Кіріспе. Мәдениет морфологиясы


лекция: МӘДЕНИЕТ АНАТОМИЯСЫ



бет7/39
Дата14.10.2023
өлшемі232,96 Kb.
#114001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
лекциялар мәдениеттану

4 лекция: МӘДЕНИЕТ АНАТОМИЯСЫ

1. Мәдениет кеңістігі.


2. Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника.
3. Өнер генезисі.
4. Мәдениет және қарым-қатынас. Этикет.

Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан  түрлі процестерді материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік т.б барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемділік және тарихи сипатымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланысымен тәуелділіктерін зерттейді.


Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады.
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. 
Мәдениеттің өзекті бөлігі - өнер. «Өнер» терминін екі мағынада анықтауға болады. Кең мағынасында өнер адам баласының жасампаздығын білдіреді де, "ендіру", "жасау", "құру" деген негізден өрбиді. Мысалы, көне гректердің өнерді білдіретін ұғымы "poiesis" - адам қолынан шыққан, өндірілген заттар әлемі ретінде табиғи әлем – "physiske" қарама-қарсы қойылған. Tap мағынасында "өнер" деп көркем шығармашылық үдерісін және оның нәтижелерін (бейнелеупоэзияәуенби және т.б.) айтуға болады. Өнер – көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды.
Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі - оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет - адам әлемі.
Ғасырлар - адамның мәдени дамуының куәсі. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді.
Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.
Діни сана, әр тарихи кезеңде, түрлі қоғамда әртүрлі дәрежеде қызмет атқарып, көрініп отырады. Негізінен оның үш сатысын атауға болады. Бірінші сатысы – діни сана қоғам санасында жетекші орын алады; діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады; әлеуметтік қатынастарда діни сенімдер міндетті түрде ескеріледі; өкімет билігі діни және азаматтық салалардан тұрады. Бұл үрдіс (процесс)сакрализация (латын тілінде sakra - қасиетті) дап аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет