Кіріспе Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі



бет7/12
Дата13.04.2023
өлшемі148,5 Kb.
#82575
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мектептегі денешынықтыру сабағындағы гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастыру

«Сүрлеу жол»
Дайындық. Ойнаушылар 8-10 адамнан топтарға бөлінеді. Әрбір топ қолдарын алып шеңберді құрайды.
Бейнелеу Ойын шеңбер арқылы оң жаққа жүгірумен басталады. «Сүрлеу жол» белгісімен әрбір шеңбердің ойыншылары бағанға реттеліп және отырулары кажет. Басқарушы «төмпешік» белгісін бергенде, әрбір шеңбер 2 шағын топқа бөлінеді, ойыншылар қолдарын қосады және жоғары көтереді. Әрбір орындалған тапсырмадан кейін ойын ойнаушылардың шеңбермен оңға жүгірістерімен ойналады.
Ереже. 1. Басқарушы әрдайым қай топ тапсырманы дұрыс орындайтынын белгілейді де оған ұтымды ұпай есептейді.
2. Ұтымды ұпай жинаған ойыншылар командасы жеңеді.
«Аюдың қылқанды орманында»
Дайындық. Барлық ойнаушылар алаңның бір жағында орналасады. Қарама-қарсы жақта сызық сызылады - «орман жұрындауы». Сызықтан 2-3 қадамнан кейін «аю апаны» орналасады.
Бейнелеу Ойнаушылар «аю апанына» жақын келеді және жидектерді және саңырауқұлақтарды жинауды еліктеп қозғала бастайды, барлығы бірге үкім етеді: «аюдың қылқанды орманында жидек саңырауқұлақтары аламын, ал аю отыр және бізге ырылдайды». Балалар соңғы сөздерін айтқанда, «аю» апанан ырылдап ұтып шығып біреуді ұстап алуға тырысады.
Ереже. 1. Ұсталған ойыншыны апанға апарады. Ойын 3-5 ойыншы ұсталғаннан кейін аяқталады.
2. «Аю» келбетінде кез келген ойыншы бола алады.
«Торғайлар»
Дайындық. 4-6 диаметрлі шеңбер сызылады. Ойынды бастап жүргізетін ойыншы шеңбердің ортасында тұратын немесе отыратын «мысық» тағайындалады. Қалған ойыншылар «торғайлар» шеңбердің сыртында болады.
Бейнелеу Басқарушының белгісімен «торғайлар» шеңберге секіріп кіреді және шеңберден секіріп шығады. «Мысық» шеңберден секіріп шыға алмаған торғайды ұстап алуға тырысады. Ұсталған шеңберде ортасында отырады немесе сәл отырады. Мысық 3-4 «торғай» ұсталғаннан кейін ұсталмағандардан жаңа «мысық» таңдалады. «Мысықпен» ұсталған «торғайлар» қайта ойынға қосылады. Ойын қайта басынан басталады. Бірде бір ұсталмаған жеңеді. Сонымен қатар тез белгіленген «торғай» санын ұстаған «мысық» та белгіленеді.
Ереже. 1. «Мысық» «торғайларды» тек шеңберде ғана ұстауы мүмкін.
2. «Торғайлар» тек бір не екі аяқпен ғана секіреді. Кім шеңбер арқылы жүгіріп өтсе, ол ұсталған болып саналады да шеңбер ортасына «мысыққа» барады.
3. Ұсталған «торғай» болып саналады, егер «мысық» оны қолымен тисе, ол шеңберде бір аяқпен болған жайдайда да.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет