Кіріспе курстық жұмыстың өзектілігі



бет10/20
Дата22.12.2022
өлшемі271,81 Kb.
#59007
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Курстық жұмыс Дильназ

1.3. Танымдық таным теориясы
Ежелгі замандардан адамды қоршаған орта, дүние, ғалам туралы ойлар толғандырған. Осыдан адам дүниені танып біле ала ма деген сұрақ туындайды. Таным деп біз адамның қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған іс-әрекетін айтамыз. Ол әрқашанда дамып отырады. Дүниетанудағы негізгі мақсат - зерттелетін заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу, білу. Білім - әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесі. Демек, танымды күрделі үрдіс, ал білімді белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек.
Танымның практикалық табиғаты. Практика (грек сөзі, белсенділік, іс-әрекет) ұғымы айнала қоршаған ортаны өзгертудегі адамның саналы, мақсатқа лайықты іс-әрекетін бейнелейді. Танымның негізгі мақсаты тек қана білімді жетілдіру емес, сонымен қатар әрқашан өзгерісте болатын қоғам мен адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеуде болады.
Осы тұрғыдан ғылымның қайнар көзінің адамзат практикасының қажеттіліктерінен шыққанын байқауға болады. Мысалы, көне заманда көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға қарап, көш жолдарын анықтай бастады. Көне Мысыр мен Қытайда суармалы егін егу қажеттілігі үлкен су жолдарын тартуға мәжбүр етеді. Соның нәтижесінде геометрия мен математиқаның негіздері пайда болды.
Таным құрылымы - өте күрделі үрдіс, ол сезімдік және рационалдық болып бөлінеді. Сезімдік танымның негізгі формалары түйсіктер, қабылдау және елестету болады. Айнала қоршаған дүниемен адам өз түйсіктері арқылы байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттілігін анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығынан айнала қоршаған ортадағы физикалық құбылыстармен теңеуге, сонымен қатар ажыратуға болмайды. Кең түрде алғанда, түйсіктер бізді дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше түріне жатады. Олар, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзат практикасымен тығыз байланысты. Адамның түйсіктері бір-бірімен байланысты, олар өзара бір-бірін толықтырьш, сәйкестендіріп отырады. Соның нәтижесінде адам дүниені қабылдауға мүмкіндік алады. Затты қабылдау дегеніміз оның ащы-тұщылығын, түрлітүстілігін т.с.с. қасиеттерін белек-бөлек ажырату емес, оның біртұтас бейнесін тудыру болып табылады.. Мысалы, егер көктемде алқызыл апорт алмасын көрсек, оның біртұгас бейнесін, оның хош иісіне ерекше көңіл бөлеміз. Егерде күзде осы апортты көрсек, оны қабылдағанда оның түсіне, формасына ерекше көңіл бөлеміз, оны тек тағам емес, Эстетикалық зат ретінде қабылдап, ләззат аламыз.
Әр адам дүниедегі заттарды өз жасына, өмірден алған тәжірибесіне, білімі мен кәсіби іс-әрекетіне, тіпті мінез-қулқына байланысты қабылдайды. Мысалы, жеңіл машинамен әуестенетін адам санасында неше түрлі машина туралы ақпараттар болады. Ол бұрын көрмеген машинаның жаңа моделін байқаса, оның жанына келіп, сол көлік жөнінде белгілі бір пікірге келеді, оны игеруге тырысады. Ал басқа адам ол машинаға көңіл де аудармайды. Музейге қойылған мәрмәрдан жасалған жас әйелдің дене бітімінен біреу асқан сұлұлықты, жетілгендікті көрсе, екінші надан адам оны нәпсілік тұрғыдан қабылдауы мүмкін.
Елестетудің санаға тіпті жақындығы байқалады. Өйткені көзге елестетін зат, немесе құбылыс көз алдыңда жоқ, бірақ сіз оны елестете аласыз. Мысалы, досыңызды, немесе туысыңызды қазір жаныңызда тұрғандай елестетуге болады.Адамның сана-сезімінің тағы да бір керемет ерекшелігі -өткендегіні есте сақтау. Физиологиялық тұрғыдан келгенде, ол адам жүйкесінің өткендегі болғанды ақпарат ретінде сақтау қасиеті болып табылады. Оның негізгі екі түрін көрсетуге болады. Сонымен сезімдік таным бізге заттардың айнадағыдай бейнсін бермейді, оның қалыптасуына адамның неше түрлі сезімі, қысқасы, бүкіл жан дүниесі қатысады. Абстрактіліқ ойлау формаларында бірінші ұғымдар аталады. Онда заттар мен құбылыстардың жалпы, мәнді, қажетті жақтары бейнеленеді. Г.Гегель ұғымды табиғаттың жаны дейді. Өйткені қайсыбір ұғым мазмұнына заттың мәнді қасиеттері кіреді. Ұғым бір жағынан, дүниедегі заттар мен құбылыстардың бізге керек сан алуан қасиет-терінің бар екенін және олардың бір-бірімен байланысын бейнелесе, екінші жағынан, адамның танымдағы белсенділігін, ой мен білімнің нәтижелігін көрсетеді.Жалпы алғанда, ойлау ұғымдарды ретімен байланыстырып, белгілі бір пікірге келу, пайымдау болып табылады.
Адам таным қабілеттерінің бірі ретінде интеллектні айтуға болады. Ол адамның ең жоғарғы, дүниені біртұтас қамтуға бағытталған ойлау қабілеті.
Интуиция тікелей шындыққа жету, оның ақиқаттығын анық та айқын көру, ешқандай дәлелдеуді талап етпеу. Мәселенің қиындығы ашылған шындықты басқаға жеткізуде болады. Ол үшін оны тағы да ой елегінен өткізу қажет. Бұл интуицияның адамның бүкіл сана-сезімімен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Қайсыбір шындық сол мәселемен талай күндер, я жылдар бойы айналысқан адамға келеді. Бұл мәселенің шешімінің саналы түрде ғана емес, сонымен қатар бисаналық жолмен де шешілетінін көрсетеді.
Таным үрдісі адамның ырқымен (воля) де тығыз байланысты екенін байқаймыз. Ол адамды таным жолында белгілі бір мақсаттарға, нәтижеге жеткізуге көмектеседі. Адам өз ырқы арқылы бүкіл күш-жігерін жинақтап, оны зерттеуге ұмтылдырады.
Танымның негізгі мақсаты - ақиқатқа жету, соның нәтижесінде ғана оны практикалық өмірде пайдалануға жол ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет