Кіріспе. Мәдениет морфологиясы


лекция: ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ



бет15/39
Дата20.02.2023
өлшемі232,96 Kb.
#69553
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
7 лекция: ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ

1. Орталық Азия аймағындағы мәдениеттер байланысы.


2. Ортағасырдағы түркі мәдениеті.
3. Ортағасыр мәдениеті мен ғылымының қалыптасуындағы әл-Фарабидің үлесі.
Шығыс Ренесанссының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу еғкендігі белгілі. Оның әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, Омар Хаям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам адам деп есептеу қиын.
Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афро-еуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыпасуына мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда, ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып, қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, үндістан, Египет, Сирия) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап еді.
Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз әсерін тигізді. Еліміздегі көптеген түрік тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатук, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. Х ғасырда оғыздар мен қыпшақтардың да ірталай бөлігі мұсылмандыққа өтті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді.
Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мұсылманның рухани өміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің терең әсерін қалдырады. Бірінші бағыт-Платон, Аристотель сияқты грек философтарына сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты. Оның негізін салушы-дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы, ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн Тархан ибн әл-Фараби ат-Түрки. Әл-Фарабидің рухани мұрасы қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген. Ал әл-Фарабидің өзі зерттеу жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ.
Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб мәдениетінің мына 4 тармағына байланысты: 1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәлелдеу). 2. Шариғат (мұсылмандық тұрмыс-салт заңдары). 3. Тарихат (Аллаға қызмет еткен әулиелер өмірі). 4. Марифат (білімділік, парасаттылық идеялары).
Мың жылдық тарихы бар Иран өркениетін бұл елді жаулап алған арабтар, осы мәдениеттегі өте терең парсылық әдебиетті меңгеру жолын әдеп деп түсінді. Әдепке жататын шығармалар өзінің қарапайымдылығымен, түсініктілігімен, ой ұшқырлығымен адамды баурап алады. Әдепті адам ілімін әл-Фараби өзіне тән гуманистік тұрғыдан қарастырады және осындай адамдағы бірінші қасиет деп оның парасаттылығын көрсетеді. Оның шығармаларында кездесетін адамды «хайуани ақли» деп анықтау кейінгі еуропалық ағартушылықтағы «есті адаммен» сабақтас.
Осындай тұлғалық деңгейге, ең алдымен, елбасшысы көтерілуі керек. Ол өзінің аңдағыш қасиеті арқасында дана, философ, кемеңгер, парасат иесі болып шығады, ал оның қиялдау қабілетіне қасиет дарыған адам пайғамбар, сәуегей және өмірдегі оқиғаларды түсінгіш, білгір болып көрінеді,-міне, осының бәрі оның тәңірлікті танып білетін болымысының шарапаты. Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл-Фараби өзінің «Қайрымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы», «Бақыт жолына сілтеу», «Ақылдың мәні» туралы трататтарынада жан-жақты талдаған.
Жалпы алғанда, әл-Фараби - Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы, ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алады. Оның рухани мұрасы өзінің ұлы ізбасарлары ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т.б. суалмайтын қайнар болды.
Әбу Насыр Мұхаммет ибн Мұхаммет ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби (870-950 жж.) Отырар оазисінде өмірге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан аймағы). Қазақстан жерінде егіншілік пен қалалық мәде-ниеттің көпғасырлық тарихы бар. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстанда көне замандарда-ақ қалалар мен суармалы егіншілік пайда болды. Арабтар жаулап алғаннан кейін Отырар оазисі Фараб аймағы деп аталып кетті. Онда бірнеше қала орталықтары, солардың арасында Весидж (Оксус) қамалы да орналасты. Әл-Фараби осы жерде дүниеге келіп, балалық шағын осында өткізді. Оксус қалашығы Сырдарияның сол жағалауында Ақжар сайында, Отырардан солтүстік батысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. Әл-Фараби өмір сүрген уақытта ол қолөнері дамыған қала болды. Орта Азиядан Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңы арқылы өтетін керуен жолдарында орналасқандықтан ол Отырар оазисі мен барлық Оңтүстік Қазақстан өмірінде маңызды рөл атқарды.
Қазақстан арқылы тауарға толы керуендер өтіп жатты. Көшпелі-малшылар мәдени құндылықтарды тасымалдауға дәнекер болды. Сығанақ, Сайран, Тараз, Яссы, Баласағұн, Отырар сияқты дала алқап-тарында пайда болған көне қалалар керуен жолдарының өтуіне байланысты дамып, өздерінің жоғарғы мәдениетімен және олардың атын шығарған әл-Фараби, Дулати, Қожа Ахмет Иасауи, Баласағұни сияқты және т.б. ғұламаларымен бүкіл әлемге танылды. Әл-Фарабидің жерлесі, астраном әрі математик Аббас Жаухари әл-Хорезмимен бірге атақты астрономиялық кестені құрастыруға қатысты. Сондай-ақ Қазақстанда өмір сүрген ғалым Исмаил Жаухари 40 мың сөзден тұратын араб сөздерінің сөздігін шығаруымен белгілі болды. Араб тілді географ және саяси жазушы Жахан ибн Хакан әл-Қимақи да Қазақстанда туды.
Ғылыми білім негіздерін Әбу Насыр әл-Фараби Отырарда алды. Мұнда сол уақыттағы ең бай кітапхана орналасты. Әл-Фараби осы кітап-ханада философиялық және ғылыми еңбектермен танысуға мүмкіндік алды. IX-X ғғ. Отырар ірі саяси және мәдени орталық еді. Осында әр түрлі діни сенімдер: шаманизм, зороастризм, несториандық, манихей-шілдік, буддизм кең таралды. VIII ғасырда Оңтүстік Қазақстан араб халифатының құрамына кіргеннен кейін, осы жерді мекендеген халық-тардың рухани өміріне көп өзгеріс әкелген ислам діні кең тарала бастайды.
Осында әл-Фараби өзі өкілі болған түркі мәдениетінің рухани құндылықтарын бойына сіңірді. Әр адамның көзқарасы шындықты рухани-практикалық игерудің жүйесі болып табылады. Онда мәдени аяда қалыптасқан білімдер мен нанымдар, адамгершілік мұраттар, қоршаған ортаға деген психологиялық және эстетикалық қатынас жиын-тығы көрініс табады.
Әл-Фарабидің рухани мұрасы барлық өмірінің барысында қалып-тасты және дүниетанымдық тұрғыда, идеялық бастауында әр түрлі мәдениеттердің – түркілік, антикалық, әсіресе классикалық грек, үнді, иран мәдениетінің ықпалдарымен айқындалады. Ортағасыр дәуірінде қалыптасқан түрлі мәдениеттердің өзара әрекеттесуі исламдық дүние-таным аясында жүзеге асып, адамзатты әлі күнге дейін таңдандыратын мәдени өмірді дүниеге әкелді.
Араб халифатының құрамына енген, әл-Фарабидің отаны Оңтүстік Қазақстан – “екі мәдени-экономикалық аймақтардың – Орта Азия оазистерінің отырықшы тұрғындары мен шаруашылықтың басым түрімен айналысқан көшпелі халықтарының түйіскен жері. Оңтүстік Қазақстан көшпелі және отырықшы тайпалардың байланысқан аймағы ретінде мәдениеттердің өзара баюының, шаруашылық тәсілдерінің синтезінің оң жақтарын және әлеуметтік, саяси дамудың түбірлес жаңа прогрессивті процестерін бойына сіңірді”.
Орта ғасырдағы ислам өркениетінің мәдени өркендеуіне геосаяси, экономикалық, әскери факторлар ықпал етті. Олар Таяу Шығыста жаңа тарихи қауымдастықтың өзіндік санасын оятып, интеграциялық процес-тердің дамуына әсер етті. Жаулап алу барысында арабтар өз территория-ларына Таяу Шығыстың, Иранның, Орта Азияның ірі мәдени орталық-тары орналасқан үлкен географиялық кеңістікті қосып алды. Сауда мен қолөнердің дамуы осы дәуірдің ерекше бір сипаты болды. Оған “негізгі транзиттік сауда жолдарының Орта Азия арқылы өтіп, оның қалаларын Таяу және Орта Шығыстың, Кавказ бен Шығыс Еуропаның, ең әуелі Русьтің, Үнді мен Қытайдың базарларымен қосуы” игі ықпал етті.
Қолөнер мен сауданың тез өсуімен қатар, бұл заманда кең ауқымды урбанизация (кенттену) процесі орын алады. Ортағасырлық ислам мәдениеті қалалық мәдениет болды.
Араб халифатындағы ең ірі халықаралық қолөнер өндірісі мен сауданың орталығы Бағдад қаласы болды. В.В. Бартольд қалаға ресми атауды оның негізін қалаушы бергенін, соған сай ол Мединат ас-селям, яғни “Сәлем қаласы” немесе “Құтты қала” деп аталғанын айтады.
Ол халифаттың мәдени орталығы болды, араб тілді мәдениеттің ғұлама ойшылдары осыған ағылды, халифатқа таралған рухани ағымдар осында пайда болды. “Бір-бірін өзара байытқан түрлі мәдени дәстүрлер тоғысқан дәл осы Бағдадта пұттық нанымдар, иудаизм, христиан-шылдық (христиан несториандар мен монофизиттер арқылы) ислам ерекше айқындалады. Әр түрлі халықтардың мәдениеті ақыл-парасат тоғысуының идеологиялық негізін қалады, олар сұрыпталып аймақтық-этностықтың тар шеңберінен жоғары көтерілді”.
Бағдад әл-Фараби өмірінде де зор рөл атқарды. Ол мұнда араб тілін үйренді, “Аристотельдің логикалық мұрасын түсіндіруші ретінде Бағдадта ғана емес бүкіл араб халифатының мәдени орталықтарына белгілі болған Әбу Бишра Матта бен Йунистен тәлім алды”.
Халифаттағы рухани өмірдің дамуына сол дәуірдің тұрмысына сай келетін тұрғындардың сауаттылық деңгейі мен кітап мәдениетінің дамуы да көп әсер етті. Жоғарыда арабтар жаулап алған елдердің мәдени дамудың жоғары сатысында тұрғандығы аталып өтті, жаулап алушылардың игі ықпалы бағынған халықтардың мәдени дәстүрлерін жойып жібермей, жоғары өркениеттілікті қалыптастырып, оларды өздерінің тарихи қозғалысының қажеттілігіне икемдеп, дамыта алуында болды. В.К. Чалоян “бұл өркениет өкілдерінің мәдени деңгейі олардың кітапқа деген сүйіспеншілігінен көрінеді”, – дейді. Хамир әл-Хакім II бір қолжазбаны мың динарға сатып алады. Арабтар Византиялықтармен олардан грек қолжазбаларының бір данасын алып тұратындығы туралы келісімге келеді» /Чалоян В.Н. Восток-Запад: Преемственность в фило-софии античного и средневекового общества. М.: Наука, 1979.147 б/.
Халифат территориясында білім беру мен мәдени мұраны тасымал-даудың жақсы дамыған жүйесі қалыптасты. Оның негізгі мақсаты – энци-клопедиялық жағынан білімді адамды тәрбиелеу. Білім мен әрекеттің, яғни өмірде білім негізінде әрекет етуге қабілеттілік араб-мұсылман әлеміндегі адам мен қоғам құрметінің нағыз өлшемі болды. Сондықтан білім оқу мен үйретудің нәтижесі ретінде, оның барлық қырларын үйрету ретінде түсінілді. Өткеннің мәдени мұрасы мен қазіргі білімді қабылдаудың маңызды ошақтары медреселер, құттабтар, ғылым үйлері, даналық үйлері және т.б. болды, оларда мұсылман теологиясы және мұсылман құқығымен қатар әр түрлі зайырлы ғылымдар оқы-тылды. Антологиялар мен монографиялар білім іздегендер үшін таным-ның кәусар бұлақтары, қоғамдағы білім мен мәртебенің шынайы қоры болды.
Ортағасырлық ислам әлемінің қалаларында пайда болған мәдениет арабтар бағындырған көне территорияларда қалыптасқан түрлі мәдениеттердің қорытпасы болды. Жерорта теңіздік және үнді-иран әлемін өз үстемдігіне бағындырған олар жоғары дамыған өркениеттермен ұшырасты. Басқа халықтардың жетістіктерін қабылдап, бағынған халықтардың тілдік жағдайын, әдет-ғұрыптарын, наным-сенімдері мен құқықтық реттеулерін ескере отырып, арабтар ассимиляцияға ұшырау-дан өздерін сақтап қана қоймай, бұл халықтарға өз діні мен тілін бере алды.
Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болады. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.
VI-XІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты ірі қалалардың бірі - Исфиджаб (қазіргі Сайрам) болды. X-XІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды.
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болды. Оның төңірегіндегі Талас, Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспар, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ, Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-Оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан.
XІ ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XІІ ғасырдың аяғында Ахмет Ясауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналды.
Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VІ-X ғасырлардағы халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды.
Ортағасырлық Қазақстанның материалдық мәдениетінің басты бір саласы – архитектуралық құрылыс өнері. Оның даму барысында қалаларда қоғамдық ғимараттар, тұрғын үйлер тұрғызу, ислам және басқа да діни кешендерін салу ісі өрістеді. Бұлардың архитектуралық сыртқы көрінісі жинақы, қаланың орталық алаңдарында орналасқан іргелі құрылыстардан тұрған. Мешіт құрылысында, оның зәулім биік мұнарасын тұрғызуда сәулет өнерінің сол кездегі жетістіктері пайдаланылған. Ол кездегі монументальдық архитектуралық құрылыстар қатарына Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Бабаджа-Хатун және Айша-Бибі кесенелері жатады. Бұл құрылыстар тек архитектуралық әсемдік жағынан ғана емес, сонымен қатар оның безендірілуі, ондағы ою-өрнектер халқымыздың материалдық асыл мұралары қатарынан жоғары орын алады. Материалдық мәдениет жүйесінде, осы заманға дейін жеткен шығыс моншасының құрылыстары мен оларға тартылған су құбырларының маңызы ерекше. Мұндай құрылыстар Оңтүстік Қазақстандағы қазба жұмысымен жүргізілген Отырардан, Түркістаннан, Тараз, Ақтөбе, Талғар т.б. қалалардан табылды. Қала тұрғындары тұрмысында монша алдыңғы кезектегі рөлдердің бірін атқарды. Монша мешіттен кейінгі адамдар ең көп баратын орын болды.
Арабтар Қазақстанды басып алған жерлерінде көне түрік жазуын ығыстырып, оның орнына араб жазуын енгізді. Бірақ, халықтың тілі бұрынғы түрік тілі болып қалды. Ал оқымыстылар өздерінің еңбектерін араб тілінде жазды.
Қазақстан жерінде туып-өскен философ әрі энциклопедияшы ғалым, мұсылман шығысында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» ретінде белгілі болған Әбу Насыр әл-Фараби Шығыс пен Батысқа X ғасырда мәлім болды. Ол 870 жылы түрік отбасында Отырар (Фараб) қаласында туды. Руы - қыпшақ, әкесі әскери басшы адам болған. Әл-Фараби қолөнері шеберлігін және ғылым негіздерін Отырардың медресесінде игерді. Кейін Бағдат халифатының орталығы Бағдат қаласында оқуын жалғастырған ол араб тілін терең біліп үйренген.
Әбунасыр Бағдатқа барар жолында Шашта, Самарқандта, Исфақанда, Хамаданда және басқа қалаларда ұзақ уақыт аялдап, Бағдатта ежелгі грек философиясы мен математиканы, логика мен медицина-ны, музыка мен бірнеше тілдерді оқып меңгерген. Ол грек ойшылы Аристотельдің еңбектерін зор ынтамен оқып үйренеді. 941 жылдан бастап әл-Фараби ел басшылары өзіне көп қамқорлық жасаған Дамаск мен Халеб қалаларында тұрады. Ол осы тұста белгілі ақындар мен ғалымдардың арасында өзінің оқымыстылығы, білімінің тереңдігімен көзге түсті. Көптеген елдерде, әр түрлі этникалық ортада бола жүріп, Әл-Фараби отанын ұмытпайды, өзінің түрік екенін үнемі айтып жүрген. Ол 950 жылы Дамаскі қаласында қайтыс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет