Кіріспе Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі


Курстық жұмыстық жарияланымы



бет2/12
Дата13.04.2023
өлшемі148,5 Kb.
#82575
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Курстық жұмыстық жарияланымы: Жұмыс «Infourok.ru» ақпараттық педагогикалық порталына «дене тәрбиесі» саласы бойынша . «Мектептегі денешынықтыру сабағындағы гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастыру» атты әдістемелік мақала ретінде жарық көрді. (Сертификат қосымшада берілген).


МАЗМҰНЫ


Кіріспе


Негізгі бөлім
1.Мектеп оқушыларына гимнастикалық
жаттығуларды ұйымдастырудың жолдары, әдістемесі
2. 7-8 сыныптарға арналған қозғалыс ойындарының мысалдары


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Мектеп оқушыларына гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастырудың жолдары, әдістемесі

Қазіргі кезде орта және жоғары білім мамандарына оқытушы кадрларын дайындаудың деңгейін жақсарту, өсіп келе жатқан ұрпақтың білімі мен тәрбиесін жаңа бір деңгейге көтеріп, өзіндік еңбек өміріне баулу сияқты талаптар, міндеттер қойылып отыр.


Педагогикалық кадрларының шығармашылық еңбек жұмысын арттыруға, психофизикалық ауытқусыз қызмет жасауға, педагогтардың әлеуметтік белсенділігін кеңейтуге аса үлкен үлесін, пайдасын дене тәрбиесі арқылы алуға болады.
Болашақ ұстазға дене мәдениет оның профессионалды бағытына ұйымдастырушылық- педагогикалық, психология-педагогикалық комплексінде тұлғасына әсер етеді. Оның нәтижесінде тұлғасына мына бір жағдайлар қамтамасыз етеді.

  • Біріншіден, тұлғаның дене мәдениетін, әлеуметтік

жағдайын, психофизикалық өзіндік тәрбиесін қалыптастыру арқылы оның педагогикалық қызметінің сәтті өтуіне, салауатты өмір салтын ұйымдастыруға, ой еңбегі мәдениетін жақсартуға болады.

  • Екіншіден, оқушылармен дене тәорбиесі және спорт

тәрбиесіне компонентті түрде қолданып, баулу арқылы оқушылардың денсаулығын нығайтуға, қызықты демалысына, күнделікті түрде дене тәрбиесімен шұғылдануына әсер етуге болады.
Мектептің барлық педагогикалық ұжымы оқушылардың дене мәдениетіне мән береді. Ұстаздардың бірлесіп, келісіммен жұмыс істеу арқылы оқушылардың денсаулығын ныңғайтуға, физикалық мүмкіндіктерін дамытуға, ой және дене еңбегін артттыруға, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеуге болады.
Дене тәрбиесінің көптеген қырларын, сондай-ақ профессионалды- педагогикалық білімді жетік меңгерген әр ұстаздың шығармашылық және танымдық белсенділігі артады.Ең бастысы, ғылыми профессионалды деңгейінің дайындығы жоғары түрде дамып, оқытушы кадрлардың профессионалды еңбегінің тұрақты болуына, әрі өз қызметіне жоғары жауапкершілікпен қарауға, өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлуге әкеп соғады.
Сабақ алдында жүргізілетін гимнастика.Дене сауықтыру жұмысының негізгі бөлігі күнделікті мектеп күнінде сабақ алдында гимнастика жүргізу болып табылады.Оқу күнінің басталуы алдында ұйымшылдық қасиеттерді дамыту негізгі мақсаттың бірі болып отыр. Осыған байланысты сабақ басталмай жатып гимнастиканы жүргізсе, онда оқушылардың күнделікті дене тәрбиесінмен айналасуға құлшыныстары артып, сабақ алдында гимнастика жүргізу әдет болып қалыптасып кетеді. Сонымен қатар мұндай гимнастика көптеген сауықтыру қызметтерін атқарады.Мысалы ағзадағы айналым үрдісінің белсенділігі артады, буын жүйесі қатайып, көңіл күйлері жақсарады. Оқушылардың еңбекке деген және сабаққа деген қызығушылықтары артады.
Гимнастиканы таза ауада жасау ағзаны нығайтып, тұмау ауруларына қарсы ағзаның күресуіне әкеп соғады.
Егер де гимнастика таза ауада жүргізілетін болса, онда оқушыларды біраз жүгіртіп, спорттық ойындар өткізуге болады. Гимнастиканың сабақ алдында жүргізілуінің ең басты бөлігі дене жаттығулары болып табылады. Олар өз кезегінде буын тобына арналып бағытталады. Әр комплекске 5-7 жаттығу жатады.
Комплексті бастаған және аяқтаған кезде орында жүру жаттығуын орындау қажет. Жаттығулардың барлығы дене тәрбиесі сабағында көрсетіледі.Жаттығулардың алмасуын аптасына бір реттен кем емес орындау керек.
Дене тәрбиесі минутасы. Ғалымдардың пікірінше, оқушылардың сабаққа назар аудару белсенділігінің жалғасуы әр түрлі болады. Мысалы, бірінші сынып оқушыларының назар аудару белсенділігі 15-20 минутқа созылады. Ал жоғары сынып оқушыларында 20-25 минутқа дейін жалғасын табады. Сабақ кезінде оқушылардың мына дене мүшелеріне салмақ түседі. Олар көз, есту қабілеті, дене буындары, қол буындары, қан айналу үрдісі қиынға соғаы, әсіресе жамбас бөлігі көп зардап шегеді.
Шаршаудың ең бастапқы кезеңінде оқушылар тынымсыз болып, басқа жаққа көңіл аудара береді. Сабақ кезінде сөйлесіп, тұрған орынын ауыстырып, оқытушы сөздеріне аса назар аудара қоймайды. Бұл әлбетте оқушылардың өзін өзі сақтау реакциясы болып табылады. Осындай жағдайда ұстазға оқушылардың атынан белгі беріледі, яғни мұндай әрекеттер оқушылардың аса қатты шаршағанының белгісі болып табылады.
Жоғарыда аталып өткен оқушылардың тынымсыздық деңгейін азайту үшін басқа спорт түріне немесе ұйымдасқан жағдайда дене тәрбиесі минутында дене жаттығуларын жасау аса маңыздырақ болады.
Дене тәрбиесі минутасы сыныпта педагогтың немесе дене тәрбиесі мұғалімінің бақылауында жүргізіледі. Бұндай жаттығулар 1-2 минуттан аспауы тиіс. Осындай дене тәрбиесі минутасын оқушылардың сабақ кезінде шаршау белгілері көрінсе, онда оқушылардың назары төмендеп, белсенділігі жойылған уақытта жүргізген абзал.Сабақты жүргізіп жатқан ұстаз дене тәрбиесі минутасын қашан өткізгісі келсе өз еркі болады. Мамандар дене тәрбиесі минутасын, әсіресе бастауыш сыныптарда барлық сабақтарында өткізу керек деген ақыл – кеңес ұсынады. Сабақ қызметінің түріне байланысты оқушылар жаттығуларды тұрып орындау керек.
Дене тәрбиесі минутасында жүргізілетін комплексті жаттығулар 3-5 жаттығудан құралып, 4-6 рет қайталанады. Комплекске жеңіл, жай, қозғалыстың қиын координациясын қыжет етпейтін жаттығулар кіреді. Бұндай жаттығулар көбінесе буын мүшелеріне бағытталуы керек.Негізінен оқушы отырған қалыпта жұмыс істемейтін буындарға жаттығу жасату аса маңызды. Дене тәрбиесі минутасына еңкею, жартылай еңкею, отыру, жартылай отыру, қолды қозғалту, керілу сияқты жаттығулар кіреді.
Қозғалыстағы қоңыру кезінде оқушылардың белсенді демалуын ұйымдастыратын жалпы басқарма дирекциясы қабылдап, тәрбие жөніндегі меңгеруші іске асырады. Меңгеруші сабақ режимінің атқарылуын бақылап, ұйымдастырушылық сұрақтарын шешуге көмектесіп, белгілі бір бөлмеде қозғалыстағы қоңыраудың жүргізілу кестесін құрастырады.
Қоңыру кезінде ойындардың тұрақты жүргізіліп тұруына жауапты сынып жетекшілері болады. Дене тәрбиесі мұғалімі сабақтан тыс жұмыстармен айналысатын меңгерушімен бірлесіп, әр сыныпқа қозғалыстағы қоңырау кестесін құрастырады. Педкеңесте айына бір рет қозғалыстағы қоңыраудың жүргізілуі мен ұйымдастырылуы бойынша сөз қозғалады.
Оқушылардың қозғалыс белсенділігін, денсаулығын арттыру мақсатында таза ауада жаттығулар жүргізілу керек деген пікірге ешқандай ұстаз қарсы болмаған. Сондықтан мектеп ауласында арнайы ойын ауданын белгілеп алу керек. Ол өз кезегінде ауданы 20х 35 м, ұзындығы 16-20 метр болып, еніне белгі қою қажет.Мұнда қоңырау кезінде жиі қолданылатын жаттығулар, ойынджар жүргізіледі.
Қозғалыстағы қоңырауды ұйымдастырған кезде мектеп кеңсесінде жаттығулар спорт залдарында өткізіледі.Оқушыларды тез арада ұйымдастыру үшін қозғалыстағы қоңырауда неше түрлі ойындар ждүргізуге болады. Мысалы гимнастикалық орындықтан, обруч арасынан өту ойынын өткіземіз. Бұндай жаттығулар негізгі ойынды бастар алдында дайындық ретінде жүргізіледі. Оқушыларды санақ бойынша, капитанды өз таңдаулары бойынша топ- топқа бөліп, ойынды бастаймыз. Уақытты көп жоғалтпау үішн туларды, ленталарды, доптарды қолдануға болады.
6-7 сыныптарда топ- топқа бөлу үрдісі 2-3 капитанды таңдаумен жеңілденеді. Ал капитандар өз кезегінде ойыншыларды таңдау құқығына ие болады. Қозғалыстағы қоңыруды жүргізу сынып оқушылармен тәрбиелік жұмысты өткізуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған қоңырау кезінде оқушыларға ойынның шарты түсіндіріліп, ойынға қойылатын талаптар айтылады.
Осындай жағдайда ғана оқушыларға моральды және бостандық қырларына тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуге болады. Ойынды бастамас бұрын мұғалім ойынның атын және ойын шарты мен талаптарын түсіндіреді. Бұндай еске түсірулер қысқа және ұғынықты болу керек. Өйткені бастауыш сынып оқушылары ойынды тез бастап кеткісі келеді.Қозғалыстағы қоңырау кезінде оқушыларға мәлім, не болмаса жеңіл ойындарды жүргізу тиімді. Егер де жаңа ойын, оқушылар білмейтін ойын ойналатын болса, ұстаз ойын шартын түсіндіргеннен кейін, қалай ойнау керектігін көрсетеді. Содан кейін ғана ойын өз шарты борйынша өткізіледі.
Оқушыларға салмақ түсіру ісі былай жүргізіледі: басында салмақ түсіру ақырындап жүргізіледі, қоңыраудың ортасында негізгі тапсырма беріліп, кейін салмақ азайтылады. Қоңырау соңында назар аудару ойындарына көп көңіл бөлу керек.
Апта бойы салмақ түсіру ісі былай жүргізіледі. Аптаның басында жылдамдыққа назар аударылады, аптаның ортасында жылдамдық- күшке, аптаның аяғында беріктілікке көп көңіл бөлінеді. Әр қоңыруда негізні тапсырма, дайындық және қорытынды тапсырмалар өткізіледі.
Қозғалыстағы ойындарды ұйымдастыған кезде дене салмағына бақылау жүргізіліп, оқушының ойлау қабілетіне қандай әсерін тигізетінін ескеру қажет.
Қозғалыстағы қоңырау кезінде дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасының мазмұны мынаған сәйкес келеді: әр оүрлі жылдамдықта жүгіру, секіру, керілу, гимнастикалық таяқшалармен жаттығулар орындау т.б. Осы жаттығулар қозғалыстағы ойындарда, сондай- ақ қоңырау басында және аяғында қолдануға болады. Дегенмен ұйымдастырылған қоңырудың негізгі мазмұны- қозғалыстағы ойындар болып табылады. Жаттығуларды орындаған кезде оқушыларда сүйікті ойындары айқындалады. Оларды күнделікті қолдануға болады. Дгенмен оқушыларға қазіргі таңда аса керекті ойындар ұсынылады. Оқушыларға ойындарды ұсынған кезде бұйыру сөздері қолданылмауы керек. Оқушылардың қызығушылығына сәйкес, сөйлесу формасын ұстанған жөн.
Дене сауықтыру, шынықтыру жұмыстарында негізгі оырнды қоңырау кезінде қолданылатын қозғалыс ойындары алады.
Сабақ кезінде және қоңыруда қолданылатын қозғалыс ойындарды жиі қолданған кезде, оқушының сабаққа деген қызығушылығын тудырып, барлық ағзасына әсер етеді. Сабақ кезінде жаңа тақырыпты терең меңгеруге де ықпалын тигізеді. Сонымен қатар жақсы ұйымдастырылған сабақ кезінде және қоңырауда қолданылатын қозғалыс ойындары оқушылардың гиподинамияға қарсы ағзаның күресуі үетіле түседі. Гигиеналық нормаларға сай келетін, температура жағдайы қалыпты ашық таза ауада үлкен қоңырауда қозғалыс ойындарын жүргізу тиімді.
Оқушылардың психика- физиологиялық және жас мөлшеріне қарай белсенді демалысты ұйымдастырған кезде жалпы принциптерге жүгіну керек. Мұнда айқындалған талаптарға сай ойындарды жүргізу қажет. Дне шынықтыру сабақтарында бекіткен бағдарламаға сәйкес және оқушылардың жас сөлшерін ескере отырып қозғалыс ойындарын, спорттықойындардың элементін, кіші спорттық инвентарды қолдана отырып, жаттығуларды орындауға болады.
5-6 сынып оқушылары басқа кіші сыныптардан қарағанда жауапты келеді. Бұл сыныптарда оқушылар арасында шешімін өздері табуға тура келетін ойында аса қызығушылықты тудырады. Дгенмен мұғалім оларға ойындарды ұйымдастыруға көмектеседі. Керек жағдайда әділ- қазының рөлінде болады. 4 сыныптан бастап ұлдар және қыздар арасында қозғалыс ойындары өзгеріп, әртүрлі түрге ие болады. Мұнда ұлдарға және қыздарға арналған бөлек оойындарды өткізу керек. Қозғалыс лойындарын барлық сабақтарда қолдануға болады. Ойындар негізінен сабақтың басы мен аяғында жүргізіледі.4-6сыныптарда бұрын қолданған көптеген ойындар өткізіледі. Мұнда әр түрлі жылдамдықтар іске асырылады және қиындықтар күрделене түседі. 1-3 сыныптарға қарағанда 4-6 сыныптарда ойындардың уақыты ұзақтау болады. Оқушылар ұжымдасып ойнауға үйренеді. Мұнда көбінесе топтық ойындар қолданылады. Орта жастағы оқушылар жарыстарға көп қатысады.Қозғадысы жылдам, секіру орйындарын жүргізуге көп мамандар ұсынады. Физикалық қабілеттерінің күшеюіне байланысты оқушыларға күшті қолдану үшін ойында өткізіледі. Ондай ойындардың уақыты аз болады. Ал мұғалім қарсылыстардың барлық қозғалыстарын бақылап тұрады. Оқушылардың жылдамдығын дамыту үшін лоар қозғалыста болу керек.Оқушыларды шаршатпау үшін ойындарды 15минуттан артық жүргізбеу керек. 4-6 сыныптарда топтық ойындарда рөлдерді дифференциялауға болады.Оқушылар спортқа, спорттық ойындарға көп қызығушылық білдіреді. Сондықтан көптеген қозғалыстағы ойындарға әр түрлі спорттүріне жататын ойынның элементі қолдангылады.
Кейбір ойындарда бағдарлама бекіткендей алғы рөлдерді ойынның басын да аяғын да бір кісі орындауы керек. Осындай ойындарға белсенді, дайындығы мол оқушыларды қатыстыру керек. Осындай оқушыларды таңдаған кезде сыныптастарының пікірін де білу қажет. Себебі өз сыныптасының қабілеті қандай деңгейде екенін біледі. Оқытушы алғы рөлдегі ойыншыға тән қасиеттерді айтып, сол ойыншыны таңдайды. Басқа да таңдау жұмыстарын жүргізуге болады.Қозғалыстағы ойындарда топтық ойындар негізгі орынды алады. Сондықтан оқушыларға топпен жұмыс істеуге үйрету керек. Осыған орай оқушылар эстафета кезінде, жарыстарды шыдамсыз болғандықтан, оларды бір топқа 8-10 адамнан бөлу керек. 4-6 сынып оқушыларында қозғалыс ойындарына ққызығушылығы арта түседі. Оларды ойын нәтижесі емес, оының сапасы толғандырады.
Шаңғымен тебу, жүру, атлетика, гимнастика кезінде дене шынықтыру мұғалімі олардың қозғалысына қатаң талап қойып, бақылап жүреді. Ойын кезінде экономды түрде, тез жылдамдықпен ойнау үшін қозғалыстағы ойындарды қайталай берген кезде жақсы нәтижеге жетуге болады.
Бұл жастағы оқушылар өздерінің сыныптастарымен ақылдасқанды жөн көреді және кейде үлкендермен салыстырғанды олармен көбінде тіл табысып жатады. Сол себепті ұстазға кейбір жағдайларда ұжым арқылы жеке ойыншыға ықпал жасау керек.
Ұжымдылық тәрбиесіне қажырлылық пен жауапкершілік сезімін ояту үшін, септігін тигізетін сыныптастарға көмек келтіретін ойындар жақсы.
Кейбір ойындарға баскетбол белгілеріне ұқсас допты меңгеретін техника элементтері енгізіледі. Олардың орындалуына көңіл аудару қажет, құралған стеротипті қайта құрастыру қиын болғандықтан, дұрыс дағдыға үйрету керек.
Әрекеттегі келісушілікті тәрбиелеу үшін оқушыларды ойнату қажет, себебі, ойын үстінде серіктесінің әрекеттерімен санаса отырып, қарсыласының ойын үстіндегі ой жоспарын болжап шешуге мүмкіндік алады.
Кейде, таныс ойын алдын ала шынықтыру ойынында қолданылады.(сыныптағы бақылау жұмыстарынан кейін, ақырғы сабақтарда оқушылар шаршаған тұста немесе назары шашыраңқы болған уақытта)
Кейбір жағдайларда аз қозғалысты ойындар сабақтардың соңында, оқушыларды мазасыз күйге түсіру үшін және олардың назарын жүйелендіру үшін өткізіледі.
4-6 сынып оқушыларының арасында қозғалыс ойындарын жүргізгенде кезде кедесідей тапсырмалар шешіледі: ойын ережесінде гимнастикалық, жеңіл атлетикалық қозғалыстар, шаңғымен жүру белгілерін бекіту және дамыту; жылдамдықты арттыру; үлкен және кішкене доптарды лақтыру мен қағып алу дағдыларын ары қарай жетілдіру; күштің жылдамдықпен және ептілікпен дамуы, сондай-ақ әрекеттегі келісім; өзара көмекке баулу, шығармашылық қарқындылық, уақыт және кеңістік аралығында дұрыс тоқтамға келе алу.
Қозғалыс ойындары қатысушылардан арнайы дайындықтарды талап етпейді. Ойынның шарттары ойын өткізілетін алаңның жағдайына сәйкестендіріліп, оқушыларға және ұстаздарына қатысты жүргізіледі. Оларда дәл құрылған ойыншылардың саны, ауданның дәл өлшемі және де инвентарь орнатылады: волейбол және баскетбол доптары, скакалкалар, гимнастикалық орындықтар мен таяқшалар, түрлі жалаулар және т.б.
Физикалық сапа тәрбиесінде қозғалыс ойындарының мәні ерекше: жылдамдықта, ептілікте, күште, шыдамдылықта, иілгіштікте. Негізі, қозғалыс ойындарында физикалық сапа кешенді дамиды. Қозғалыс ойындарының көпшілігі қатысушылардан жылдамдықты қажет етеді (жылдам қашу, қуып жету, дыбысты және көрермен сигналдарын сезіну).
Ойындағы жиі өзгеретін ереже, қатысушылардан бір әрекеттен екінші әрекетке жылдам ауысуды талап етеді, ептілікті шыңдауғы тәрбиелейді. Жылдамдылық-күштілік бағытындағы ойындар күшті жетілдіреді. Жиі қайталанатын күйзеліс қозғалысындағы, үздіксіз қозғалғыш әрекетіндегі, энергия мен күшті көп жұмсауға байланысты ойындар, шыдамдылықты шыңдайды. Қозғалыс бағытында жиі өзгеретін ойындар, иілгіштікті тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Әрбір қозғалыс ойындары өзінің мазмұнына, формасына (құрылымы) және әдістемелік ерекшеліктерге ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет