Кіріспе. Мәдениет морфологиясы


Халықтық поэзия формалары. Ақын-жыраулардың музыкалық шығармашылығы



бет21/40
Дата02.12.2023
өлшемі419,89 Kb.
#132467
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Байланысты:
Кіріспе. Мәдениет морфологиясы-emirsaba.org

Халықтық поэзия формалары. Ақын-жыраулардың музыкалық шығармашылығы. ХV ғ.-ХІХ ғ. басы – жыраулар дәуірі деген атпен белгілі қазақ әдебиетінің ерекше өркендеген кезеңі. Жыраулар, суырып салма ақындар жыр толғаулар мен нақыл өлеңдердің авторлары болды. Жыраулар сонымен бірге көрнекті саяси қайраткерлер, хандардың кеңесшілері, ру басылары, әскери қолбасшылар болды. Жыраулық поэзияның ірі өкілдері Асан қайғы мен Қазтуғанның, Доспамбет пен Шалкиіздің, Ақтамберді мен Бұқар жыраудың елдік пен ерлікті, азаматтық пен адамгершілікті жырлаған өршіл өлең-жырлары, туған жер, ата қоныс, ел тағдыры, өмір өткелдері мен қоғам жайлы философиялық толғау тұжырымдары, ойшылдық пен шешендік өнер өнегелері адамзат атаулыға тән асқақ кісілік идеяны паш етеді. Осы үлгі-өнеге тұтар, ұрпағымыз мақтанышпен мәңгі естерінде ұстар ақын-жырау, даналарымыздың әрқайсының өмір жолдары сол өзі өмір сүрген заман тарихымен тығыз сабақтастықта жатыр. Жалпы кісілік құндылық болып табылатын: салауаттылық, инабаттылық, ізеттілік, ар-ұятты болу, қайырымдылық, перзенттік парыз, ата-анаға, отанға қызмет ету, ұлтын, халқын, отанын сүю, қорғау, әдептілік, имандылық, ар-намыстылық, өнерпаздық, ата-текті қастерлеу, бүкіл адамзаттық адамгершілік қасиеттерді ардақтау, ерлік деген ұғымдарды тәлім-тәрбиеде кісілік өлшемдердің көрсеткіші деп санасақ, адам бойына қуат берер осынау ізгі қасиеттерге баулуда жыраулық поэзиядан аларымыз өте көп.
Тұтастай белгілі кезеңдердің қоғамдық-әлеуметтік, тарихи сипатын таныта алатын дидактикалық-философиялық сарындағы толғаулармен қатар сөз зергерлері адамгершілік, этика, мораль тақырыптарын да адам өмірінің түрлі жағдайларына қатысты келістіре жырлап, ел ішінде тәрбиелік міндет атқарып отырғандығы байқалады.
Қазақ халқының ұлттық сана-сезімі мен рухани мәдениетінің қалыптасуына елеулі әсер еткен алғашқы қазақ ойшылдарының бірі ұлы жырау Асан қайғы деп есептеледі (XIV ғ. II жарт. - XV ғ. 60-жылд.). Оның өмір сүрген кезеңі қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу үдерісіне сәйкес келеді. Асан Қайғы Алтын Орда ханының беделді төресі, 1465 жылы Жетісудың батысында Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек сұлтандардың кеңесшісі болған. Жәнібек ханның сарайында тұрса да, ол өзін әрдайым халық мүддесін жеткізуші ретінде таныта білді. Ол ханға жеке бастың қамы мен мүддесін былай қойып, ең алдымен «ханның халық алдындағы борышын», ел егемендігін, көршілес елдермен қарым-қатынасты назарда ұстауға кеңес береді. «Асан көшпелі мал шаруашылығына көгендеулі тұрмыстың тұрақсыздығын, оның ауа райына тәуелділігін, жұт, аяз кезінде азықсыз қырылып қалуы мүмкіндігін жақсы түсінді». Оның шығармашылығында философиялық, дидактикалық жанр жетекші мәнге ие. Өз толғау, терме, нақыл сөздері мен афоризмдерінде тұрмыс-тіршіліктің түйінді мәселелерін ой талқысына салады.
Асан Қайғының мұрасын жинаумен Ш.Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, М.Ж.Көпеев т.б. айналысқан. Барша қазақ ру-тайпаларының бірігуі идеясын қолдаған тарихи тұлға бола тұра, ол аңыз, кейде тіпті ертегі-миф кейіпкері ретінде халық жадында сақталып қалған. Ол халық санасында өмір бойы бақ қонған Жерұйықты іздеуші ретінде есте қалды. Асан Қайғының пайымында, «Жерұйық» адамдарды тегіс бақытқа бөлейтін жер болуы тиіс. Өмір жағдайына қарамастан, адам шынайы әрі әділетті болуы тиіс. Ол «ғайбат сөзден» қорқуы керек, себебі «зұлымдық» атаулы содан шығады. Зерттеушілер атап өткендей, оның дүниетанымының трагизмі – өмірде толып жатқан қайғы атаулыны, соның ішінде адам қасіретін айрықша терең сезінуінде. Махаббат пен қайғыға ортақтастық идеясы да осыдан келіп туындайды. Сондықтан Ш.Уәлихановтың оны «көшпенді философ» деп атауы әбден орынды. Кейбір нұсқалар бойынша, Асан Қайғы Қытай, Қашқария, Қоқан, Хиуа, Бұхар жерлерін кезіп жүріп, орыстарға ат басын тіреген екен. Тіпті ол өз сапарының жоспарына Каспий теңізі мен Орал өзенінің жағалауларын да қосқан көрінеді. Асан Шу өзеніне табан тірегенде былай деген екен: «Бұл өзеннің жағасы саздақ, қамысты екен, оның арғы жағында жолбарыс (бой жасырады). Балалар мұнда (жаман) судан науқастанатын болады. Бұл жерде пышақ ешқашан қынына салынбас, ал әйелдер (жау қолында) бөтен болып күнелтетін болады».
Қаратау жайында Асан келесіні айтады: «Мына жер де көкектен басқа құс мекен етпеген, шөп сасыған нашар жер... Бұл жерде арғымақ беске келіп, жігіт жиырма беске келіп қартаяр. Қаратау жаз жайлауға ғана жайлы. Ал қыста Сыр бойына қоныс аударған жөн. Мұнда жыл он екі ай тұрақтауға болмайды». Сырдарияны көргенде Асан: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Екі ауыл әрең сыяды», - деп шешіпті. Сонымен Асан Жиделібайсынға да жеткен екен. Бұл – Иран жанындағы ел мекен етпейтін, қауіпсіз, жайылымы мол жер, Бұхардан 15 күндік жерде орналасқан (Потанинның айтуы бойынша). Одан оралған соң Асан ағайындарын жиып, былай депті: «Мен бір ұрыс-төбелессіз ат мініп жүруге болатын, малың қолды болмайтын, қасқырға жем болмайтын құтты қоныс іздеп таптым. Сол жерге көшейік. Ол жақ жылы. Сол жерде бөлініп-жарылмай тіршілік кешеміз. Жиделібайсында «әлдекімдерден қауіп-қатер күтпей», үрейсіз қоныс тебуге болады – бейбіт, соғыссыз, шапқыншылықсыз өмір орнайды» дейді Асан қайғы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет