Кіріспе. Мәдениет морфологиясы



бет19/39
Дата20.02.2023
өлшемі232,96 Kb.
#69553
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
a) Яссауи кесенесі
b) Ақ Төбе
c) Айша бибі
d) Баба Ата
e) Қорқыт ата қорғаны

Ахмет Яссауидің ұстазы кім болды?


a) Бұқар жырау
b) М. Қашқари
c) Ж. Баласағұн
d) Асан қайғы
e) Арыстанбаб

3. «Диуани луғат ат түрік» еңбегінің авторы кім?


a) М. Қашқари
b) Қорқыт ата
c) Ж. Баласағұн
d) Асан қайғы
e) Бұқар жырау

4. Қазақстанда «сопылық» бағыттың негізін салушы кім?


a) Бұқар жырау
b) Асан қайғы
c) Яссауи
e) Баба Ата
d) Қорқыт ата

5.Қожа Ахмет Иассауи исламның қай бағытын ұстанды?


a) Суннизм
b) Суфизм
c) Шиизм
d) Манихейлік
e) Зороастрлық

9-апта: Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
1. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы мен этикалық құндылықтары.
2.Халықтық поэзия формалары. Ақын-жыраулардың музыкалық шығармашылығы.
3. Ұлы қазақ билері.
Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы мен этикалық құндылықтары. Рухани мәдениет – ұлттық мәдениеттің бір бөлігі. Рухани мәдениетке адамның сана саласындағы қызмет нәтижелерін жатқызады. Бұл бірінші кезекте тіл, жазу, ауызша шығармашылық пен әдебиет, ғылым мен өнер, дін. 1454 жылы Шу өзенінің бойында (қазіргі Жамбыл облысының аумағында) ерте феодалдық типтегі мемлекет – алғашқы қазақ хандығы құрылады.
Сол кезден бастап бірте-бірте өзбек, қырғыз, түркімен және басқа түркі халықтарының мәдениетінен өзгеше өзіндік қазақ мәдениеті қалыптаса бастады.
Қазақ халқы қалыптасудың ұзақ мерзімін бастан кешіп, осы үрдіске көптеген тайпалар мен халықтар қатысқан қазақ халқы, Еуразия тарихынан маңызды орын алады және көне этностардың бірі болып табылады. Ол өзінің қалыптасуына қатысқан барлық халықтардың мәдени мұрасының мирасқоры болып табылады, сондықтан қазақ халқы – мәдени жағынан алғанда ең бай халықтардың бірі.
Қазақтардың мәдениеті ХХ ғ. дейін көшпенді болып келді, бірақ бұған
қарамастан көптеген мыңжылдықтар бойы басқа халықтар мәдениетінің күрделі де қызықты даму жолынан өтті.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті тұлғаның ұлттық санасының
қалыптасуындағы бірегей және негізгі құрал болып табылады. Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайнар көздеріне үңілудің үлкен мәні бар. «Мәдениетінің тарихы жоқ халықтың болашағы да жоқ» деген ақиқат бар. Осы тұрғыда мына жайтты айтпай кетуге болмайды: «он ғасырға дерлік созылған араб, монғол, жоңғар шапқыншылықтары ежелгі қазақ өркениетін талқандады. Бір Отырар зұлматының өзі, қазақ даласы өркениеті орталығы тұрғындарының қаланы қорғаудағы қаһармандық күресі көп нәрсені еске салады. Бір кезде ортағасырлық Қазақстанның гүлденген мәдени орталығы болған ежелгі Отырар өз кітапханасы, медресе, моншалары мен алыс елдерден бай көпестерді қабылдаған керуен-сарайлары бар қазақ өркениетінің бесігі болды, алғаш болып Шыңғысхан әскерлеріне қарсылық көрсетіп, жеті айлық ерлік күрестен кейін құлады. Отырарда әйгілі Александрия кітапханасынан кейінгі ең маңызды да атақты кітапхана өртеніп кетті.
Қалаларының тағылықпен талқандалуына қарамастан, қазақ халқы өзіндік мәдениетін, тілін өзгеріске ұшыратпай сақтап қалды. Қазақ халқы мәдениетінің өткен бай тарихы туралы материалдық мәдениеттің ескерткіштері: ежелгі қалалар мен бекіністер, сирек кездесетін заттар, балбал тас мүсіндері, киім мәдениеті, тұрмыс заттары және т.б., сондай-ақ өшпес рухани дүниелер: ауызша және жазба әдебиет, бай фольклор, эпос, музыкалық, поэтикалық және философиялық мұра айқын дәлелдейді.
Тараз, Отырар, Испиджаб, Талхир қалалары ежелгі заманда және ортағасырларда Батыс пен Шығысты: Жапонияны, Корея мен Қытайды Орталық Азиямен, Иранмен, селжұқтар мемлекетімен, Русьпен және Византиямен, Франциямен және Италиямен байланыстырған Ұлы Жібек жолының бойында орналасты.
Ұлы Жібек жолы бойымен би өнері мен кескіндеме, сәулет өнері мен музыка дамыды, манихейлік және будда, христиандық және ислам діндері тарады, VIII ғасырдан бастап ислам басым дінге, кейін қазақтардың негізгі дініне айналды.
Қазақстан аумағында өмір сүрген халық түрлі өркениеттердің барлық идеялары мен жетістіктерін бойына сіңіріп, қайта өңдеуден өткізді, сөйтіп, өз кезегінде шаруашылық пен мәдениетте: ыңғайлы баспана – киіз үй, жылқыға арналған ер-тоқым мен үзеңгі, ат үстіндегі әскери ұрыс өнері, кілем өрнектері мен күміс әшекейлер, сазды әуендер мен дала жылқыларының желісін еске түсіретін музыка сияқты өз жетістіктерін әлем мәдениетінің асыл қазынасына қосты. Осының бәрі Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының тұтастығы мен сабақтастығын айқындап берді.
Қазақстанның Шығыс пен Батыс аралығындағы геосаяси жағдайының ерекшелігі, үндіиран, қытай, византия, араб, түркі, моңғол, славян өркениеттерімен өзара ықпалдастықтың ежелгі дәстүрлері, көшпелілік басым болған малшылық пен егіншілік шаруашылықпен айналысу ерекшелігі, күрделі этносаяси тарих – осының бәрі қазақ халқы рухани мәдениетінің байлығы мен өзгешелігін негіздеді.
Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық мәдениетінің ғасырлар қойнауына тереңдеп кететін VI-VIII ғғ. орхон-енисей көне жазба ескерткіштерінен бастап қазіргі күнге дейінгі бай рухани мұрасы бар. Бұл мұра қазақ халқының тұрмысының, өмір сүру салтының әлеуметтік орнығуының, өнерінің, адамгершілік негіздерінің, қоғамдық мұраттарының барлық жақтарын қамтиды.
Оған тарихи өмірдің басты қатысушысы адам болып қарастырылатын жеке тұлғаны орталық орынға қою тән. Адам мәселесін қойып, шешуде қалай өмір сүру керек деген сұрақтың мәңгілік шешімі үнемі назарда болды. Ол үнемі жемісті болды, себебі қазақ дүниетанымының жеке адамды өзін-өзі бағалауын терең ұғынудан мыңжылдық тәжірибесі бар десе болады.
Қазақтардың дәстүрлі ұлттық мәдениетінің қалыптасуына, жоғарыда айтқанымыздай оның көшпелі өмір сүру салты айтарлықтай ықпал етті. Мәселен, көшпенділер ғаламшарды, тарихты, уақытты, кеңістікті, «адам-қоғам» және «адам-табиғат» сәйкестігін, материалдық және рухани-адамгершілік құндылықтар иерархиясын, өмір мұратын, ар-абырой кодексін және басқа да көптеген мәселелерді ерекше түсінді. Олар көшпелі өмір салты тудырған өзіндік проблемаларды талқылады. Олар адамның табиғатқа, адамның Құдайға көзқарасы туралы ғана емес, адамның жануарларға, адамның өзі тұратын Жер-анаға көзқарасы туралы да әңгімеледі.
Тарихи дерек көздері дәлелдегендей, көшпенді халықтарға өз мәдениеті мен
отырықшы халықтармен салыстырғандағы дүниетанымдық ерекшеліктерін терең ұғыну тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет