Кіріспе. Мәдениет морфологиясы


-апта: Түркілердің мәдени мұрасы



бет16/39
Дата20.02.2023
өлшемі232,96 Kb.
#69553
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
8-апта: Түркілердің мәдени мұрасы
1. Сопылық Қайта Өрлеу.
2. Ахмет Яссауидің тұлғасы мен қызметі.
3. Әл-Қашқари – түркі әлемінің ақыны.

Сопылық Қайта Өрлеу. Ренесанс идеясының алғашқы нышандары Қазақ жерінде VIII-X ғасырлар аралығында көрініс таба бастады. Бұған Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Сыр бойындағы қалалық мәдениеттің өркендеуі, материалдық және рухани өмірдегі жетістіктер айғақ бола алады. Осы кезде Қазақстан жерінде Қарахан, Қыпшақ, Оғыз мемлекеттерінде ірі тұлғалар талай мәдени туындыларды ұрпақтарына мұра етіп қалдырды. Олардың ішінде оғыз қыпшақтардың «Оғызнаме» және «Қорқыт ата кітабы», қарахандағы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» айрықша орын алады.
Шығыс ренесансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу кезеңі екендігі белгілі. Оның әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хаям сияқты өкілдерінің рухани мұрасы бар.
Сопылық бағыт ислам әлемінде о баста ресми дінге қарсы оппозициялық қозғалыс ретінде туады. «Суфь» деген термин арабтың «жүн шекпен» деген сөзіне орайластырып алынған. Сопылар – киім талғамайтын, руханилықты ойлайтын тақуа адамдар.
Сопылық бағытың тарауының бір себебі, әуелде ой бостандығын шектемеген араб халифаттарында Х ғасырдан бастап фанатиктер күшейе берді. Олар құранға қарсы деп әртүрлі ағым өкілдерін қуғынға ұшыратады. Әсіресе, иран, түрік және үнділердің көне мәдениетінен қалған мұралар алла сөзіне жат деп жарияланады. Осы қуғын салдарынан Иран, Араб жерлерінен көптеген сопылар Түркістан жеріне қарай келеді. Осы кезеңде орта Азияда 300-400 мың дәруіш пайда болды. Сопылар құдайды парасатпен емес, жүрекпен түсіну керек деп жариялайды. Олар халыққа түсінікті ету мақсатында өз идеяларын жергілікті түрік тілінде уағыздай бастайды. Осы бағыттың көрнекті өкілі, кейін мұсылман пірлерінің біріне айналған-Қожа Ахмет Ясауи. Оның ең үлкен жетістігі ғасырлар бойы қалыптасқан түрік мәдениетін мұсылман өркениетімен шебер байланыстыруында еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет