Кіріспе «Нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесі»



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі25,83 Kb.
#16697
  1   2   3
Байланысты:
А Психология міндеттері, мәні


КІРІСПЕ

«Нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесі» ұғымының Қазақстан Республикасындағы білім саласына енуіне байланысты «білім», «білік», «дағды», «білімділік», «дайындық» сияқты ұғымдары автоматты түрде «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарымен алмастырылып, қазіргі уақытта практиктердің кеңінен қолданылып жүрген үйреншікті сөзіне айналып кетті. Сондықтан «құзыреттілік» пен «кəсіби құзыреттілік» түсініктерін анықтауда салыстырмалы түрде талдау жасап, олардың мəнін ашып көрейік.

Бүгінгі күнде «құзыреттілік» түсінігі тек қана негізгі педагогикалық категориялардың бірі ретінде ғана емес, сонымен бірге пəнаралық зерттеудің, яғни, «педагогтың кəсіби құзыреттілігі» түсінігінің мəнін анықтау мəселесі психологтардың, педагогтардың, маман-практиктердің жəне т.б. арасындағы дау мен қайшылықтардың объектісі болып табылады.

Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет