Кіріспе. Мәдениет морфологиясы


Қазақ мәдениетіндегі «Зар заман» феномені



бет27/39
Дата20.02.2023
өлшемі232,96 Kb.
#69553
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
лекциялар мәдениеттану

Қазақ мәдениетіндегі «Зар заман» феномені. Қоғамдық ойдағы «Зар Заман» ағымы қазақ мүддесіне қарсы тұрған екі кедергіге нұсқады. Олар, біріншіден, қазақ даласын, оны мекен еткен елді билеп-төстеуді мақсат еткен самодержавиелік билік және онымен бірге ере келген, онсыз да алауыз қоғамды бөліп-жаруға қызмет жасаған тәртіп болса, екіншіден, сол жаңа
билікпен ымыраға келіп, оның арзан, жалдамалы құлына айналып, түптеп келгенде, еңбекші бұқараны сыртқы жаумен бірге соруға ықыласты жергілікті бай, сұлтан, атқамінерлер еді. Елден бірлік, береке кетсе, оған кім кінәлі? Дулат ақын оның себебін ата жолы, яғни тәуелсіздік үшін күрес жолынан тайқып, ендігі уақытта ел арасындағы дау-жанжалдан пайда іздеп, күн көруге ойысқан сұлтандардан көріп:
Қазіргі қазақ ұлығы,
Жаман иттен несі кем,
Жемтік көрсе, қан көрсе,
Айырылар мүлде есінен.
Сендер атқа мінген соң,
Тандыр болып суалды,
Шалқар көлдей несібем,-
дейді.
Ақынның тұжырымы бойынша, жақсы хандар кешегі Ресей империясы құрамына біржола енгенге дейінгі елдің саяси, мемлекеттік бүтіндігі үшін күрескендер, хандық биліктің басы бола алғандар. Демек жақсы хан – мемлекеттік тұтастық пен тәуелсіздікті сақтай алғандар. Ал қоғамда бірлік бар жерде береке бар:
Қарағысыз ел мен жұрт,
Төрелік түскен дағыңа.
Ие болмай айырылдың
Атаңның алтын тағынан.
Қара толқын жау толды,
Шығыс, батыс жағыңнан.
Бұл – феодалдық тәртіп үстемдік құрған, оған отарлық езгі келіп қосылып
елдің берекесін алған қоғамда өмір сүрген ойшылдың көзқарастық ұстанымы. «Зар заман» мектебі ақындары жырлаған ойдың өзегі – отарлық әкімшілік қолына біржола өткен жерді жоқтау. Дулат пен Шортанбай сияқты ойшыл ақындар бұл пікірді өз ортасы тұрғысынан білдіргенімен, олардың шығармашылығына тән жалпыхалықтық мүддені, сол тарихи кезеңге тиесілі қоғамдық ойдағы үрдісті жоққа шығару қисынсыздық болар еді.
В.Г. Белинский айтқандай, «әдебиет – халық танымы. Одан оның өмірі,
рухы айнада шағылғандай көрініс таппақ». Егер Шортанбай туған жер туралы: «адыра қалғыр Сарыарқа, болмайын деді баянды», Дулат бұқара халыққа байланысты: «хайуанмен тең саналдың, терідей болып тоналдың, жол таба алмай қиналдың», Мұрат ақын: «Үш қиянның арғы бойынан, жеті жұртың кеткен жер, қайырсыз болған неткен жер?!»,-десе, бұл тұжырымдардың ар жағынан жерінен, ұлттық саяси еркіндігінен айырылып, жаңа кезеңде әлеуметтік, шаруашылық жағдайы бұрынғыдан да төмендеп, тығырыққа тіреліп, шығарға жол таба алмай қиналған халықтың ауыр халін көреміз. Сонымен бірге Шортанбай, Дулат, Мұрат шығармашылығы арқылы халықтың жалпы ұлттық көлемде өзінің отарлық, тәуелділік жағдайын түсінгендігі байқалады. Шортанбай, Дулат және Мұрат шығармашылығында бұлыңғыр болса да сол тарихи кезеңде отар елге айналған қазақ қоғамы үшін шарасыздықтың не екенін түсіну бар. Бұл – даусыз факті.
Патша әкімшілігі – енді Бұқар жырау заманындағыдай беймәлім, бұлыңғыр
емес, көзбен көріп, жүрекпен сезінуге боларлық нақты шындыққа айналған күш, оған қарумен қарсы тұру мүмкін емес. Тіптен қарсы тұрарлық елдің халі де жоқ, ауызбірлік кеткен, өзара алауыздық үстемдік алған, елдің атқамінер «жақсылары» сұлтандық, болыстыққа таласып, «алтын тұғыры ағашқа» айналып, «қан шықса, елін жұлмалар қасқырменен аралас» халге жеткен. Қолға қылыш, найза алып, атқа отырып, батырлық құрар, Мағжан айтқандай, «ер заманы» - ХVIII ғасыр өткен. Өз ретінде Шортанбай:
Енді еркіндік заман жоқ,
Дұшпанның құрған торы бар.
Ендігі жүрген жігіттің,
Маңдайында соры бар,- деп осы жағдайға нұсқады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет