Кіріспе Мен, Құдайберген Нұргүл Нұрланқызы, 05. 06



бет2/3
Дата16.06.2023
өлшемі12,69 Kb.
#101807
түріБағдарламасы
1   2   3
Менің жеке тақырыбым: Механикадан зертханалық жұмыстарды жасауға арналған әдістемелік нұсқаулық.


2) №1 зертханалық жұмыс
Тең үдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау
Жұмыстың мақсаты: көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін есептеу.
Ол үшін шардың белгелі бір t уақытта жүріп өтетін s орын ауыстыруының ұзындығын өлшейді.
Өлшеу құралдары: өлшеуіш таспа, метроном.
Құрал – жабдықтар: науа, шар, қысқышы бар тұрғы, металл цилиндр.
Теориядан қысқаша мәлімет.
Ешбір өлшеу абсолют дәл болмайды.Өлшеу құралдарының жетілмеуіне және басқа себептерге байланысты қалайда қателік кетеді. Қателіктерді мейлінше азайту үшін тәжірибе шартын өзгертпей,өлшеу жұмыстарын бірнеше рет қайталап орындаған өлшеген жөн. Өлшенген мәндердің арифметикалық орташа мәні есептеледі. Бұл жұмысты да осылай орындау ұсынылады.Бастапқы жылдамдықсыз (𝑣0 = 0) теңүдемелі қозғалыс кезінде 𝑠 =𝑎𝑡^2/2 болатындықтан, s пен t-ны өлшеп алып, шардың үдеуін анықтауға болады:𝑎 =2𝑠/𝑡^2
Жұмыстың орындалу реті:
1.Тұрғы арқылы науаны көжиекпен кішкене бұрыш жасайтындай етіп бекіту керек.
Науаның төменгі шетіне металл цилиндрді қоясыңдар.
2.Метроном дыбыс берген бойда шарды науаның жоғарғы басынан жіберіп,ол цилиндрге барып соғылғанға дейін метрономның неше рет соққанын санаңдар.Тәжірибе жүргізерде метрономды минутына 120 рет соғатын етіп қойыңдар.
3.Науаның көкжиекке көлбеулік бұрышын өзгерте отырып, шарды жіберген мезеттен бастап,оның цилиндрге барып соғылуына дейін метроном 4 рет соғатындай етуге болады (соғу арасы – үш толас).
4.Шардың қозғалыс уақытын есептеңдер.
5.Өлшеуіш таспаның көмегімен шардың s орын ауыстыруының ұзындығын табыңдар.Науаның көлбеулігін өзгертпей (тәжірибе шарты өзшгермеуі тиіс),метрономның төртінші соғуы мен шардың металл цилиндрге соғылуы дәл келетіндей етіп алып (ол үшін цилиндрді аздап қозғауға болады),тәжірибені бес рет қайталау керек.
6.𝑠орт = 𝑠1+𝑠2+𝑠53+𝑠4+𝑠5/5формуласы бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан соң модулінің орташа мәнін табыңда: 𝑠орт =2𝑠орт/𝑡^2 .
7.Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:
Тәжірибе |s,m|Sорт, M|Метрономның|t,c|a,m/c^2||
нөмірі соғу саны
1.
2.
3.
4.
5.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет