10-апта: XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті 1.Қазақ ағартушылығы феномені. Ш. Уәлиханов және оның
шығармашылығы. Шәкәрім шығармашылығы. Ы. Алтынсарин көрнекті
ағартушы және педагог ретінде.
2. Құрманғазы, Тәттімбет, және т.б. музыкалық шығармашылығы.
3. Қазақ мәдениетіндегі «Зар заман» феномені.
Шоқан Уәлиханов – әлемдік деңгейдегі ғалым және ойшыл. Ш.Уәлихановтың ойынша, тек оқу мен білім ғана адамға күш береді және халықтың сауатын ашу мен әл-ауқатын көтеру үшін күресте жақсы қару болып табылады. Тек ағартушылық қана қазақ халқын еркін және адами кемелділікке алып шыға алады. Оның ойы бойынша, ағартушылық – бұл халықтың алға басу жолындағы қозғаушы күші, оның мақсаты еуропалық өркениеттің (еуропалық ағартушылық пен мәдениет) деңгейіне жету болып табылады. Халыққа білім беру мәселесін ғалым Қазақ даласына қажетті «қайта құру» идеяларымен байланыстырды.
Ол географиядан, этнографиядан, тарихтан, дінтанудан, шығыстанудан, философиядан, әлеуметтанудан және т.б. көптеген еңбектер жазып қалдырды. Оның ғылыми еңбектері алдыңғы қатарлы орыс ғылыми ойының көрнекті өкілдері жоғары бағалады. Ш.Уәлиханов өзінің ғылыми ізденістерінің арқасында ғана танымал болған жоқ. Орыс және қазақ қоғамының түрлі топтарында ол барлық халықтардың алға басуына тезірек жетуге және қоғамдық өмірдің жаңа, әділ бастамаларын нығайту жолында немқұрайдылыққа, ескілікке, ортағасырлық тоқырауға қарсы шыққан дана күрескер ретінде кеңінен мәлім болды. Ол өз кезінің алдыңғы қатарлы әлеуметтік-экономикалық және философиялық ойына баға жетпес үлес қосқан ұлы ойшыл ретінде де әйгілі. Ш.Уәлиханов қырғыздар мен қазақтардың екі түрлі халық екеніне және оларды «қырғыздар» деген бір ғана этнониммен атау дұрыс емес екеніне ғылыми әлемнің назарын алғашқы болып аударды.
Ыбырай Алтынсарин1841 жылы 20 қазанда (ескіше 1 қараша) Торғай облысында Арақарағай болысында туған. 1857 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Мектепте басқа пәндермен қатар орыс, араб, татар және парсы тілдерінен үздік нәтиже көрсетті.
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы-демократ, ғалым, ойшыл, қоғам қайраткері, жазушы, ғалым-этнограф, «Қазақ хрестоматиясы» (1879; 2 басылым, 1906), «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (1879) қазақ тіліндегі оқулықтар авторы, мысалдар мен әңгімелердің, сондай-ақ Л.Н.Толстой, И.А.Крылов аудармаларының авторы болып табылады. Ол қазақ мәтіндері үшін орыс жазуы негізінде төл әліпби нұсқаларын жасады. Алтынсарин қазақ халқының зайырлы білім алуына жол ашты. Біреуі қолөнер, екіншісі әйелдерге арналған төрт екі сыныптық орталық орыс-қазақ училищелерін, бес болыс мектептерін, орыс тұрғындарының балаларына арнап екі училище ашты. Сондай-ақ Троицкіден, кейіннен Орынборға (Википедия) көшірілген мұғалімдер мектебін ашты.
Ы. Алтынсарин адамгершілік тәрбиенің маңызды көзі ретінде қазақ халқының өмірі мен тұрмысын, ұлтжандылық, салт-дәстүрді бейнелейтін халық ауыз әдебиетіне ерекше көңіл бөлді. Бұл ретте нақты адамгершілік-этикалық тәрбиелік мазмұндағы ертегілерден, қиссалардан, мақалдардан, ғибратты мақалалардан тұратын «Қазақ хрестоматиясы» айғақтайды. Адамдардың кісілігінің қалыптасуының негізгі шарты ретінде Ы.Алтынсарин қалың жұртшылық арасында сауаттылықпен ғылыми көзқарастардың таралуын бірінші орынға қояды. Адамгершіліктің негізі – білім мен тәрбие. Ы.Алтынсарин өзінің шығармасында әлемді үйлестіре алатын қандай да бір ғажайып рухтың бар екенін мақұлдады. Алтынсарин діндар адамдарға «дұрыс білім алу оларға жақсылық пен зұлымдықты ажыратуларына мүмкіндік беретінін» түсіндіреді. Ағартушылық идеялармен шабыттанған ол ауылдарға барып, тұрғындарға зайырлы білімнің мәнін түсіндірді.
Ол қазақ даласындағы әйелдер білімінің негізін қалаушы болып табылады. Оның бұл саладағы жетістігі ретінде Ырғыз қаласындағы қазақ қыздарына арналған мектеп-интернаттың ашылуы болды. Ағартушы сонымен қатар бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауға арналған оқу мекемесін ұйымдастыру ісімен де айналысты. Троицкіде ашылған, кейіннен Орынборға көшірілген мұғалімдер мектебі өз заманының алдыңғы қатарлы оқу мекемесі болды. Алтынсарин орыстың демократиялық оқу жүйесінің тәжірибесін кеңінен қолданды: өз мектептерінде Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармаковскийдің, ұлы жазушы Лев Толстойдың педагогикалық мұрасын енгізді. Ыбырай Алтынсарин жаңашыл педагог және ағартушы ғана емес, қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы ретінде белгілі. Оны халық тарихы да қызықтырды. Өз шығармаларында ол оның тәрбиелік мәніне де көңіл бөлді. «Қыпшақ Сейітқұл» деген белгілі әңгімесінде ол егіншілікпен айналысатын қазақтар өміріндегі өзгерістерді құптап, әрқашанда қазақ егін шаруашылығы дамуын қолдады. «Таланттың пайдасы», «Байлық неде?» шығармаларында адам өмірі жайлы өз арманын, қазақ халқының жарқын болашағы жайлы үмітін білдірді.
Ы.Алтынсарин есімі қазақ халқының ұлттық мақтанышын құрайтын тарихи қайраткерлердің есімдері қатарында құрметті орын алды. Ұлы ағартушы-педагог, ірі жазушы, талантты ақын өзінің барлық саналы өмірін халқының оның бақыты үшін күреске арнады. Ы.Алтынсаринның барлық сан қырлы шығармашылық және қоғамдық қызметі – қазақ халқының озық әлемдік мәдениетке қосылуы, халықтар арасындағы достықтың нығаюы міндеттеріне бағышталды.
Ұлы ағартушы өмірден өтерінде өзіне тиесілі жерлерді Торғайдың ауылшаруашылық мектебіне пайдалануға беруді өсиет етіп кетті.