Кіріспе Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі



бет3/12
Дата13.04.2023
өлшемі148,5 Kb.
#82575
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мектептегі денешынықтыру сабағындағы гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастыру

Қозғалыс ойындарының мазмұны мыналардан тұрады: сюжеті (бейнелі және шартты байламдар, ойынның жоспары), ереже және қозғалыс қызметтері, ойынға енудегі басты мақсат.
Қозғалыс ойындарының формасы – қатысушылардың әрекеттер ұйымы, көзделген мақсатқа жетуге арналған кең көлемдегі әдістерді қолдана алу мүмкіншілігі. Кейбір ойындарда қатысушылар жекелей немесе топпен қызмет атқарады, ал басқа ойындарда – ұжыммен, өзінің ұжымының және тобының қызығушылығымен әрекет етеді. Сонымен қатар ойынға қатысушылардың түрлі құрамы бойынша ойындар (шашыраңқы, айнала тұру, сапқа тұру).Оның мазмұны мен формасына байланысты. Қозғалыс ойындарының әдістемелік ерекшеліктеріне мыналар тән:
а) бейнелілік;
б) ережемен шектелген мақсаттарға жету үшін іс әрекеттердің өзіндік мақсаты;
в) ережемен сәйкестендірілген әрекеттегі шығармашылық ынта;
г) ойынның сюжетіне байланысты арнайы рөлдердің іске асуы, бұл ойынға қатысушылардың ұйымның өзара қатынастарын қалыптастырады;
д) ойындағы құбылыстың аяқастылығы, өзгергіштігі, қатысушылардан реакция жылдамдылығын, ынтасын талап етеді;
е) жарысу ойындарының белгілері, күштің толық қалпын талап етеді және ойындағы сезімдік күштерін жоғарылатады;
ж) ойындағы «текетірестерді» шешудегі қарсы жақтың пікірлерімен түйісуі жоғары эмоционалды тонусты қалыптастырады.
Қозғалыс ойындары физикалық мәдениет құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ әдістемесі де болып табылады. Тәрбиелеудегі ойын әдісінің түсінігі, ойынның әдістемелік ерекшеліктеріне көрініс береді, яғни, оны басқа тәрбие әдістерінен әдістемелік қатынасынан ерекшелейді (жарыстың белгілері, сюжеттілігі, көркемділігі, мақсатқа жетудің түрлі әдістері, әрекеттің өзіндік қатынасы). Ойын әдісі күрделі нұсқаланған шарттардағы қозғалыстың кешенді жетілуі басты назарда қолданылады.
Физикалық мәдениет және ойын әдісінің құралы ретіндегі қозғалыс ойындары физикалық сапаның тәрбиеленуіне және жетілуіне септігін тигізеді. Бұдан басқа, қозғалыс ойындарында гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы және басқа да спорт сабақтарында қалыптасқан шынайы әрекеттері және жекеленген дағдысы мен қабілеттілігі жетіледі және бекітіледі.


2. 7-8 сыныптарға арналған қозғалыс ойындарының мысалдары
«ҮКІ»
Дайындық. Ойыншылар арасынан «Үкі» таңдалады. Ойыншылар – «Дала тышқандары» барлық зал қабырғаларында «інде» жайылады. Үкінің «Ұясы» ойын алаңының шетінде орналасады. «Үкі» өзінің ұясында.
Бейнелеу.Ұстаз «Күн!» деп айтады. Барлық тышқандар залдың ортасына жүгіріп шығады: жүгіреді, секіреді. «Үкі» ұясында ұйықтап отырады. Ұстаз «Түн!» деп айтады. Барлық тышқандар орындарында қатып қалады, ал «Үкі» оянады, аң аулауға шығады және ойыншылардың қайсысы қозғалғандығын бақылайды. Егер «Үкі» тышқандардың қозғалғандығын байқап қалса, оларды өз ұясына әкетеді. «Үкі» ұстаз «Күн!» деген бұйрық бергенше тышқандарды аулайды. «Күн!» белгісі берілгенде «Үкі» өз ұясына ұшып кетеді. Ал ұсталмаған тышқандар «Түн!» деген белгі берілгенше жүгіреді. Ұяда 3-5 тышқан ұсталса, жаңа «Үкі» тағайындалады. Осылай бірнеше рет ойналады. Соңында бір де бір ұсталмаған тышқан және басқаларға қарағанда тышқандарды тез арада ұстаған, өте байқампаз «Үкі» аталып өтеді.
Ереже.

  1. «Үкі» ойын алаңына шыққанда, тышқандарға қозғалуға тыйым салынады. «Үкі» байқамаған жағдайда тышқандар үкінің артынан тұрысын өзгерте алады.

  2. Ұсталған тышқандар ойын аяқталып, басқа «Үкі» тағайындалғанға шейін ұяда отырады.

  3. Ұстаздың «Күн!» белгісі бойынша «Үкі» міндетті түрде ұясына ұшып кетуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет