Реферат Тақырыбы: Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы. Орындаған: Маханбетова Рита Сережевна



бет1/4
Дата17.10.2023
өлшемі52,15 Kb.
#117137
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
қазақст т реферат 3 дәріс ж


Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
Реферат

Тақырыбы: Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы.



Орындаған: Маханбетова Рита Сережевна
Қабылдаған: Айбекова Гульфия Юсуповна


Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. Қорытынды

  2. Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе
Кеңес үкіметі, немесе Кеңестер билігі – бұрынғы Ресей империясында (1917 жылдың 1 қыркүйегінен Ресей Республикасы) Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде “Кеңес үкіметі” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. “Кеңес” (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы – Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 – 07 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған.
«Қазақ елі» идеясының өмірге келуі XIV-XV ғасырларға, яғни қазақ ұлтының дербес этникалық құрылым ретінде қалыптасу кезеңіне тұспа-тұс келеді. Оның өмірлік шынайы фактіге айналуы ұлттың территориялық және экономикалық тұтастығының, мәдени және тілдік ерекшеліктерінің қалыптасуына негіз болды. Сонымен бірге, «Қазақ елі» идеясының одан мезгілдік тұрғыдан көне және географиялық ауқымы тұрғысынан кең «Түрік Елі» идеясы арнасында өміршеңдік сипат алғанын ұмытуға болмайды.

Кеңес одағының құрылуы
1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылған Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестеріболды. 1917 ж. 3 – 24 маусымда Санкт-Петербургте Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті. Съезге бүкіл елдегі 305 Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары кеңестерінен, олардың 53 аймақтық бірлестіктерінен, 34 әскери бөлімнен – барлығы 1090 делегат қатысты. Съезд революциялық демократия және мемлекеттік билік, 1-дүниежүзілік соғысқа көзқарас, Уақытша үкімет кезінде сайлауы басталған бүкіл елдегі халық сайлаған өкілдер – Құрылтайшылар жиналысына дайындық, Ресейдегі ұлт мәселесі, т.б. өзекті мәселелер туралы баяндамалар тыңдап, талқылады. 320 адамнан құралған Бүкілресей Орталық Атқару Комитетін (ВЦИК) сайлады. 1917 ж. 25 қазандағы (7 қараша) Қазан төңкерісін жүзеге асырған қарулы көтерілісті большевиктер Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің екінші бүкілресейлік съезінің ашылуына орайластырды. Съезге елдегі 402 кеңестен 649 делегат қатысты. Большевик және солшыл эсер делегаттарының саны (550 адам) басым болған съезд 25 – 27 қазанда (7 – 9 қараша) жұмыс істеді. Съезд Уақытша үкіметтің құлатылуын мақұлдады, мемл. билікті өз қолына алғанын жариялады, жер-жердегі билік “Жұмысшылар, солдаттар және шаруалар кеңестеріне берілсін!” деген үндеу, “Бітім туралы”және “Жер туралы”декреттерқабылдады. Сондай-ақ, съезд БРОАК-тің (ВЦИК) жаңа құрамын 106 адамнан (оның 62-сі большевик) сайлап, елді басқару үшін Кеңес үкіметінің үкіметін – Владимир Ильич Ленин бастаған, құрамына тек большевиктер кірген Халық Комиссарлары Кеңесін (Жұмысшы-шаруа кеңестік үкіметін) құрды. Кеңестер билігі Ресейдің өнеркәсіпті қалаларында шапшаң орнады. Уақытша үкіметке адал күштердің қарсылығы басып-жаншылып, кадеттер партиясы заңнан тыс деп жарияланды, оппозициялық басылымдар жабылды. Алайда 1917 ж. 12 қарашада өткен Құрылтайшылар жиналысына сайлауда большевиктер 25% шамасында ғана дауыс алды. Өз талаптары өтпейтін болғандықтан большевиктерден құралған Халық Комиссарлары Кеңесі Санкт-Петербургте ашылған Құрылтайшылар жиналысын 1918 ж. 5 (18) қаңтарда қуып тарқатып жіберді. Халық Комиссарлары Кеңесі, сондай-ақ, олардың жергілікті органдары болып қалыптаса бастаған Жұмысшы, солдат және шаруа кеңестерінің атқарушы органдары (совдеп) бұрынғы Ресей империясы құрамында бодандықта болған ұлттардың империя тағы құлағаннан кейін құрған ұлттық мемл. бірлестіктеріне дұшпандықпен қарады. Мыс., олар 1917 ж. 12 (25) желтоқсанда Қазақстанда құрылған Алаш автономиясы мен оның үкіметі – “Алашорда” Ұлт кеңесін танудан бас тартты. Кеңестік биліктің Ташкенттегі өкілдері 1917 ж. 29 қарашада (12 желтоқсан) құрылған Түркістан автономиясының Қоқандағы Кеңесі мен Үкіметін 1918 ж. 19 – 22 ақпанда қарулы күшпен талқандады. Бұл оқиғалар елдің одан әрі екі жарылып, Азамат соғысының шиеленісе түсуіне апарып соқты.
1918 ж. наурызға қарай кеңестік билік бұрынғы Ресей империясы аумағының басым бөлігінде орнады. Банктер, кәсіпорындар мемлекет мүлкіне айналдырыла бастады. Германиямен уақытша бітім жасалды. Ресейдің 2-дүниежүзілік соғыстан шығуы, кеңестік биліктің нығаюы бұрынғы Антанта әскери одағы елдерінің наразылығын туғызып, оның соңы шет ел мемлекеттерінің ақ гвардияшыларға әскери және экон. көмек жасауына әкеп соқты. Кеңестік билікті сақтап қалу үшін большевиктер “әскери коммунизм” саясатына көшті, контрреволюцияға және саботажға қарсы күресетін төтенше комиссиялар (1917 – 22 ж.) құрды, бұқаралық Қызыл Армия ұйымдастырды. Кеңес өкіметінің уақытша төтенше органдары ретінде, Қазан төңкерісі кезеңіндегі әскери-рев. к-ттер тәжірибесін пайдалана отырып, революциялық комитеттер (ревкомдар, 1918 – 20 ж.), сот органдары болып табылатын әскери трибуналдар (1917 – 22 ж.) құрды. Осындай шаралар арқылы Кеңес үкіметі Азамат соғысында жеңіске жетті. Елде жеке-дара партиялық диктатура орнату бағдары айқындала бастады. 3-Бүкілресейлік кеңестер съезінің (23 – 31 қаңтар, 1918) Ресейді Федеративті Республика (РКСФР) деп жариялауына байланысты, 1918 ж. 30 сәуірде Ташкентте РКСФР құрамындағы Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Түркістан АКСР-і, Түркреспублика), 1920 ж. 12 қазанда РКСФР құрамындағы Киргиз (Қазақ) автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Қазақ АКСР-і, Кирреспублика) құрылды (1919 жылдан съезге дейін Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет – Қазревком жұмыс істеді). Кеңес үкіметінің Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу жүргізуіне байланысты, 1924 ж. 27 қазанда Түркістан АКСР-і таратылып, қазақ облыстары Қазақ АКСР-іне қосылды. Ол 1936 ж. Қазақ КСР-іне айналды. Алайда орталық Кеңес үкіметі (қ. Кеңес Одағы) одақтас республикаларға дербес билік жүргізу мүмкіндігін берген жоқ. Ресейдегі мемлекттік биліктің сайланбалы органы 1918 – 36 ж. Жұмысшы, шаруа және қызыләскерлер депутаттарының Кеңестері болды. Қазіргі Қазақстан аумағы алғашқыда жекелеген Ресей губернияларының, 1920 – 36 ж. Қазақ АКСР-і ретінде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының құрамына қосылатын. Кеңес үкіметінің 1917 – 36 ж. жергілікті және орталық билік органдары – құрамы көп сатылы және ашық дауыс беретін сайлау жолымен қалыптасатын кеңестер съездері болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет