пән бойынша кредиттер санына сәйкескафедра анықтайды.
4.1.2 Дедлайнның бұзылуымен тапсырылған тапсырмалар белгіленген бағадан 20% төмен бағаланады;
4.1.3 Сабаққа қатаң түрде кесте бойынша қатысу;
4.1.4 Ауырған жағдайда сабақта болмағаны үшін анықтама ұсыну;
4.1.5. Жіберілген сабақтарды магистрант кафедрада бекітілген ОМӨЖ кестесі бойынша тапсырады.
4.1.6 Онлайн-сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетін сақтау;
4.1.7. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда оқытушы магистрантты аудиториядан шығарады (онлайн сабақтар кезінде – магистрантты осы сабақтан блоктайды) және сабақтан себепсіз қалу фактісін тіркейді.
4.1.8 Академиялық адалдық ережелерін сақтау: жазбаша жұмыстарды ұсыну кезінде плагиатқа, көшіріп алу және алдаудың өзге де түрлеріне жол бермеу;
4.1.9 Жазбаша емтихандарда плагиатқа тексеруден өтпеген жауаптар есептелмейді, бұған қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады;
4.1.10 Магистрант міндетті түрде маска тағуы және антисептик пайдалануы тиіс.
4.2 Курстың саясаты мен рәсімдері: Курстың саясаты мен рәсімдері пәнді оқу барысында магистрантқа қойылатын келесі әкімшілік талаптарды көрсетеді:
4.2.1 МӨЖ тапсырмалары семестрдің 1-ші аптасында беріледі
4.2.2 ОМӨЖ барысында оқу пәнінің неғұрлым күрделі мәселелері,үй тапсырмалары, есептер, МӨЖ және т.б. орындау және қорғау бойынша он-лайн кеңестер өткізіледі.
4.2.3 Курстық жұмыстар (жобалар) емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалуы және пән бойынша емтиханға рұқсат беруі тиіс.
4.2.4 Емтиханға кемінде 25 балл жинаған магистранттар жіберіледі.
4.2.5 Аралық аттестаттау (емтихан) кезеңіндегі қорытынды бақылау бағасы 40% құрайды.