Кіріспе. Мәдениет морфологиясы



бет3/39
Дата20.02.2023
өлшемі232,96 Kb.
#69553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
2 лекция: МӘДЕНИЕТ ТІЛІ

1. Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде.


2. Тіл - қарым-қатынас және мәдениетті тарату тәсілі ретінде.
3. Қазақ тілінің мәдени кеңістігі.

Ұлттық мәдениеттің маңызды бір компоненті тіл болып табылады. Сондықтан тілмен толық танысу сол мәдениетті материалдық жағынан құраушы, оның тарихи, географиялық, экономикалық және басқа да детерминанттарын білуге мүмкіндік береді.


Тіл – ұлттық сана-сезімнің базалық элементі, халықтың руханилығының діңгегі, патриоттық тәрбиенің маңызды құралы.
«Экономикалық және қаржылық қор, табиғи байлықтар, жоғары технологиялар, қазіргі заманауи жабдықталған әскер - бұлардың барлығы ұлттық рухтың орнын толтыра алмайды. Егер, оларды жасаған адамдардың рухы жоғары болмаса, онда бұл айтылғандар ел үшін қызмет ете алмайды. Ал өзінің елін, халқын сезінуге, рухтануға тек тіл ғана көмектесе алады» [3].
Тіл ұлттың рухында, мәдениетінде көрініс тауып, тікелей ұлттық өзіндік санасының, халықтың дүниетанымдық көзқарастарының, ұлттық-құндылықты бағдарларының, өмір сүруінің, ұлттық салт-дәстүрлерінің және мінез-құлық ерекшеліктерінің тұтастығында бейнеленеді. Олай болса, әр халықтың тілі сол халықтың ұлттылығын, тіл тасымалдаушы тұлға, ұлт өкілі тұрғысындағы орнын білдіретін ұғым деп танылады.
Тілде ұлттың тұтас болмысы көрініс табады, осыған байланысты тілді қолданушы әрбір адам сол мәдениетті таратушы болып саналады.
Ежелгі грек және ежелгі рим басқарушылары өз империяларының жетістіктеріне тілдің күшімен, сөздің қуатымен жеткендіктерін терең түсінген. Ұлы шығыс ойшылдары тіл – халықтың ой-санасының, жан дүниесінің айнасы деп дәйектеген. Сол себепті болашағын алыстан болжайтын әр мемлекет алдыңғы орынға туған тілді қойған.
«Ұлт-тіл-тәрбие» - бұл үш ұғым бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірінен еш ажыратылмайды. Тіл ұлтпен бірге туып қалыптасатын жасампаздық, сонымен қатар ұлттық ой - сананың жемісі болып табылады.
Әр халықтың өзіндік ой-санасы, ақыл-парасаты, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім-түйсігі ұлттық тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Ұлттық тіл – мәдениеттің негізі және іргетасы болып табылады. Ұлттық тілдің әлемдік бейнесін зерттеу ұлт мәдениеттерінің айырмашылығы мен ұқсастығын, олардың өзара әрекеттестігін түсінуге тануға көмектеседі.
Әлемдегі сан алуан тілдерде ойлаудың сан жетпес шексіздігі бейнеленеді. Әртүрлі мәдениеттермен танысу, оларды оқып үйрену үшін адамға оны қалыптастырушы компоненттер ғана емес, сол сияқты ұлттық ойлау, әлемді қабылдау және бағалау тәрізді құрылымдар да аса қажет.
Әр адам ұлттық салт-дәстүрлері, тілі, тарихы, әдебиеті анықталған нақты бір ұлттық мәдениеттің өкілі болып табылады. «Тіл – мәдениеттерді ғылыми тұрғыда оқып үйренуде аса маңызды деп табылатын, басқарушылық сапаға ие жол сілтеуші». Басқа халықтардың тілін оқып үйрену арқылы адам жекеленген сөздерді ғана үйреніп қоймайды, ол сонымен қатар сол халықтардың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, халық ауыз әдебиетімен, ұлттық ойындарымен де терең таныса алады.
Әлемдік мәдениеттің алуан түрлілігін ұғыну негізінде Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық патриотизм, өз халқыңа және өз ана тіліне деген елжандылық сезім қалыптасады.
Ұлттық тіл халықтың игілігі ретінде әртүрлі формада пайда болады. Бұл адамдардың бір ұлттың өкілі ретінде бір-бірімен ұқсастығымен қатар мекен-жайы, кәсібі, әлеуметтік жағдайы, мәдени деңгейі және білім дәрежесінің айырмашылығынан да байқалады. Қолданылу аясына сәйкес ұлттық тіл ұғымының мағынасы да өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы, ұлттық тіл ұлттық сәйкестілікті немесе мекен-жайды көрсете алады.
Ұлттық тілдің пайда болуы тілдің функционалдық жүйесінің дамуының басты кезеңдерімен байланысты қарастырылады.
Ұлттық тіл – халықтың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұраларын, рухани құндылықтарын сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын қажеттілік.
Өзінің ана тілін құрмет тұтпайтын халықтың болашағы бұлыңғыр, өйткені тіл ғылымда, білімде табысқа жеткізетін және өзгермейтін бірлік болып саналады.
Барлық ұлттық тілдің еш қайталанбайтын, жеке даралық ерекшеліктерімен өзгешеленіп тұратын өзіндік қалыптасу тарихы бар. Әр тіл нақты бір ұлтық тіл түрінде оның ұлттық рухында, мәдениетінде көрініс тауып, тікелей ұлттық өзіндік санасының, халықтың дүниетанымдық көзқарастарының, ұлттық-құндылықты бағдарларының, өмір сүруінің, ұлттық салт-дәстүрлерінің және мінез-құлық ерекшеліктерінің тұтастығында бейнеленеді.
Ұлттық тілдің әлемдік бейнесін зерттеу ұлт мәдениеттерінің айырмашылығы мен ұқсастығын, оардың өзара әрекеттестігін түсінуге тануға көмектеседі. Біздің ойымызша, тілдің әлемдік бейнесін ұлттық тіл тұрғысынан сипаттауда В.А. Маслованың тұжырымдары тілге берілген нақты анықтама деп саналады. Оның пайымдауында «тілдің әлемдік бейнесі» термині – бұл шындығында адамдардың нақты бір қауымдастығының іс-әрекетінде оның қоғамдық-тарихи тәжірибесі белгіленген және сол халықтың ұлттық мәдениеті көрініс тапқан метафоралық бейнелеу»,- деп зерделенеді.
Көпұлтты мемлекеттерде мемлекеттік немесе арнайы ортақ тіл рангіне бір тілдің қабылдануы қарастырылады, қалғандары мұндай мәртебеге ие емес (мысалы, Малайзия елінде) немесе екі, яки одан да көп тілдердің тең мәртебе алуы (мыс, Швейцарияда) мүмкін. Тілдердің заң жүзінде тең құқылығы бір тілдің басымдылығымен де өлшенеді. Мысалы, Канадада ағылшын тілі француз тіліне қарағанда басымдылық танытады.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің Ата Заңының тілі, сондықтын ол мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық са- лаларында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет