Махмуд Қашғари (1929-1101). Ғалым-энциклопедист, лексикограф, этнограф, фольклорист, географ және тарихшы, тюркологияның негізін қалаушы. Батыс Еуропа зерттеушілерінің пікірінше бойынша Қашғари Қарахандықтар әулетінен шықан. Ақсүйектер әулетінен шыққандығы оған жақсы білім мен тәрбие алуға үлкен септігін тигізген. Зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша Қашғари өзінің туған жерінде бастауыш және жоғары білім алып, өз білімін орта Азияның мәдени орталығында – Бұхара, Самарқан және т.б. қалаларында одан әрі жетілдірді. Толық білім алу үшін ол Бағдатқа аттанады, сол жерде ол түркі тілдер сөздігін шығаруды ұйғарады.
Оның бізге дейін жеткен жалғыз еңбегі «Диуани луғат ат-түрік» (Түркі тілдерінің Сөздігі»). Бұл түркі тілдес халықтары тарихындағы алғаш сөздік. «Диуани луғат ат-түрік» 8 тараудан тұрады және 7000 сөзді қамтыған. Бұл еңбегінде Қашғари өзінің оқырмандарын түркілердің поэзиясы және ұлағатты сөздермен таныстырады.
Махмұд Қашғаридің сөздігінде келесі мәліметтер мазмұндалады:
1) тайпалық белгісі сипатталған лексика; 2) түркі тайпаларының орналасуы
туралы мәліметтер; 3) түркі тілдерінің жіктелуі, 4) түркі тілінің тарихи фонетикасы мен грамматикасы туралы мәліметтер, 5) түркілердің тарихы, географиясы, этнографиясы, поэзиясы мен фольклоры туралы мәліметтер; 6) ежелгі түркі әлемінің картасы.
«Диуани лұғат ат-түрік» Қарахандықтар дәуірінің өзбек тарихының негізгі әдебиеті, олардың сөздік қорының байлығын көрсетеді. Қашғари өз еңбегінде түркі тілі ерекше, мазмұнды және араб тілінен кем емес екендігін көрсеткен.
XX ғасырда Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түрік» үлкен еңбегі жарыққа
шықаннан кейін жүз жыл өткен соң бүкіл әлемге уақыт өте келе білім көзіне айналып, құндылығы артты. Бұл шығарма мұсылман жерлерінде ғана емес бүкіл әлемге жалпы адами масштабта білім бұлағына айналды. Бүгінгі таңда «Диван» ағылшын, орыс, өзбек, түрік, қазақ, ұйғыр, және қытай тілдеріне аударылып, оның факсимилімен шығарылды.
Махмұд Қашғари түркі халықтарының тарихын және фальклорын, этнографиясын, мәдениетін, тілін зерттеген ең алғашқы зерттеуші болып, сонымен қатар тарихи түркі лексикографиясы сөздігінің бірінші авторы болып саналады.
Ахмет Яссауидің философиялық көзқарастарының мәнін және оның қазақ халқының ұлттық сана сезіміне әсерін атаңыз.
Қазақ халқының ұлттық сана сезімінің дамуында түрік ойшылдары
Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауи рөлін көрсетіңіз.