Кіріспе. Мәдениет морфологиясы


Рухани мәдениет дегеніміз



бет2/40
Дата02.12.2023
өлшемі419,89 Kb.
#132467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
Кіріспе. Мәдениет морфологиясы-emirsaba.org

Рухани мәдениет дегеніміз - білім, идея, заң, мінез-құлық, ережелер, белгілер, әдет-ғұрып, дәстүр мен тіл болып табылады. Рухани мәдениет – философия, құқық, этика, эстетика, ғылым, білім, әдебиет, діни-мифологиялық сенімдерді, яғни адамдардың рухани дүниесін қамтитын сананы қарастыратын таным, адамгершілік, тәрбие беру және білім алуды қамтиды. Рухани мәдениет ол көп салалы болып келеді де философиялық, адамгершілік, көркемдік, құқықтық, педагогикалық, діни-танымдық және интеллектуалдық мәдениеттерді қамтиды.
Материалдық мәдениет дегеніміз – тұрмыстық және өндірістік білім, өндіріс техникасы мен технологиясы және т.б. Материалдық мәдениет бұл адамдардың материалдық өндірісінің, қызметінің нәтижелерін: өндіріс пен тұрғын үйді, тұрмыста тұтынатын заттарын, киім, көлік, байланыс құралдары мен дене тәрбиесін және т.б. қамтиды, қысқаша айтқанда, адамның қолымен жасалынған өзін қоршаған заттық ортасы.
Американдық антропологтар А. Кребер мен К. Клакхон мәдениеттің 150 анықтауларын талдап, оларды 6 негізгі тұрпатқа бөлді.
1. Суреттеме анықтаулар. Бұрын Э.Тайлор сияқты мәдениет түсінігін қамтитынның бәрін атап шығуы жатады.
2. Тарихи анықтаулар. Мұнда ерекше көңіл аударылатыны әлеуметтік мұралану дәстүрі. Мысалыға Э. Сепир берген анықтаманы келтірейік: мәдениет ол-«біздің өмірдің арқауын құрайтын, әлеуметтік мұраға қалған қызмет пен сенімдерінің кешені».
Тайпаның мәдениеті тайпа қолданатын бір қалыпқа келтірілген нанымдар мен тәжірибелердің жиынтығы болып табылады. Философ Т.Карвердің берген анықтамасына сай «мәдениет – ол адамның жоғары қабілеттерін тұрақты жүзеге асырылуы барысындағы артық қуатының шығуы». «Мәдениет, У. Томас пайымдауына сай, - ол тағылар туралы ма, жоқ өркениетті адамдар жөнінде ме сөз болғанына тәуелсіз, кез келген адамдар тобының материады және әлеуметтік құндылықтары (институттар, әдет-ғұрыптар, ұстанымдар, мінез-құлықтық әсерленулер)».
4. Психологиялық анықтаулар үш бағыттың біреуіне көңіл бөледі: а) не ортаға бейімделу үдерісіне; «Мәдениет немесе өркениет деп адамның оның өмірлік жағдайларына ыңғайланулар жиынтығын айтады... Бұл ыңғайланулар түрлену, сұрыптау және мұраға беру сияқты амалдардың үйлестірілуі жолымен қамтамасыз етіледі.»
5. Құрылымдық анықтауларда назарды мәдениеттің құрылымдық ұйымдасуына бөледі. «а) мәдениеттер – ол түптің түбінде қоғам мүшелерінің ұйымдастырылған қайталанатын әсерленулерінен басқа ешнәрсе емес; ә) мәдениет – ол осы қоғамның мүшелері ұстанатын және оларға мұраға берілетін оның құрылымдық бөліктерінің үйретілген мінез-құлықтың және жүріс-тұрыстың нәтежелерінің үйлестірілуі ».
6. Генетикалық анықтаулар мәдениетті оның пайда болу тұрғысына қарайды.
Сонымен, мәдениет – ол парасатты адамға тән, материалды обьектілер мен ажырамас байланыста қаралатын жүріс – тұрысы. Яғни адамның бірінші табиғаттан алып жасалған «екінші табиғаты» - адамның өзі тұратын әлемі. Қоғамдағы қабылданған ережелерді мойындаған ол өз жүріс – тұрысын мәдени үлгілерге бағындырады. Адамың өмірлік тәжірибесінің қалыптасуы онсыз мүмкін болмас еді.
