басқа да облыстарындағы көтеріліс патша әкімшілігін қатты абыржытты. Түркістан өлкесі соғыс жағдайында деп жарияланды. Түркістанның гинерал – губернаторы Куропаткин ешқандай амалдардан тартынбай, көтерілісшілерді дереу тыныштандыруды талап етті. Жергілікті әкімшілікке көтерілісшілерге қарсы күресу үшін, тұрғылықты халық арасындағы рулық және тайпалық қайшылықтарды пайдалануды ұсынды. Көтерілісшілерге қарсы зеңбіректермен,пулеметтермен жарақтандырылып, арнайы жасақталған жазалаушы әскерлер жіберілді. Көпірлер мен темір жолдарды күзейту күшейтілді,әскерй далалық соттар ұйымдастырылды. Генерал Куропаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын» пайдалануға бұйрық берді. Өз кезеңінде Жетісу болысының генерал – губернаторы М.А. Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдасытру үшін казак станциаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Мұнымен шектелмей, генерал Куропаткинің тамыздың 12 – сіндегі нұсқауы бойынша қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактары қаруландырылды. Жазалау отрядтарының жанынан, облыстың уездік қалаларында әскери дала соттары құрылды. Азғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзені мен Ыстықкөлге жаспарлас жатқан бүкіл аумақты қамтыды. Көтерісшілер Қастек тауы өңіріне, Үлкен және кіші Кебен, Асы, Шілік, Сусамыр өзендерінің аңғарына, Талас өзенінің жоғарғы ағысына топталды. Олар телеграф желілерін қиратып, почта стансаларына, болыс ауылдарына шабуыл жасады. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты. Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды. Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты. Торғай облысының әскери губернаторы М.М.Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліске жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Төрғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында тұған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті. Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Төрғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті. 1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батысқара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Торғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды. Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Торғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Торғай көтерілісі талқандалды. Қозғалыстың қортындылары, жеңілу себептері және тарихи маңызы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империялизмге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Ол Шығысты қамтыған революциялық дағдарыстың маңызды элементтерінің бірі еді. Қазақтардың ата қонысына Ресей мұжықтарын қоныстандыру арқылы жүргізілген отарлау саясаты қарқын алған сайын өптеген орыс – украин қныстары мен казак станицалары пайда болған аймақтардағы көтеріліс орыстарға қарсы сипат алды.