Жетісуда:Т.Рысқұлов,Т.Бокин,Б.Әшекеев,Ұ.Саурықов,Ж.Мәмбетов,А.Қосақов Торғайда:Ә.Жангелдин,А.Иманов Орал облысы мен Бөкей ордасында:С.Меңдешов пен Ә.Әйтиев Маңғыстауда:Ж,Мыңбаев көтерілісшілердің басын алып жүрген негізгі адамдар болды. Қазақстандағы жұмылдыруды өткізудің тіпті зардапсыз әдістері жөнінде ойланып та жатпады және іс жүзінде жұмысшыларды бөліп беруге және қабылдауға бірден кірісіп кетті. Айтпақшы, қазақтарда әскери міндеткерлігін өтеуге тарту праблемасын қарқында тұрақты армияның әскерй құрлыс жұмыстарының бастығы Чаев 1915 жылғы қыркүйек айының өзінде ақ алғаш рет мәселе көтеріп, бұл жөнінде М. Тынышпаевтің өз ойларын білдіруін өтінген. Өз кезегінде М. Тынышбаев Қазақ газетінің редакторы А. Байтұрсыновқа хат жазып онда қазақ халқын әскери қызметке тарту туралы үкімет жобасының бар екендігі жөнінде хабарлады. 1916 жылғы қаңтар айында Қазақ газетінің 166 нөмерінде армияға қазақтарды алдағы шақыру туралы пікір сайыс матиралдары жарияланды, және де қызмет атқаруды қалауы немесе қаламауы туралы м бүтіндей қаралмады. Жұмысқа алуға 19 жастан 43 жасқа дейінгі еңбеке қабілетті халықтың 25 танаты жатты Әскерге алу туралы алғаш хабар жетісімен ақ ауыл дурліге бастады. Наразылықтың бастапқы кезеңі шақырылатын тізімдерін жою болыс басқармалары мен аул старшйндары кеңселеріне шабуыл жасау арқылы көрінді. Біртіндеп кездейсоқ қозғалыс ұиымдасқан сипат ала бастады: Торғай мен Жетісуда көпке танымал көшбассылар А. Иманов, Ә. Жангелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, О. Саурықов, Ж. Мәмбетов және басқалары басқарған көтерілісшілер көбие бастады.Көтеріліс бүкіл қазақстанды қамтыды және ол ұлт – азаттық қозғалысына ұласты. Ұлт шаруаларын қалың жіктері, сондай – ақ жаңа туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, кәсіпшілер көтерілістің негізгі қозғаушы күші болды. Оған қазақ халқының басқа да жіктерінің өкілдері: байлар болыс басқарушылар, бейлер сондай ақ демократиялық зиялы қауім қатысты. Тұтастай алғанда 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы Орта Азияның, Қырғызыстанның күнгей Кавказдың және Қазақстанның көптеген аймақтарын қамтыды. Қазақстандағы бұл көтерліс, оның оңтүстік облыстарын қоспағанда, бір ғана сипатта болды, бұларда көтеріліске қазақтармен бірге басқада ұлттар қатысты. 1916 жылғы сәуір айында А. Бөкейхановтың бастамасы боиынша Қарқаралы уезінің қазақтары атынан Семей губернаторына маусым айының екінші жартысында Төтенше жалпы қазақ сезін шақыру туралы өтініш хат әзірледі. Өтініш хатта былай деп атап көрсетілді: соңғы кезде қазақтарды армияда қызмет атқаруға шақыру туралы қауасеттер тарауда. Біз мемлекетке пайдасы тұрғысынан алғанда армиядағы қызмет түрін таңдау жөніндегі мәселені азаматтардың талқылауы қажет деп есептейді . 1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі – Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент – Тараншы болысының Городсккое селосындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетуімен басталды. Сол жылғы7 және 8 шілдеде Верныйдан шамамен 40 шақырымдай Үшқоңыр деген жерде төңіректегі болыстардағы қазақ халқының өкілдері сезъге жиналды. Онда жігіттер әскерге жіберілмесін, жұрт таудан түспесін, әкімшілік тарапынан күштеу шаралар қолданылған ретте телеграф бұзылсын, окоп қазу жұмыстарына шақырылатын адамдардың тізіиі жойылсын деген шешім қабылданды. 10 шілдеден Ұзынағаш болысының Үлкесаз деген жерінде де дәл осындай, бірақ құрамы жөнінде көп адам қатысқан съезд болып, оған Жетісудің он бір болысынан 5 мыңдай адам қатысты. Съезге қатысушылар да, оқтың астына барғанша осында өлген артық. Деген қаулы қабылдады. Бұл кезде Верный және Жаркент уездерінің көптеген болыстарында жаппай бас көтерулер басталды.Лепсі және Қапал уезінің болыстарында 30 мыңға тарта жігіт жиналды. 1916 жылғы 7 тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тойтары болыстары қазақтарының Самса станциясы маңында біріккен бас көтеру басталды. Көтеріліс бұл жерден Тоқмақ маңына ауысты. Верный – Қордай жолының бойындағы барлық пошта бекеттері өртелді. Ташкентпен, Пішкентпен және Пержевальскі мен телеграф байланысы үзілді. Тамыздың орта шенінде Жетісу облысында барлық болыстары дерлік толқыды. Жетісудағы көтеріліс басшыларының және қазақтың демократияшыл зиялыларының бірі – Тоқаш Бокин Ол халықтар арасындағы үгіт жұмысына басшылық етті, соғыстың халыққы қарсы сипатын түсіндіру, үстем феодал – байлар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындауға шақырды. 1916 жылғы тамыздың бас кезінде ревалютциялық қызметі үшін ол қамауға алынды. Түрмеде Тоқаш Бокин Ақпан төңкерісінің жеңісіне дейін отырды. Жетісу жеріндегі отрияттарға, сонымен бірге, Бекболат Әшекеев, Н. Сатыбеков, Ж. Мәмбетов және басқа да көптеген адамдар басшылық етті. Жетісу облысындағы сондай – ақ Қазақстан мен Орта Азияның