Әлеуметтік өмірді мәдениетсіз елестету мүмкін емес. Оның рухани мәдениетпен тығыз байланыста, өзара әрекет ететінін ескеру қажет. Мәдениетті игеру барысында адам өзін танып жетілдіреді, өйткені ол адамдардың шығармашылық қызметінде жасалатын материалды және рухани құндылықтардың жиынтығын меңгереді.
4. Типология – мәдениет дамуын ой елегінен өткізу және оны зерттеу тәсілі. Типология (грек тілінен «типос» — пішін, үлгі, із және «логос» — ілім, соз деп аударылады) деп қазіргі ғылыми әдебиетте зерттеу объектілерін жалпылама үлгі комегімен талдау, сүрыптау және жинақтау әдістері мен тәсілдерін айтады. Типология, әсіресе, бір-біріне үқсамайтын, коп түрлі қүбылыстармен істес болатын ілімдерде реттеу және түсіндіру мақсатында жиі қолданылады. Осы сипатта типологияның XX ғасырда жан-жақты дамыған структурализм, жалпы жүйелік ілім мен мәдениеттану сияқты ілімдерде кеңінен қолданылатынын баса айту қажет.
Бұл ілімдерде типология әр түрлі құрылымдык заңдылықтарды ашу, олардың негізіндегі архетиптерді айқындау, осының нөтижесінде идеалды типтерді қүрастыру және оларды салыстырмалы тәсілдермен түсіндіру сияқты ғылыми негізгі әдістерге жатады. Сонымен, адамзатқа тән сан алуан мөдениетті зерттеу үшін типология ауадай қажет.
Қазіргі мәдениеттануда типологияның бірнеше баламасы қабылданған. Бұл жерде шешуді қажет ететін мәселе - мәдени типтердің өзара байланысы. Дүниежүзілік тұтас мәдениеттер эволюциясы бар ма, әлде әрбір мәдениет оқшау, бір-бірімен алшақтап кете ме? Осы мәдени типтердің тарихтағы салмағы, оның қосқан үлесі қандай? Неліктен адамзат дамуында белгілі бір мәдени тип алға озып шығады? Ал бұрын гүлденгені, неге кейін солып қалады? Осындай сұрақтарды жалғастыра беруге болады. Енді соларға түсіндірмелерді іздестіріп көрейік.
Осы мәселе бойынша мәдениеттануда негізінен үш бағытты бөліп алуға болады. XІX ғасыр тарих тұрғысынан мәдениет типтерін негізінен біртұтас дүниежүзілік өркениеттің қалыптастыру заңдылықтарына сәйкестендіре шешті. Дарвинистік эволюциялық ілім ықпалымен пайда болған бір бағыттық прогрессивтік мәдени даму тұжырымдамасы бойынша әртүрлі өркениет жоқ. Тек бір өркениет бар және де барлық дамыған елдер мәдениеттің ұқсас сатыларынан өтеді. Бұлай ойлау, өсіресе, марксизм ілімінде анық айтылған (қоғамдық-экономикалық формациялар, спираль түрінде даму идеялары). Гегель философиясындағы жалпыламалықтың жекелерден жоғары тұрып, оларға үстемдік ету принципі мәдениет типтеріндегі өзіндік ерекшеліктерді елемеуге әкеліп соқты.
XІX ғасырдың екінші жартысынан басталған бетбұрыс осы мәселеге де өз әсерін тигізді. Мәдениеттегі ортақ даму заңдылықтарын логикалық тұрғыдан талдаудың орнына әрбір "өркениеттің" көркем өмірбаянын суреттеу алдынғы қатарға шықты.
Ресейде де бұл идея XІX ғасырда терең тамыр жайған. Осы ретте орыстың белгілі мәдениет тарихын зерттеушісі Н.Я. Данилевскийдің тарихи-мәдени тип іліміне қысқаша тоқталып өтейік. Ол өзінің «Ресей және Еуропа» атты шығармасында тарихта 13 мәдени типтің болғанын атап өтеді. Осы тарихи-мәдени типтердің арасынан біз түрік халықтарын таба алмаймыз. О. Шпенглер сияқты Н. Данилевский де «Орталық Азия халықтары варварлық сатыдан шыға алмады» деген еуроорталықтық көзқарас шеңберінде қалып қойған.
Әрбір мәдени-тарихи тип оқшау организм тәрізді болғандықтан, олардың бір-біріне қарым-қатынасы шектелген, араларында шынайы сұхбаттасу (диалог) мүмкін емес. Н. Данилевскийдің пікірінше, ұлттық мәдениеттер шығармашылық (творчестволық) және қатып-семіп қалғандар (реликтілік) болып бөлінеді. Тарихи қозғалыс нөтижесінде кейбір мәдениет алға озып шығады да, басқалары оларға этнографиялық материал болудан озгеге жарамайды. Жалпы қалыптасқан мәдениет шамамен 1500 жылдай омір сүреді. Оның 1000 жылын қалыптасу, нәр жинау, басқалардан оқшаулануды қамтитын этнографиялық кезеңі алса, 400 жыл мемлекеттік кезеңге жатады. Тек соңғы 50-100 жыл ішінде тарихи-мәдени тип өзін көрсетеді, тарихта із қалдырады. Бұл кезеңді Н. Данилевский өркениет деп атайды. Бірақ өркениет түбінде этностық мәдениетке орны толмайтын нұқсан келтіреді, оның архетиптік өзегін жегідей жейді.
Әрине, Н. Данилевский тарихи-мәдени типтердің арасындағы байланысты мүлдем жоққа шығара алмайды. Оның пікірінше, мәдениеттердің арақатынасының 3 түрі бар:
• а) жою, тазарту (мысалы, еуропалықтардың Америкадағы үндістер өркениеттерін мүлдем қүртып жіберуі);
• ө) будандастыру (І Петрдің еуропалық мәдениетті орыс жеріне енгізуі);
• б) тыңайту (мәдениет өзінің негізін сақтап, басқалардың нәрімен толығады). Жалпы алғанда кәптеген тың пікір айтқа-нымен, Н. Данилевский мәдениеттер тұтастығын жеткілікті ескермейді.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап адамзат ғасырлар бойы қалыптасқан, алайда жаугершілік пен алапат соғыстардың саддарынан жиі-жиі үзіліп қалған өзінің бірыңғай мәдени бірлігін қалпына келтіре бастайды. Бүкіл планеталық тұтастық идеясы гуманист ойшылдарды тарихтың ішкі мәнісін замаң сабақтастығынан іздеуге ұмтылдырды. Мәдени оқшаулық теориялары өз орнын адамзат өркениеті дамуының біртұтастығы: жайындағы ілімдерге бере бастады. Осылардың ішінде белгілі философ-экзистенциалист Карл Ясперстің (1883-1969 белдеулік (осьтік) уақыт ілімі ерекше орын алады.
К. Ясперстің пікірінше, адамзат біртұтас күйде пайда болған, негізгі даму бағыты ортақ және тағдыры мен болашағы ұқсас Жалпыадамдық мәдениет пен өркениеттің қалыптасуын шешуші әсер еткен фактор - тарихтағы рухани даму, құдайлық сенімнің адамдарды баурап алуы. Бірақ әрбір дүниежүзілік немесе ұлттық дін өзара таластың салдарынан жалпыадамдық наным мен сананы қалыптастыра алмады. Оны тек қана «дүниежүзілік тарихтың белдеулік уақытында» пайда болған философиялық сенім тұжырымдады. Бұл - шамамен б.э.б. 800 және 200 жылдарды қамтитын уақыт. Осы кезде планетамыздың әр жерінде (Қытайда, Үндістанда, Персия мен Палестинада, Ежелгі Грекияда) рухани қопарылыс болып, қазіргі адам типі қалыптасты. «Бұл уақытта, - дейді К. Ясперс одан әрі, - керемет құбылыстар болып жатты. Қытайда Конфуций мен Лао-цзы өмір сүрді. Мо-цзы, Чжун-цзы, Ле-цзы және тағы да көптеген философтар өз ойларын дамытты. Үндістанда Упанишадтар пайда болып, Будда өмір сүрді. Осы екі елде де адамзаттың барлық тағдырлық мәселелері пайымдалып, бабына жетті; Ираңда Заратуштра жақсылық пен зұлымдықтың арасында толассыз күрес жүретін әлем туралы өз ілімін уағыздады; Палестинадан Илия, Исайя, Иеремия және Екінші Исайя пайғамбарлар шық-ты; ал Грекия - бұл Гомер мен Парменид, Гераклит, Платон тәрізді философтардың, Фукидид пен Архимед сияқты трагиктердің уақыты».
К. Ясперс ертедегі ұлы мәдениеттердің пайда болуын адамның өзінің әлсіздігін сезініп, осы жағдайдан құтылу үшін рухани күреске шығуы арқылы түсіндіреді. Адамзаттың рухани бірлігі идеясын К. Ясперс мәдениеттер типологиясын талдауға негіз етіп алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет