Кіріспе: Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу



Дата16.11.2022
өлшемі76,68 Kb.
#50727
Байланысты:
лекции


Кіріспе: Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу.
Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі
Аннотация: Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын
дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе –
оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді
қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Кілт сөздер: Оқуты әдістемесі, топтық жұмыс, сындарлы оқыту
Жоспары
1. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігі
2. Бірлескен және топтық жұмыс.
3.Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі
Дәріс тезистері
Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі дайын білім беруге
негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік
қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік
тудыра бермейтінін тілге тиек етеді. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс
арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды,
сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады.
Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан
кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жәй ғана
жатталғындықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз
болып қалады және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды.
Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,
алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін
қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат
тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал
ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың
оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша
күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-
түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние –
жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін
жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, содай-
ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін
жете түсінуі.
Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана, түсініп оқуын ескеретін оқу үдерісі
материалды терең игеруге ықпал етеді. «Метатану» термині оқушылардың саналы білім
алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге
қолданылады.(білу,түсіну,реттеу).
Д ә с т ү р л і о қ ы т у
Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Тақырыпты түсіндіреді Мазмұнын айтып береді
Тақырып туралы айтып береді мінездеме береді
Тақырыптың идеясын анықтайды Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен
байланыстырып айтады
Көркемдік ерекшелігін мысалдар Негізгі сөздерді тауып, айтып береді,дәптерлеріне
арқылы түсіндіреді жазады
Тақырыпқа байланысты жаттығу орындайды
тапсырады
Сабақты қорыту сұрақтары қойылады жауап береді
С ы н д а р л ы о қ ы т у
Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды Ұжыммен жұмыс жасайды
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды Мәтінмен өздері танысады
Тақырыптағы ең құнды нәрсені
анықтауды ұсынады Әртүрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді
Негізгі ерекшеліктерін тануға бағыттайды Жеке талдайды, қарайды, салыстырады
ерекшелігі туралы сұрақ қояды Ізденеді, жауап береді
Өз ойларын жазуды ұсынады Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді
Ойларын қорытуға бағыттайды Өз тұжырымдамасын жасайды
Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігі
Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады,
ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың
танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория
мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі
Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ
мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің
ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен
оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін
меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес,
құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
• Ынтымақтастық
• Өзара әрекеттестік Топта жұмыс істеу не үшін қажет?
• Топты ұйымдастыру ережесі
• Топтарда жұмыс істеу ережесі Топтарды қалай ұйымдастыруға болады?
• Топтың саны
• Топтағы жұмыс нәтижесі Топтағы бірлескен жұмыс
4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі.
Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық
тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға
және қорғауға мәжбүр болады.
Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге
асырылады: Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары
Әлеуметтік
•Тәжірибемен және идеялармен алмасу;
•Мәселені бірлесіп шешудің амалын табу;
•Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу
Танымдық
•Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу;
•Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту
Эмоционалдық
•Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену;
•Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету
Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану
Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі
сенімді болу
Басқаларды қолдау: топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді
қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу
Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу. Топтың басқа мүшелеріне
қарым-қатынас барысында ықылас таныту.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Әлімов А.К. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. -Астана, 2014
2.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру Бағдарламасы. -
Астана, 2015
3. Тренерге арналған Нұсқаулық. - Астана, 2015
4.Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде. З.У.Имжарованың редакциялауымен. –Ақтөбе,
2009
5.Студентке арналған нұсқаулық. -Астана, 2015
6. Әбілқасымова К. Қазіргі заманғы сабақ. –А., 2004. - 218 б

2 Мінсіз мұғалім және мінсіз оқушылардың жеке ерекшеліктері
Аннотация: Сапалы оқытудың тұжырымдамалық негіздерінің күрделілігін және
көп мағыналылығын түсіну; сапалы оқытуды анықтау үшін әдетте қолданылатын
критерийлерді сын тұрғысынан ойластыру.
Кілт сөздер: сапалы оқыту, педагогикалық іс-әрекет, мұғалім моделі
Жоспары
1.Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдары
2.Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдары
Дәріс тезистері
Белгілі ғалым В.А.Сластенин мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке кәсіби
даярлығын бірқатар қасиеттермен және сипаттамалармен анықтайды. Оның ішінде:
психологиялық даярлық-бұл мектептегі жұмысты мақсат еткен педагогикалық іс-әрекетке
әртүрлі деңгейде қалыптасқан мұғалімнің бағыттылығы; ғылыми – педагогикалық іс-
әрекетке қажетті көлемдегі қоғамдық-саяси, психологиялық, педагогикалық және арнайы
білімдері; тәжірибелік даярлық - бұл талап етілген деңгейдегі мұғалімнің
қалыптастырылған кәсіби-педагогикалық ептіліктері мен дағдылары;
психофизиологиялық даярлық-белгілі педагогикалық іс-әрекет үшін сәйкес
алғышарттардың болуы, кәсіби құнды жеке тұлғалық сананың қалыптасқандығы.
В.А. Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім моделі мыналарды қамтиды:
қоғамдық-саяси сапаларды, әлеуметтік психологиялық, этикалық-педагогикалық
және ұстаздың жеке басының сапалары; психологиялық және педагогикалық даярлық, пән
бойынша даярлық. Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан
туындайды.
Жаңа технологияларды, әдістерді оқыту формаларын қолдану тек ғана нәтиженің
құндылығын көтеру ғана емес, сонымен бірге білім берушілік іс-әрекет процесінде
көтеруге мүмкіндік береді. Ол үшін қазіргі технологиялық құралдарды қолдануда ең
алдымен мұғалім кәсіби компетенттілігін көтеруі қажет. Ол компетенцияның дамуына
бағдарланған дараландырылған оқыту бағдарламасын басқара білуі тиіс. Егер білімгердің
жоғары дәрежеде компетенциясы дамысын десе, онда оларды білімгер үшін неғұрлым
қызықты іс-әрекеттерді жүзеге асыру процесінде қолдануын қамтамасыз етуі қажет.
Сондықтан педагог өз білімгерінің бейімділігін, қызығушылығы мен компетенциясын
айқындай білуі қажет және олардың тәжірибе жинақтау процесіндегі өзгерістерін байқап
отыруы тиіс.
ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік:
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және
маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ
болмайды. Өз ісін жетік біліп, табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе
алады.
Екіншіден, мұғалім педагогтық, психологиялық білімін күнделікті ісінде шебер
пайдалана білетін болуы керек. Мұғалім қандай пәннен сабақ бермесін, ол баланың
өмірдің әр саласына қатысты кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек. Әр
мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Жеке ойлау
қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады. Көп болу үшін көп ойлау, оқу керек.
«Интернет» жүйесін білу.
Үшіншіден, білім беру негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті
туралы.Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі
нәтижеге қол жеткізе алмайды .
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық , құрылымдық, бейімділік, сараптамалық
қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді,
қүбылыстарды талдай білуі шарт.
Бесіншіден мұғалімнің адамгершілік ,саяси - идеялық ұстанымы жұмысында көрініс
тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт .
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Әлімов А.К. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. -Астана, 2014
2.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру Бағдарламасы. -
Астана, 2015
3. Тренерге арналған Нұсқаулық. - Астана, 2015
4.Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде. З.У.Имжарованың редакциялауымен. –Ақтөбе,
2009
5.Студентке арналған нұсқаулық. -Астана, 2015
6. Әбілқасымова К. Қазіргі заманғы сабақ. –А., 2004. - 218 б.
3 Оқудағы кедергілер. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу
Аннотация: Оқыту мен білім беру процесіндегі ең маңызды бөліктердің бірі
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай
олардың қызығушылығы мен қабылдауы, ойлауы мен сөйлеуі әртүрлі болады.
Кілт сөздер: зейін,жас ерекшелік, оқыту, есте сақтау
Жоспары
1. Оқудағы кедергілерді анықтау.
2. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы
педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау.
3. Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары.
Дәріс тезистері
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқыту мен білім
беру процесіндегі ең маңызды бөліктердің бірі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай олардың қызығушылығы мен қабылдауы, ойлауы
мен сөйлеуі әртүрлі болады. Сондықтан, оларды оқыту құралдары да, тәсілдері де әртүрлі
болады. Ең алдымен баланың танымдық даму деңгейін анықтап алу қажет. Яғни, баланың
оқу және белгілі бір мәселелерді шешу дағдыларын, сонымен қатар оның сөз сөйлеуін,
ойлауын, зейінін, тапқырлық және шығармашылық қабілеттерінің қандай дәрежеде
екендігін анықтап, оның ары қарай дамуына ықпал ету керек. Оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес олардың мінез – құлықтарында айырмашылықтар болады. Мінез –
құлықты психология ғылымы зерттейді. Бірақ сол үлкен саланың бихевиористикалық
бағыты адамдар мінез – құлығының қоғаммен өзара байланысын зерттеп зерделеу үшін
пайдаланылады.
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды ұйымдастыруда балалардың танымдық
танымдық қасиеті, зейіні, есте сақтау қабілеті, сөйлеуі және ойлауы ескеріледі. Жан
Пиаже, Джин Пиагет, Мария Монтессори және Лев Выготский секілді ғалымдар
балалардың танымы ерте жастан дамитынын атап айтқан. Олардың айтуы бойынша
кішкентай балалар өзін қоршаған орта мен адамдардан оқып, үйренеді. Осы арқылы
балалардың танымын ерте жастан бастап-ақ дамытуға болады. Балалардың зейіні әр жаста
әртүрлі болатындығын Хаген және Хейл (1973ж) зерттеп, анықтады. Олар зерттеуінде
бірнеше ашықхат суреттерін пайдаланып, оларды 5-6 және 14-15 жастағы балаларға
көрсетті. Онда екі сурет қолданылды, бірақ оның біреуін ғана есте сақтау қажет еді. 14-15
жастағы балалар қажетті суретті есте сақтаған, ал 5-6 жастағы балалар керісінше есте
сақтауға қажет болмаған суретке көбірек зейінін аударған. Бұдан шығатын қорытынды,
ересек балалар зейінін дұрыс әрі тиімдірек пайдаланады, ал кіші жастағы балалар оны
толық түсіне алмағандықтан зейінін бір нәрсеге шоғырландыра алмайды. Демек мұғалім
оқыту процесінде тапсырмаларды тартымды, қызықты және оқушыларға лайықты етіп
жасау қажет. Аткинсон мен Шифрин (1968) қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтауды
өздерінің зерттеулерінде анықтады. Олардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, қысқа
мерзімді жады адамның жадында негізгі орын алады. Ұзақ мерзімді жады негізгі үш
компоненттерден тұрады. Олар: рәсімді жады, эпизодтық жады және семантикалық жады.
Рәсімдік жады адамдардың іс – әрекеттерді қалай орындау қажет екендігін үйренгенін
есте сақтайтын «қойма» болса, эпизодтық жадыға көзбен көрген, сезім мүшелерімен
келген мәліметтерді есте сақтау кіреді, ал семантикалық жадыға келер болсақ, ол адамның
естеліктерін, өмірінде орыналған эпизодьары мен оқиғаларын, идеяларын, пікірлерін және
жалпы тұжырымдамаларын есте сақтау үшін қолданады.
Жоғарыда айтылған бихевиористикалық көзқарастарға сүйенетін болсақ,
балалардың тілді фрагментін ғана айтады. Уақыт өте келе ол сөздерді толық айтуға,
сөйлемдер құрауға үйренеді. Жасы ұлғайған сайын балалардың сөздік қоры артады. Демек
осы жағдайларды ескере отырып біз әртүрлі жастағы балаларда кездесетін кедергілерді
анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыра отырып оқыту үдерісін іске
асырамыз. Ол үшін мұғалім жоспар жасап, оны орындау үшін қолайлы тәсілдерді таңдап,
оны дұрыс, әрі ұтымды пайдалана білуі керек. Сол кезде оқыту процесінде мұғалім жақсы
нәтижеге қол жеткізе алады

№6 Талантты және дарынды балаларды оқыту
Аннотация: Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары
жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты
балаларға қатысты бұл - ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн
едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың
мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған
талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін
мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпымектептік
саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда
анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті. Талантты немесе
қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердiң мұғалiмдерi өздерін «дарынды
бақылаушылар» ретiнде көрсетуге тиіс.
Кілт сөздер: икемділік, талантты, дарынды бала, даралап оқыту
Жоспары
1.Сабақта тиісті тәсілдерді қолдану.
2.Талантты және дарынды оқушыларды жандандыру үшін даралап оқыту
Дәріс тезистері
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол
жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға
қатысты бұл - ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі
мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау
үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған талдау
оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп
стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпымектептік
саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда
анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті. Талантты немесе
қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердiң мұғалiмдерi өздерін
«дарынды бақылаушылар» ретiнде көрсетуге тиіс
Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды?
«Талантты және дарынды балаларды анықтау» жөніндегі кейс-стадиі сыныптардың
әрқайсысында талантты және дарынды балаларды анықтау жөніндегі әртүрлі әдістерді
қолданып, олардың 1-тобының балаларымен (4–7 жас шамасында) жүргізілген үш жобаны
суреттейдi:
1) бірінші зерттеуде мұғалімдер есту қабілеті нашар және ағылшын тілі ана тілі емес
балалар үшін кеңейтілген, тапсырмалары танымдық сипаттағы мектепішілік бағдарлама
жасады. Шектеулі вербалды қарым-қатынасты қолдана отырып, осы тапсырмалар
қабілеттің жоғарғы деңгейін көрсетті. Бір тапсырмада қарапайым вербалды қарым-
қатынас пен дене қимылын қолдана отырып, олар судың ағысын көрсетті, ал екіншісінде
өздеріне және аюға жеткілікті кең үй жасау үшін суретті нұсқауларды пайдаланды; ал
үшінші тапсырмада олар әнді тыңдаған соң жауабын жазу үшін әртістік қасиеттерін
пайдаланды. Соңында олар жыл- дам сөйлей алмаса да, жоғары деңгейдегі
сенімділіктерін, зейінмен тыңдай алатынын және тұрақты қызығушылықтары ұзаққа
созылатынын көрсеткен дарынды және талантты балалар
екендігі анықталды.
2) екінші жобада балалардың қуанышын және сыныптың сауалнамасына қатысуға
дайын екендігін бағалау үшін «бірегей» және «үлгерімі нашар» дарынды және талантты
оқушылардың тұрмыстық ахуалын бағалайтын тест пайдаланылды. Алған деректер
бойынша бір үлгермей қалған талантты оқушының табысы мен қызығушылығы төмен
болғандығын, бірақ сонымен қатар оның әртүрлі нақты іс-әрекеттерді орындауға қабілетті
және оң көзқараспен қарайтындығын көрсетті. Мұғалімдер осы ақпаратты оның білімділік
мүмкіндігін өзгерту үшін пайдаланды және бұл оның сыныптағы пәндерге
қызығушылығын, өз ортасына құштарлығын жоғарылатып, сонымен қатар идеяларының
дербестігін арттырды.
3) үшінші жобада мұғалімдер дарынды және талантты балаларды айқындауға ата-
аналарды тарту мүмкіндіктерін анықтау міндетін қойды. Олар қандай әдістердің
көмегімен балалардың ерекше таланты мен жеке қызығушылықтарын анықтағанын
түсіндірді. Олар ата-аналармен ақыл-ой қабілеттері туралы әңгімелесіп, ата-аналардың
қарапайым сауалнама толтыруын өтінді. Ата-аналар мен мұғалімнің кездесуінде бұл
сауалнама олардың балаларының мінез-құлқынан келтірілген мысалдарды, үйде және
мектепте ойнайтын ойындарды талдауға негіз болды, бұл ересектерге бала өзін «ақылды»
етіп көрсеткен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ дамудың келесі кезеңіне өтуге шешім
қабылдауға көмектеседі. Мұғалімдер жүзеге асырған бұл жобалар «Дарынды және
талантты балаларды бірінші негізгі кезеңде тәрбиелеу» деген жұмыста жарияланды
(Koshy et al, 2006).
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше,
анағұрлым
«күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан.
Тапсырмаларды күрделендіру
Талантты және дарынды балаларға бағытталған өзгеріс енгізу стратегиясының бірі
оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жерлерде өтетін оқудың күрделендірілген
бағдарламасын ұсыну болып табылады.
«Топтағы жұмысты құрылымдау» атты кейс-стадидің соңғы мысалы орта буында
математика пәнін оқыту жұмысын зерделейді. Зерттеудің алғашқы кезеңінде мұғалім
сабақ жүргізген, ал оның екі көмекшісі оқушыларды бақылап, сабақ барысында оқушылар
арасында жүргізілген талқылауды бейнетаспаға түсіріп отырған. Сонымен бірге оқушылар
сауалнама толтырады. Талдау қорытындылары келесі сабақтарда қолданылды. Топ
құрамын өзгерту арқылы топ мүшелерінің жынысына және мүмкіндіктеріне қарай
басқалармен жұмыс істеуінен пікірталас арқылы шешуді талап ететін күрделендірілген
есепті шығаруға дейін стандартты емес жұмыстың арқасында бұндай сабақтардың сапасы
артып отыр.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Матюшкин А.М. «Что такое одаренность: выявление и развитие одаренных детей:
классические тексты». – М.: Омега-л, 2008
2.Мырзабаев А. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың
дидактикалық мүмкіндіктері. – Алматы, 2005
3.Синягина Н.Ю. Личностно-ориентированное развитие одаренных детей – М.: АНО
ЦНПРО, 2011
4.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру Бағдарламасы. -
Астана, 2015
5. Тренерге арналған Нұсқаулық. - Астана, 2015
6. Имжарова З.У., Ахметова А. У., Имжарова Ж. Н. Сын тұрғысынан ойлау-білім алу
үрдісінде. Оқу-әдістемелік құрал / - -Ақтөбе, 2010. - 104 б.
7.Студентке арналған нұсқаулық. -Астана, 2015
8. Даму психологиясы : Оқу құралы / Ш. Сатиева. - Астана : Фолиант, 2012. - 232 бет

5 Әңгімелесу және диалогтік оқыту
Аннотация: Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп
жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау
көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен,
әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу
мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл болмақ.
Кілт сөздер: диалог құру, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме
Жоспары
1.Диалогтік оқытудың мәні
2.Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі
Дәріс тезистері
Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп
жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау
көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен,
әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу
мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің
нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ.
Выготскийдің оқуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқаратындығы туралы пікірі тәжірибеге
негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл
қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс
оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану
нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті.
Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына
негізделе құрылып, оқу барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды
мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда
келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті.
Олар:
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
• оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне
көмектеседі;
• оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;
• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде
екендігін түсінуге көмектеседі.
Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі
болып табылады және әңгіменің үш түрі бар.
• Әңгіме-дебат;
• Кумулятивтік әңгіме;
• Зерттеушілік әңгіме.
Оқуда қолданылатын әңгіме түрлері
Әңгіме-дебат барысында:
1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге аса-
ды;
4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар:
1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе
береді;
2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер
ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды;
3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2) әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағаланады;
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде
дәлелдеме «көрінеді»;
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі
де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).
Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің
айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда
әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.
Зерттеушілік әңгіме
Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және
сөйлеуі арасында байланыс бар екені анықталды.
Сұрақ қою
Сыныпта сұрақ қою негізінен «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) үлгісінде
болатыны анықталды.
Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам
мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді (Mercer, 1995). Бұндай сыныптарда
оқушылардың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік болмайды.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған
жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау
көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол
жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі
сұрақтарды кең қолданады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды
«жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған
және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар.
Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен
қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді
педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың
түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақтарды оқушылардың білім
алу қажеттіліктеріне сәйкес құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға
қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың
түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін
пайдалануға болады.
Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының
жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен
материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.
Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық
жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп
құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар
тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.
Басқаға бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе
алатындар бар ма?»
Оқуды дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы
мұғалім:
• оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
• оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
• білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
• оқушыларға өз білімін басқа адамдарға сөзбен жеткізуге көмектеседі;
• оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал етеді;
• оқушыларға сын тұрғысынан ойлауға көмектеседі;
• оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне
және бағалауына ықпал етеді;
• әңгіме және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-
әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;
• оқытуды қиындатып, кедергі келтіретін қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Мельникова Е.Л. Проблемный урок или Как открывать знания с учениками: Пособие
для учителя. – М.: аПКиПРО, 2006
2.Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. – Қарағанды: Жолдак
Е.В. ЖК, 2011
3.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру Бағдарламасы. -
Астана, 2015
4. Тренерге арналған Нұсқаулық. - Астана, 2015
5. Имжарова З.У., Ахметова А. У., Имжарова Ж. Н. Сын тұрғысынан ойлау-білім алу
үрдісінде. Оқу-әдістемелік құрал / -Ақтөбе, 2010. - 104 б.
6.Студентке арналған нұсқаулық. -Астана, 2015

№7 Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау


Аннотация: бағалау арқылы оқуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып
көрінетін, бірақ оқытуға енгізілуі тиіс бес түйінді факторға байланысты екенін көрсетті:
Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың өзіндік оқуға
белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін өзі бағалауға қатыстырады, Бағалау
нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру, Бағалаудың оқушылардың оқуға деген
ынтасы мен өзін өзі бағалауына терең ықпал ететіндігін мойындау, себебі бұлардың екеуі
де оқуға түбегейлі түрде ықпал етеді, Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін
түсіну үшін өздерін өздері бағалай
алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Кілт сөздер: Интерпретация,бағалау, қадағалау
Жоспары
1.Бағалау үдерісінің мақсаты, бағалау қағидаттары
2.Оқу үшін бағалау (ОүБ)
3.Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану.
4. Сабақта ОүБ әдістемесін пайдалану
Дәріс тезистері
Бағалау – одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін
жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық 1960
жылдардан бастап белгіленген, бірақ берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс
жүзінде
нақты баға қою және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау мен нақты мақсаты
бағалауды оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде қолдану
болып табылатын оқу үшін бағалау арасында анығырақ айырмашылық жүргізілген.
Оқытуды, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін және осы
мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы
немесе оқу үшін бағалау (ОүБ) деп аталады. Мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды
ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания
академиктерінен құралған Бағалауды Реформалау Тобы (Assessment Reform Group) 1999
жылы
«Оқу үшін бағалау» (ОүБ) деген кітапша жариялады. Соның нәтижесінде Оқу үшін
бағалау ұғымы дербес тұжырымдама ретінде кеңінен тарала бастады.
Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу
үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау
жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық
бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал
ететін (яғни, анықтайтын мәнге ие) шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда
өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, яғни бұл ақпараттың мазмұны мен оның
қандай жағдайларда жиналғанын қатаң қадағалау қажет.
Бағалаудың негізгі мақсаттарының тізбесі төменде қысқаша айтылған.
1. Оқудағы қиындықтарды анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және
арифметика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан
кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.
2. Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер мен ата-
аналарға ұсынылған). Мұндай кері байланыс бейресми түрде ауызша бағалаудан бастап
ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен
мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабар беру
болып табылады.
3. Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж түрінде көрінеді. Ынталандыру ретінде тестінің
немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдерді ойларын
жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқуға шабыттанып
кірісуге түрткі болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына
айналуы да ықтимал.
4. Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы
мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік
емтихандық жүйенің нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан
арғы (жоғары) оқу немесе жұмысқа орналасу туралы шешім қабылдау үшін қолданылады.
Мектеп шеңберінде әдетте оқушыларды топтар мен сыныптарға бөлуге арналған
бағалаудың белгілі бір нысаны болады.
5. Стандарттарды бақылау және орындау. Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін,
ал мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мысалы,
«біліктілігі» бар тұлғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген
кепілдіктер болуы қажет. PISA (Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі
халықаралық бағдарлама) сияқты халықаралық тест бойынша алынған мәліметтер
талдауы халықаралық стандарттарға сәйкестікті анықтауға бағытталған, одан басқа
стандарттың микро және макро деңгейдегі стандарттарына сәйкестікті бақылау үшін
ұлттық және жергілікті тестілер қолданылады.
6. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген
мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші
кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның
жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір
ықпал ететіні еш күмән туғызбайды.
Оқу үшін бағалаудың маңызы
Кез келген мұғалім «Оқу үшін бағалау» неліктен оқыту мен оқуды жетілдіру
проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін,
онысы орындыда. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер,
оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе
ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген
ойды қабылдау үшін біздің түсінігімізді едәуір өзгерту қажет болады.
Бағалаудың мәні
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы
кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не
істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе
тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан
бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл
бағалау түрлерін қамтиды. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және
олар төмендегілерді қамтиды:
• қадағалау;
• алынған мәліметтердің интерпретациясы;
• бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.
Қадағалау
Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын,
сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет.
Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, мәселен, ерекше дағдылар,
көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе
критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте,
бағалау бөлігі ретіндегі қадағалау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша
жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе
нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның
көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болар; немесе мінез-
құлыққа қарап логикалық қорытынды жасауға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның
миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты
интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.
Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және критерийлер
оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан
туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқу
үдерісінің қандай кезеңінде екені, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты
мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады.
Осылайша, ОүБ қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне
негізделген.
Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында
тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін
анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және
түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың
деректерді қолдануына екпін жасауы болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз
бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің
сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, әрі мұғалімдер бағалауды
белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек.
Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды
үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы
алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты
және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі
үшін өте маңызды да, өзекті.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Мельникова Е.Л. Проблемный урок или Как открывать знания с учениками: Пособие
для учителя. – М.: аПКиПРО, 2006
2.Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. – Қарағанды: Жолдак
Е.В. ЖК, 2011
3.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру Бағдарламасы. -
Астана, 2015
4. Тренерге арналған Нұсқаулық. - Астана, 2015
5. Имжарова З.У., Ахметова А. У., Имжарова Ж. Н. Сын тұрғысынан ойлау-білім алу
үрдісінде. Оқу-әдістемелік құрал / - -Ақтөбе, 2010. - 104 б.
6.Студентке арналған нұсқаулық. -Астана, 2015
7. Даму психологиясы : Оқу құралы / Ш. Сатиева. - Астана : Фолиант, 2012. - 232 бет
Последнее изменение: Saturday 26 September 2020, 15:53


№8 Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияны (АКТ)
пайдалану
Аннотация: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ)
дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді.
Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар
жаңартылып отырады.
Кілт сөздер: подскат, кейіс стади, сандық видео, технология
Жоспары
1.Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану мақсаттары.
2.Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта АКТ пайдалану әдістемесі.
Дәріс тезистері
Технологиялық білім – оқытудың видео, веб-материалдарға қол жеткізу және басқа
да сандық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану сияқты қосалқы құралдары туралы
білім. Бұл білім технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да,
оларды басқару үшін қажетті дағдыларды меңгеруді де меңзейді. Сандық технологияларға
қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық
құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға
мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен
электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. Оның үстіне, ТБ құрамына
перифериялық құрылғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау
жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды т.б. білу кіреді.
Білімнің технологиялық аспектісі – технологиялық білім (ТБ) мен пәндік білімнің
(ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің
қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар
заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді
басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді
ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де
білуі керек.
Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)
Үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және
мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және
Кёлер қарастырды. Олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсартуға ықпал
ете алатын болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімдердің оқушылардың
осы білімдерді қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек. Оның үстіне,
Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара
байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады.
Сонымен қатар зерттеушілердің айтуынша, осындай мұғалімдер зертханада жұмыс
істейтін ғалымдармен, бағдарламашылар, технологиялық сарапшылармен немесе жаңа
технологияларды пайдалану жөнінде білімдері жеткіліксіз тәжірибелі мұғалімдермен
салыстырғанда, оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдануда асқан ептілік танытады.
Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды.
Мектептегі технологияларға мыналар жатады:
• Теледидар бағдарламалары;
• Сандық теледидар;
• Интернет/ WWW;
• Ұялы телефон;
• Ұтқыр қондырғылар;
• Компьютер/ноутбук.
Сандық видеоны қолдану
Бағдарламалық жасақтама (БЖ)
БЖ тегін болуына қарамастан, видеоны редакциялауда таптырмайтын құрылғы.
Бағдарламалық жабдықтарды сенімді түрде колданудың жалғыз жолы – оларды
пайдалануды бастау. Ол үшін кез келген қысқа бейнеклипті жүктеп алып, өзіңіздің
бағдарламалық жасақтамаңызға енгізіп, онымен мұқият жұмыс істеңіз. Бұл жұмыс
алғашында біраз уақытыңызды алуы мүмкін, бірақ кейіннен жеңіл және жылдам жұмыс
істеуіңізге мүмкіндік береді.
Аудио және подкастинг
Подкастинг – бұл балаларға өз жұмысы мен жаңалықтарын Интернеттегі өте үлкен
аудиториямен бөлісудің керемет тәсілі. Мектеп ұжымы не істеп жатқандары туралы айту
үшін және балаларының жетістіктерін тойлау үшін Интернетті жиі пайдаланады, ал
подкастинг – бұны көрсетудің тамаша тәсілі.
Подкаст деген не?
Подкаст радиоқойылымға ұқсас (интернетте орналастырылған, цифрланған
бағдарлама). Бірақ тікелей эфирден шығарудың орнына подкаст жазылады және кейіннен
кез келген уақытта тыңдай алатындай етіп Интернет арқылы таратылады. Жалпыға
қызықты ойын-сауықтан бастап белгілі тақырыптар бойынша (мысалы, компьютерлер/
музыка/ білім) мамандандырылған мыңдаған қолжетімді подкасттар бар.
Подкастқа не қосуға болады?
• Мектеп жаңалықтары – балалар мен ата-аналарға мектепте не болып жатқаны
туралы
хабарлаудың тамаша тәсілі.
• Балалар жұмыстары – балалар өз жұмысын басқа біреулермен бөліскенді жақсы
көреді. Олардан өз бастарынан кешкен оқиғалары жайлы жазуды немесе мектепте жа- сап
көрген іс-әрекеттері туралы есеп жазуын сұраңыз.
• Мектеп өлеңдері.
• Сұхбат – мектеп ұжымымен, балалармен, қоғамдастық мүшелерімен және
мектепке келушілермен.
• Музыка – авторлық құқықтың бұзылатынына байланысты подкасттарда
коммерциялық музыканы пайдаланбағандарыңыз жөн. Авторлардың ресми келісімін
алған жағдайда ғана подкасттарда автор музыкасын пайдалануға рұқсат беріледі.
Кейс-стади: wiki бетін жаратылыстану ғылымы сабақтарында пайдалану
Білімнің технологиялық аспектілері (БТА)
Ақпараттық сауаттылық – бұл сандық технологияны пайдалана отырып, ақпараттың
орналасқан жерін анықтау, ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру қабілеті.
Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды пайдалана білуін +
сын тұрғысынан ойлауын + әлеуметтік хабардарлығын + оқуға әлеуметтік тартылуын
білдіреді. Төмендегі диаграммада онлайн және смартфондарда қолжетімді web 2.0 құрал-
жабдықтарының кейбір түрлері көрсетілген
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Мельникова Е.Л. Проблемный урок или Как открывать знания с учениками: Пособие
для учителя. – М.: аПКиПРО, 2006
2.Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. – Қарағанды: Жолдак
Е.В. ЖК, 2011
3.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру Бағдарламасы. -
Астана, 2015
4. Тренерге арналған Нұсқаулық. - Астана, 2015
5.Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде. З.У.Имжарованың редакциялауымен. –Ақтөбе,
2009
6.Студентке арналған нұсқаулық. -Астана, 2015
7. Бөрібаев Б. Web-технологиялар : оқулық. –Алматы, Дәуір, 2011. – 360
8. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. –А., 2007

№9 Сын тұрғысынан ойлау
Аннотация: Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол
маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.
Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқып, өз біліктілігін арттырушы
субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде
қолданылады деп болжанады. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді
дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл
модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы
және оймен қабылдауын көздейді.
Кілт сөздер: сын т9р5ысынан ойлау, диалог, талқылау
Жоспары
1.Сын тұрғысынан ойлаудың мәні мен қажеттігі
2.Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану
Дәріс тезистері
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде
алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып та-
былады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан
ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-
әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол
ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан
ойлауға баулуды білдіреді.
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:
• тиісті ақпарат жинауды;
• дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
• ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс
анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды
шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды
белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды.
Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта
мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен
байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен
жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен
дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балаларды өз тәжірибесіндегі
дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың
сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі
бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар
жеткілікті.
Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау
арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану
сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау,
қорытынды жа-
сау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Мәселен,
тарих немесе географияны оқытуда оқушыларды:
• суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және
топтастыруға;
• негізгі дереккөздерді бағалауға және оларға тиісті сұрақ қоюға;
• қорытындылар мен бастапқы тұжырымдар жасай отырып, негізгі дереккөздерді
салыстыру және талқылауға;
• анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауға
тартуға
болады.
Жұмысты талдаудың соңғы кезеңдерінде оқушыларға мұғалімдермен пікірталасқа
қатыса отырып, өздерінің бастапқы қорытындыларын талдау және қайта қарау арқылы
өзінің оқу үдерісін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатану үдерістерін барынша
түсінуге көмек көрсеткен дұрыс.
Төменде баланың басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдары мен
сыныпта жұмыс істеу кезінде қолданатын дағдылары берілген:
1. Көру арқылы немесе ауызша дәлелдерден алынған ақпаратпен танысыңыздар.
Бұл тапсырма негізгі дереккөздерден оқу арқылы алынған ақпаратқа да, шолулар мен
сауална-мадан жинақталған деректерге де, оқулық, энциклопедия немесе web-сайт сияқты
қосалқы дереккөздерден жиналған ақпаратқа да қолданылуы мүмкін.
2. Дәлелдерді зерттеу құрылымын немесе дәлелге негіз етіп алынған, кешірек
жасалған іс-әрекеттерді айқындайтын негізгі тармақтарды, болжамдарды немесе
гипотезаларды түсініңіз.
3. Бұл негізгі құрамдас бөлшектердің, көру арқылы және ауызша алынған
дәлелдердің
қалай біріктірілгенін және бір-бірімен өзара байланысатынын талдаңыз.
4. Жекелеген суреттердің немесе түрлі жеке пікірлер мен естеліктердің
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырыңыз және зерттеңіз.
5. Дәлелдер мен бірқатар тұжырым құру үшін түрлі ақпарат көздерін біріктіре
отырып, жинақтаңыз. Сіздің ойыңызды қалыптастыратын және қолдайтын түрлі ақпарат
көздері арасында байланыс орнатыңыз.
6. Жасалған қорытындыларды негіздеп, өзектілігі мен маңыздылығын дәлелдеңіз.
Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту Сыныптағы қарым-қатынасты
зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері – зерттеушілік әңгіме,
дәйек пен диалог – мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен
іс-әрекетке тартуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін өрістетіп, зияткерлік
қырларының дамуына ықпалын тигізетінін көрсетті.
Балаларды диалог пен дәйектеуге, пікірталасқа тарту белсенді жүргізілген жағдайда
олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін
зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда
өмір сүруг қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін
ынталандырушы күш болып табылады.
Пікірталас пен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді. Диалог
барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің
тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру
ұсынылады. Бұл –мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша, диалог пен ауызекі
немесе «интерактивті» оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды
дәлел ретінде қолданатын «диалектика» элементі.
Дәлелдемеге идея мен мүмкіндіктерді алға жылжыту және келісу деген анықтама
берілген. Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында
тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып,
баламалы мүмкіндіктер туралы сын тұрғысынан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола
түседі.
Мерсер сыныпта талқылау кезінде өз сөзін дәйектеудің үш түрін анықтады, олар:
• әңгіме-дебат, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын
қабылдауды
қаламайды;
• кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды және
сындарлылыққа негізделеді;
• зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып,
негізделген дәлел мен сын тұрғысынан ойлау арқылы жалғасады (Mercer, 2000).
Сын тұрғысынан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдар
мен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі
ретінде бейнеленіп отыр.
Бұл олар көрсеткен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын зерттеуді, жазып алуды және
бағалауды талап етеді. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір
дәлелдерді талқылап, қарастыруды қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында
көрініс береді. Бұл арқылы олар, мәселен, саяхатшылар мен көлік туралы біледі, өйткені
бұл адамдардың өмір жолын тілге тиек ете отырып, қажеттіліктерді танып-білуге
құрылған немесе тарихтағы өзгерістер мен үздіксіз ізденістер туралы біліп, адамның
әлеуметтік-экономикалық өміріне әсер ететін қоршаған орта мен технологияның
арасындағы қарым-қатынастармен танысу мүмкіндіктеріне ие болады.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері:
Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды
іздеудің орнына сұрақ қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру;
эмоцияға емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзіндік сана-сезімге қатысты
эмоция да бо- луы ықтимал).
Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды
көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға
ашық болуға ұмтылу.
Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен
мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.
Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып,
барлық көзқарастарға көңіл бөлу).
Өзіндік сана-сезім: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен
болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Мирсеитова С. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. - Алматы, 1998
2.Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. – Өскемен, 2005
3. Панюкова С.В. Использование информационных и коммуникативных технологий в
образовании: учеб пособие. – М.: Академия, 2010
4.Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетке даярлау
жолдары. – Өскемен, 2004
5.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру Бағдарламасы. -
Астана, 2015
6. Тренерге арналған Нұсқаулық. - Астана, 2015
7. Имжарова З.У., Ахметова А. У., Имжарова Ж. Н. Сын тұрғысынан ойлау-білім алу
үрдісінде. Оқу-әдістемелік құрал / - -Ақтөбе, 2010. - 104 б.
8.Студентке арналған нұсқаулық. -Астана, 2015

№10 Сыныптағы оқуды басқару. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Аннотация: Оқу сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін
негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс енгізу үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен
келіспеушілік тудыруы ықтимал.
Кілт сөздер: көшбасшы, зерттеушілік, кәсіби міндет, кәсіби білім
Жоспары
1.Оқыту үдерісін жақсарту мақсатында өзгерістерді жоспарлау.
2.Сыныпта оқыту үдерісінде болып жатқан өзгерістерді қадағалау.
3. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Дәріс тезистері
Аталған тақырып мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуеті бар, оны олардың
кәсіби өсуіне, бірлескен кәсіби білім құруына көмектесетін қолдау көрсетілген жағдайда
ғана көруге болады деген сенімге негізделеді.
Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымы жоқ жақсы мұғалімдер кәсіби
шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамдарға әсер ете алады. Біз
өзіміздің тактикалық дағдыларымызды жетілдіріп, стратегиялық тұрғыдан ойлауды
үйрене аламыз.
Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі
бар немесе жоқ мұғалімдер:
• іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
• өзгеріс енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
• бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
• кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға жауапты деп анықталуы мүмкін.
Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін
жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Мирсеитова С. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. - Алматы, 1998
2.Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. – Өскемен, 2005
3. Панюкова С.В. Использование информационных и коммуникативных технологий в
образовании: учеб пособие. – М.: Академия, 2010
4.Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетке даярлау
жолдары. – Өскемен, 2004
5.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру Бағдарламасы. -
Астана, 2015
6. Тренерге арналған Нұсқаулық. - Астана, 2015
7. Имжарова З.У., Ахметова А. У., Имжарова Ж. Н. Сын тұрғысынан ойлау-білім алу
үрдісінде. Оқу-әдістемелік құрал / - -Ақтөбе, 2010. - 104 б.
8.Студентке арналған нұсқаулық. -Астана, 2015

№11 Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖДЖ)
Аннотация: Терең кәсіби біліктілік педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін
кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі. Мұғалімге оқу қоғамдастығының бір
бөлігі болып табылатын, кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет.
Бұл тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға
негізделе отырып, мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі. Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік
пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды.
Кілт сөздер: Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы, академиялық империализм
Жоспары
1.Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысының мазмұны
2.МЖДЖ кезеңдері
Дәріс тезистері
Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖдЖ) Мұғалімнің көшбасшылығын
дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер:
• іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
• өзгеріс енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
• бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
• кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға жауапты деп анықталуы мүмкін.
Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МЖДЖ бағдарламасы «мұғалім
– зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру
жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық
империализм» деп аталатын мақсаттан – мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту
мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек (Elliot, 1991). Мұғалім
жүргізетін дамыту жұмысы белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау
немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар,
жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық
етуден тұрады. Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы басқаларды серіктестікке тартып,
рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-
шаралар жиі өткізіліп тұрады, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде
орналастырылған есептерді оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы
пікірлерін жинау, әріптестерімен іс- тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың
сабақтарына қатысу. Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында біртіндеп
жүзеге асырылатын рефлексия, жоспарлау, кеңес беру тәсілдері арқылы қолдау таба
алады.
Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар
мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам – өзгеріс енгізуге қатысты әріптестерінің
кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бойынша атқарылған
жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы мүмкін. Мақұлданған соң
мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге
асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай
болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді өтсе, онда дамыту жұмысы да
жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс тәжірибелі мұғалімдер
тарапынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Бізге олардың мектеп
құрылымы мен дамыту басымдықтары туралы пікірі қажет, себебі олардың кеңесі мен
жетекшілігі өте құнды. Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдерде айқындалады.
1-кезең. Құндылықтарды анықтау.
2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.
3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.
4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.
5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен
кеңестер.
6-кезең. Зерттеуге негiзделген дамыту жұмысындағы көшбасшылық.
7-кезең. Кәсiби бiлiмнiң дамуына ықпал ететін қоғамдастықтағы жұмыс.
Дамытудағы көшбасшылық мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен
тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын
тигізеді.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Мирсеитова С. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. - Алматы, 1998
2.Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. – Өскемен, 2005
3. Панюкова С.В. Использование информационных и коммуникативных технологий в
образовании: учеб пособие. – М.: Академия, 2010
4.Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетке даярлау
жолдары. – Өскемен, 2004
5.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру Бағдарламасы. -
Астана, 2015
6. Тренерге арналған Нұсқаулық. - Астана, 2015
7. Имжарова З.У., Ахметова А. У., Имжарова Ж. Н. Сын тұрғысынан ойлау-білім алу
үрдісінде. Оқу-әдістемелік құрал / - -Ақтөбе, 2010. - 104 б.
8.Студентке арналған нұсқаулық. -Астана, 2015

№12 Lesson StuDy
Аннотация: Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін
дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс әрекеттегі зерттеу.Ол
бірнеше циклді қамтиды ең бастысы «сабақты зерттеу » немесе «сабақты зерделеу»болып
табылады.
Кілт сөздер: Lesson StuDy, жоспар
Жоспары
1. Lesson Studyдің маңызы
2.Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study қолдану.
Дәріс тезистері
Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін
дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс әрекеттегі зерттеу. Ол
бірнеше циклді қамтиды ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» болып
табылады.
Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімі мен тәжірибесін дамытуға
арналған тиімді құрал ретінде яғни негізгі кәсіби қауымдастық құру және
желілік қоғамдастық құру.
Сыйластық қарым- қатынаста топ құрады.
Жоспар құру.
Зерттеу обьектісін анықтау.
Дерек көздерін тиімді пайдалану, қорыту.
Бақылауға алынатын сыныптар және оқушылар.
Зерттеу сабағын жоспарлау нәтижесін қадағалау.
Мұғалім мен оқушы, мұғалім мен мұғалім сұхбаты.
Талқылау:
а) бақылаудағы оқушыларды қадағалау және айырмашылықтарды анықтау.
ә) сыныптың тұтастай оқытылуы
б) зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі
в) келесі зерттеу сабағының мақсатын белгілеу
Топпен бірлескен келесі L.S. сабағын жоспарлау.
Lesson Study үдерісінде бірталай уақыт бойы қалыптасқан және орныққан мынадай
бірқатар қадамдар бар:
• Lesson Study тобы өзара келісе отырып, оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз
ететін ережелер жүйесін жасайды, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен
сыйластық қарым-қатынаста болады.
• Топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, ол әдетте сұрақ түрінде келіп, нені,
кімді оқытуды анықтайды, мәселен, «Өздерінің оқуын жақсарту үшін Х-ті Y-тің
мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз?» деген сияқты.
• Топ мүшелері түйінді идеяларды зерттеуге қатысты жауап іздеу үшін әдебиеттерді
зерделеп, жоспарлау кезінде оларды қолдану үшін нәтижелерін қорытады.
• Топ қандай сынып және қандай үш «зерттелетін оқушы» назарға алынатынын, сондай-ақ
қандай сыныптар оқу үлгерімі жоғары, орта және төмен сыныптар болып саналатынын
шешеді.
• Топ зерттеу сабағын жоспарлайды, жоспарда «зерттелетін оқушылардың» сабақта
өтілетін материалды игеруіне ерекше мән беріледі.
• Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары – «зерттелетін үш
оқушыны» басты назарға алып, сабақты қадағалайды және қажет деген жерлерін белгілеп,
түртіп алып отырады.
• Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушымен
сұхбат жүргізеді.
• Топ зерттеу сабағы аяқталысымен бірден талқылау жүргізеді.
3.Салыстыру, түйінін жасау
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Әлімов А.К. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. -Астана, 2014
2.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру Бағдарламасы. -
Астана, 2015
3. Тренерге арналған Нұсқаулық. - Астана, 2015
4. Имжарова З.У., Ахметова А. У., Имжарова Ж. Н. Сын тұрғысынан ойлау-білім алу
үрдісінде. Оқу-әдістемелік құрал / - -Ақтөбе, 2010. - 104 б.
5.Студентке арналған нұсқаулық. -Астана, 2015
ПРАКТИКАЛЫҚ САБ

Оқушы жұмысын талдау
Талдау (ежелгі грек тілінен «жіктелу») – танысу процесінде нақты бөліктің санамен орындалатын немесе адамның пәндік-тәжірибелік қызметінде құрама бөліктерге (заттар, қасиеттер немесе заттардың арасындағы қатынастар) жіктелуі.
Талдау – бұл танысудың логикалық қабылдануы, заттың санамен жіктелуін (құбылыстың, процесстің) бөліктерге, элементтерге немесе қасиеттерге, яғни олардың қажетті және нақтылы сапалары мен қасиеттерін салыстыру және біртіндеп зерттеу арқылы маңызын анықтау мақсатында жасалады.
Оқушылардың жұмыстарының нәтижесін талдай отырып, мұғалім оқушылардың қандай мәселелерге тоқтағаны туралы мәлімет алады және қандай қадамдарға әрекет ету керек екенін болжап, қорытындылап, мәселелердің шешу жолын қарастырады. Демек, мұғалiм алған мәлiметтерді
а) оқушыны жеке деңгейде,
б) сынып деңгейінде
талдауға икемi болуы керек:
Тексеру жұмысын қалай талдайды?
Формативті бағалау әдісін қолдану - тақырыпты оқыту кезінде (сабақта немесе сабақтар топтамасында) тексеру жұмыстарын өткізуді ұйғарады. Тексеру жұмыстары қойылған мақсаттар мен міндеттерге байланысты оқушылардың жетістіктерінің деңгейлерiн көрсетедi және оған сәйкес мәселелердің бар екенін көрсетедi.
Бұл маңызды!
Мәліметтерді жалпылауға қарамай, аралық тексеру жұмыстарын алғанда бағалау нәтижесін мұғалім жекеше қарайды.
1-шi мысал.
Оқу тақырыбы 5 сабаққа есептелетіні ұйғарылады. Осыған сүйене отырып, мұғалiм 3-4 аралық тексеру жұмыстарын өткізуді жоспарлауы керек. Әрбiр тексеру жұмысына сабақтың бес минуттай уақытын ала алады.
Тексеру тапсырмасы:
Жазбаша тексеру жұмысы (тест) бiрдей күрделiлiктегі 5 сұрақтан тұрады.
Сiз сабақта бiрдей күрделiлiктегі 5 сұрақтан тұратын аралық тексеру жұмысын өткiздiңiз. Жұмысты бағалау критерилері тексеру жұмысын өткiзуге дейiн оқушыларға көрсетілді. Әрбiр дұрыс жауап оқушыға 1 баллды әкеледi.
Сіз жұмыстарды тексердіңіз және алған нәтижелерді ұсынылған кестелерге енгізген соң, оқушылардың жұмыстарының нәтижесін көрнекті көрсететіндей етіп, мәселелерді айқындап, ары қарай шешу жолдарын анықтайсыз.
Нәтижелер кестесі
№ 7-шi кесте
Сынып_______________Күні_____________Тақырыбы____________
1 2 3
Болмады 1. Асанов2.
Жұмысты тапсырмады 1. Усенов2.
Баға Баға нормасы (мұғалiм оқушыларымен бiрге құраған немесе мұғалiм құрап, оқушылармен талқыланған) Оқушылардың саны
«1» дұрыс жауаптар – 0-1 1
«2» дұрыс жауаптар –2 4
«3» дұрыс жауаптар –3 7
«4» дұрыс жауаптар –4 10
«5» дұрыс жауаптар –5 6
Оқушылар саны 30
3-ші бағанның мазмұны оқушылардың сапалық табыстарының сандық сипаттамасын мұғалiмге ұсынады.
Бұдан әрi мұғалiм дұрыс емес жауаптардың сұрақтарға байланысын көрсететін форманы толтырады.
№ 8-шi кесте
1 сұрақ 2 сұрақ 3 сұрақ 4 сұрақ 5 сұрақ
Тапсырманы орындай алмаған оқушылар саны 2 6 0 11 16
Алынған мәліметтер негізінде мұғалiм келесi қадамдарды жасауы тиіс:
1. Сабақта болмаған оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).
Сабақты босатқан оқушыларға тақырыпты меңгеруiнiң сапасын тексеру үшін осы тапсырманы келесi сабақтың жоспарына енгiзу.
2. Мұғалiмге жұмысты тексеруге бермеген оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).
Себебiн біліп және оқушыға ағымдағы келесi сабақта жұмысты тапсыруына мүмкіндік беру.
3. Ең үлкен қиыншылықтар келтірген сұрақтармен жұмыс.
8 - ші кестеде толтырылған мәлiмет оқушыларға 4, 5 сұрақтар қиыншылық тудырғанын көрсетедi. Мұғалiм оқушыларға мәселелер тудырған сұрақтардың талдауын жасау керек.
№ 9-шы кесте
Мүмкін мәселелер Мәселелердi шешу үшiн жоспарланатын қадамдар
 берілген уақыттың жетпеуi - қосымша уақытты ескеру;
- тексеру тапсырмасының көлемiн кiшiрейту;
- нақты жоспарланған уақытқа оқушылардың белсенді жұмысын дамыту мақсатымен тапсырмаларды өткізуді жалғастыру
 тақырыптың осы бөлiгiн зерттеу енді ғана басталғандықтан үлкен қиындық тудырады - осы сұрақты бұл тексеру жұмысына қосуға болмайды, оны келесi сабаққа жоспарлау қажет
 қолданылған оқыту әдiстері осы тақырыпты ашу үшiн тиiмдi емес болып табылады - басқа оқыту әдiстердi қолдану туралы ойлау немесе анықталған шеберлікті жетілдіруге нақтылы бағытталған қосымша тапсырмалар таңдау
 тақырып жеткiлiксiз ашылған - тақырыптың ашылуына қосымша уақыт жоспарлау керек
 күрделiлiк сұрақтың тұжырымымен байланысты - сұрақтың тұжырымын қайтадан қарастыру
Талдау нәтижелерiн қолданып, мұғалiм керi байланысты жоспарлайды және оны жүзеге асырады. Талдау келесi сұрақтарға жауаптардың iздестiрілуін ұйғарады:
 осы оқушы үшiн бұл бағалау қаншалықты тиімді;
 осы тақырыпты оқуға оқушының қатынасын өзгерту мүмкіндігі (оқушының ынтасын жоғарылату);
 қандай тапсырмалар (жаттығулар) оқушының өзіне биiк нәтижелерге қол жеткiзуге көмектеседi;
 Оқушының парасатының жеке түрiне сәйкес қорытынды тапсырмаларды жоспарлап дайындау. Тексеру жұмысында берілген – тесттер, портфолио, зерттеу тапсырмаларынан гөрі оқушы басқа түрдегі тапсырманы сапалырақ орындауы мүмкін.
2-шi мысал Тексеру тапсырмасы:
Өз мысалыңның негiзiнде бүтін санды жәйi бөлшекке көбейтудің толық алгоритмін құру.
Бұдан әрi оқушының жауабы көрсетілген:
 Мысал: 
 Шешудiң алгоритмі:
1) көбейтуді орындағанда бөлiмі өзгермейді;
2) бүтiн санды алымына көбейту: 
3) алған әрекеттің нәтижесiн жазып алу: .
4) алынған бөлшекті қысқарту: . Бұрыс бөлшек шыққан жағдайда аралас санға айналдыру немесе тиiмдi формада жазып алу керек: .
Мұғалiм тексеруді жүргізу үшiн келесi белгiлердi анықтайды:
1. бүтін санның жәй бөлшекке көбейту алгоритмін құрастыруының дұрыстығын (оқушы бұл жағдайда үш немесе бес қадамнан тұратын тiзбектi пайдалана алады);
2. мысалдың құрастырылуы және оның дұрыс шешiмi.
Сiз жұмыстарды тексердiңiз және нәтижелердi алдыңыз. Сiз ұсынған формаларға нәтижелерді (таңдау еркі өзіңізде: бағалар немесе белгілер) енгізесіз де, оқушылардың жұмыстарының нәтижесi арқылы ары қарайғы қадамдарды анықтап, мәселелердi айқындап шешуге мүмкiндiк аласыз.
Нәтижелер кестесі
10-шi кесте
Сынып____________Күні___________Тақырыбы_________________
1 2 3
Болмады 1. Асанов
Жұмысты тапсырмады 2. Үсенов
Баға Баға белгілері (мұғалiм оқушыларымен бiрге құраған немесе мұғалiм құрып, оқушылармен талқыланған) Оқушылардың саны
«1» 1) алгоритм жаңылумен құралған, көп ештеңе iстелмеген
2) алгоритм құрылмаған, мысал жаңылумен құралған және шешiлмеген 1
«2» 1) алгоритм құрылмаған, мысал құралып, жаңылумен шешiлген
2) алгоритм жаңылумен, мысал жаңылумен құрылған және шешiлген 3
«3» 1) алгоритм түсiндiрусiз өте қысқа құралған. Мысал жаңылумен шешiлген
2) алгоритм құрылмаған, мысалды шешкенде қателескен
3) алгоритм құрылмаған. Мысал құралып дұрыс шешiлген -
«4» 1) алгоритм құрылған, мысал дұрыс шешiлген
2) алгоритмды құруда болмашы қате кеткен
3) мысалды шешкенде болмашы қате кеткен 9
«5» алгоритм толық дұрыс құралған, мысалды өзі құрып, дұрыс шешкен 8
Оқушылар саны 30
Келесi форма көмегiмен мұғалiм оқушылар үшiн өте күрделi болып табылатын мәселені анықтай алады.
№ 11-шi кесте
1.Алгоритм құралмаған 2. Алгоритм жаңылумен құралған 3. Мысал оқулықтан алынған, шешкенде қателіктер жіберілген 4.Мысалды өзі дайындаған, қателіктер жіберілген
Тапсырманы орындай алмаған оқушылар саны 2 4 9 13
Бұдан ары қарай алынған мәліметтермен мұғалiм келесi жұмыстарды орындайды:
1. Сабақта болмаған оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).
Сабақты, босатқан оқушыларға осы тапсырманы өткiзудi келесi сабақтың жоспарына енгiзу.
2. Мұғалiмге жұмысты тексеруге бермеген оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).
Себебiн біліп және оқушыға келесi сабақта жұмысты тапсыруына мүмкіндік беру.
3. Ең үлкен қиыншылықтар келтірген сұрақтармен жұмыс
№ 11-шi кестедегі мәлiмет оқушылардың негiзгi мәселелерiн көрсетедi.
- 3. Мысал оқулықтан алған, шешуде қателіктер кеткен
- 4. Мысалды өзі дайындаған, шешуде қателіктер кеткен
Мұғалiм оқушыларға мәселелер тудырған сұрақтардың талдауын жасау керек.
Мұғалiм төменде көрсетiлген форманы (№ 12-шi кесте) толтыруы келесi қадамдардан тұрады: жоспарланған қадамдарды iске асыру арқылы мәселелердi оқушылармен талқылау арқылы шешу болып табылады.
№ 12-шi кесте
Мүмкін мәселелер Мәселелерді шешу үшін жоспарланған қадамдар
• •
• •
• •
Көрсетiлген мысалдардан мұғалiмнiң аналитикалық жұмысы тәптiштелген болып табылады. Мұғалім мәселені көре және бағалай білуі, оқу процесіне өзгерістер енгізу мақсатында шешім қабылдай білуі керек.
Мұғалiм талдауөткiзу үшiн ұсынылған немесе басқа формаларды қолдана алады. Мұғалiм талдау нәтижелерін пайдаланып, керi байланыстың орнауын жоспарлайды және оны жүзеге асырады.
Бұл маңызды!
Аналитикалық жұмысты жүргізу формативті бағалауда мақсат емес. Ол оқушылармен қисынды керi байланысты орнату үшiн негізгі кезең, сонымен қатар мұғалiмнiң қызметiне түзетулердi енгiзу және оқыту процесiн жақсартудың мақсаты болып табылады.

Керi байланыс.
Керi байланыс - нақты әрекеттер, ахуалдар, даулы мәселелер арқылы мақсатқа жетуге бағытталатын түсiнiктердi алу және мәлімет беру процесі.
Формативті бағалаудың мәселелерін зерттеушiлер Брангерт Драунс, Кулик, Морган сонымен қатар Элдвар және Корнолар «формативті бағалау – кері байланыстың оқушылармен үзіліссіз ағыны», «оқушыға реттелген түсініктерді алу және өзінің кемшіліктерін сезінуге көмектесетін айқын, түсінікті ұсыныстар мен ары қарай ілгері ұмтылу үшін жеткілікті мәлімет жинайды» деп өз жұмыстарында атап өттi.
Керi байланыс мұғалiмге оқыту процесі қалай жүретiндігі және оқушының табыстары мен кемшіліктері туралы мәлiмет бередi. Керi байланыс өзара сыйластық пен тiлектестiктiң атмосферасында өтуi қажет және оқушы үшiн дұрыс жауап қайыруға немесе қателердi жөндеуге уақыт берiлуі керек. ойлау Сонымен қатар қызмет бағыттарын ауыстыруға мүмкіндік береді.
Бұл маңызды!
Керi байланыс позитивтi болуы керек, бiрақ бұл оқушылар iстеген жұмыстың кемшiлiктерi туралы бiлу керек еместігін бiлдiрмейдi.
Зерттеушiлер Блэк және Уильямның пiкiрiнше, оны пайдалану үшiн оқушы керi байланыс деген не екенін түсiну керек. Нақты жетiстiкке жету үшiн оқушы өзіне баға беруге үйренуi керек: «негізгі мақсатын түсініп, содан табысқа жетуге нені игеру керек екенін білуі керек ». Сайып келгенде, оқушылармен кері байланыс оқушы қалай және нені түсінетіндігін немесе түсінбейтіндігі туралы мәлімет береді, сонымен қатар мұғалімге оқушының жетілуіне қажет стратегияны алуға көмектеседі.
Сабақтың әр бөлімінде де кері байланыс орын алады. Кері байланыстың екі түрі болады.
• Ауызша
• Жазбаша
Кері байланыстың құралдары төмендегідей болуы мүмкін.
• Жазбаша түсініктеме
• «температура өлшемі»
• Бақылау
• Күнделік/ өзін-өзі бағалау журналы
Ауызша кері байланыс бұрмалы, толық немесе шағын, бұрмаланусыз болады. Бұрмалы және толық түсініктемелер тек қана ұстаздың бағасын ғана («жақсы», «жарайсың», «нашар», «дұрыс емес») қамтып қоймай, сонымен қатар:
а) ненің дұрыс, ненің қате екендігін көрсетеді
б) қалайша қателерін түзеуге немесе толықтыруға болатындығына бағыт-бағдар береді.
Бұрмаланусыз немесе шағын түсініктемелер тек қана ұстаздың бағасын ғана қамтиды. «жарайсың», «нашар», «жақсы» т.с.с.
Түсініктемелер позитивті, бейтарап (нейтралды) немесе негативті болуы мүмкін.
Позитивті немесе бейтарап (нейтрал) түсініктемелер төмендегідей болады:
• Дұрыс жауап кезінде айтылатын сөздер: «иә, бұл дұрыс жауап», «өте жақсы», «барлығы дұрыс», «Сәуленің қаншалықты нақты жауап бергеніне назар аударыңдаршы», «Жарайсың!»
• Қате жауап кезінде айтылатын сөздер: «жауапқа жақынырақсың, бірақ тағы біраз ойлан», «бұл бағытың дұрыс, бәріміз бірге тағы да ойланып көрейік», «балалар, Таланттың айтуы бойынша осылай, ал сендер қалай ойлайсыңдар?», «ал сен неге олай ойладың?», «сен бұл жерде біраз қателестің, қане тағы бір рет оқып шық».
• Жауабын нақтылап және толықтыра түсуін өтіну.
Ұстаз сын айтқан кезде негативті түсінік беруден аулақ болуы қажет. Мысалға: «ақымақ жауап», «осылай ойлауға қалайша дәтің барды?», өйткені мұндай сөздер оқушының жеке басына, психологиясына нұқсан келтіреді. «Дұрыс емес», «қате», «дұрыс жауабын кім береді?» деген сөздерден аулақ болып, жұмысының нақты қай жерінің дұрыс емес екендігін айта кетуі жөн болады.
Оқушыны ынталандыру (мотивация)
Ынталандыру – дегеніміз бұл адамның іс-әрекетінің қажеттіліктерін анықтайтын, оның бастамасын, бағытын және белсенділігін құптайтын факторлар жүйесі.
Бағалаудың мақсаттарының бірі оқушыны оқуға бағытталған ынталандыруының қолдауы және реттеуі болып табылады. Ынталандыру талдау негізінде шешім қабылдау процесін көрсетеді. Ынталандыру туралы сұрақ адамның әрекетінің себебін түсіндіру қажет кезде әрқашан туындайды. Ынталандыру ортасы мазмұнына қарай оқушылардың сәттілікке талпынушылығының туындауына қалай көмегін тигізсе, солай кедергі болуы мүмкін, сонымен қатар осы талпынушылықтың күші мен бағытына әсер етеді.
Оқу барысында ішкі ынталандырудың реттелуіне қалайша әсер етуге болады?
Ішкі ынталандыру сәтті оқудың маңызды шарты болып табылады. Егер ол жоқ болса, қалай болуы мүмкін? Көптеген ұстаздар балаға қажетті ынтаны қалыптастыру арқылы көптеген қол жетімді жетістіктерге жетіп сол арқылы оқу мәселелерін біршама оңтайлы шешуге болатындығын айтады. Е.П. Ильин «Ынта – дегеніміз тұлғаның (субъект) өзі қалыптастыруы тиіс күрделі психикалық білім» деген. Ұстаз бұл процеске тек себепші ғана бола алады.
Ынталандырушы әдістер:
• Талабыңыз биік және шынайы болуы қажет;
• Оқушымен бірге мақсат қоя біліңіз;
• Сіздің пәніңіз бойынша жетістікке жету үшін нақты не керек екенін түсіндіріп беріңіз;
• Ішкі ынталандыруды дамыту үшін «міндеттісің», «талап етемін» деген сөздердің орнына «қызық, тырысып көр», «істеп көр» т.с.с. сөздерді қолданыңыз;
• Оқушылар арасында бәсекелестік тудырудан аулақ болыңыз.
• Өз пәніңіз жайлы әрқашан шабытпен, құлшыныстықпен айтыңыз.
• «Жетістік ахуалын» қалыптастырыңыз.
Сабақтың құрылымы:
• Әрқашан қатысушының мықты жағы және қызығушылығы жағынан табыла біліңіз.
• Оқытылып жатқан материалды біртіндеп күрделендіре түсіңіз.
• Оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануға тырысыңыз.
• Қатысушының тек қана бағалауына ғана емес, оның жаңа икемдер мен білімге назарын аудартыңыз.
• Оқушыны ешқашан нашар баға қоямын деп қорқытпаңыз.
• Тест оқушының үрейін тудырмай, керісінше оның біліміне назар аудартуға себепші болуы керек.
Ынталандыру арқылы оқушының атқарған жұмысына түсініктеменің берілуі:
• Кері байланыс өз уақытында болуы керек.
• Жетістіктерін тек қана мақтау сөздермен ғана айтып қоймай, оң конструктивті (құрылымдық) түсінікпен де жеткізу қажет.
• Бір-бірінің жұмыстарын оқып тексеруге беріп, олардың оң жақтарын және толықтыратын тұстарын көрсетіп бағалайық.
• Ең алдымен әрқашан оң аспектілерін атап алыңыз, содан соң сынға алыңыз. Негативті кері байланыс оқушыға емес, жұмыстың осал жақтарына бағытталуы қажет.
• Оқушының әлсіз жақтарын ешқашанда көпшілік алдында қорлау сөздермен кемсітіп көрсетпеңіз.
• Оқушыларға өздерінің ойлануларына мүмкіндік беріңіз, аузына сөз салып беруге (подсказка) асықпаңыз.
Оқыту барысында ғылыми игерілген бір қатар әдістердің бар екендігін атап өту керек.Осылардың көмегімен алғашында айтылып кеткен қиыншылықтарды шешуге болады. Ол үшін төмендегідей талаптарды міндетті түрде ұстануымыз қажет.
1. Мүмкіндік болса, дұрыс атқарылған тапсырмалар үшін марапаттау мен сыйлық беруді доғарып, оның орнына жай ғана бағалап, мақтап қоюымыз жеткілікті.
2. Сабақты көбінесе оқушыларды жарыстыру арқылы өткізу қажет. Оқушыны өз жетістіктері мен нәтижелерін салыстырып, талдау жасауға үйретуіміз тиімдірек болады.
3. Оқу мақсатында «жоғарыдағылармен» байланыстырмауға тырысыңыз. Оқушымен бірлескен жұмыс оның алға қойған мақсаттар мен тапсырмаларды орындауларына едәуір тиімді.
4. Қателігі үшін оқушыға қатты айтылған сын оған негативті эмоция туғызатындығы және оқуға деген белсенділігіне кері әсерін тигізетіндігін есте ұстағанымыз абзал.
5. Уақытша шектеулер қолданбауға тырысыңыз, өйткені ол шығармашылықты тежеп қана қоймай, ішкі талпынысты да тежейді.
6. Әрбір оқушының өз шеберлігі және ұшқырлығын дамыту үшін оларға тапсырмаларды қиындық деңгейіне қарай бөліп беру керек.
7. Әр оқушыға есептің шешу жолы мен әдістерін өзіне таңдатуға мүмкіндік беру қажет.
Ынталандыру оқушының танымдық белсенділігін жоғарылатуға және оқу бағдарламасын меңгертуге мүмкіншілік береді.

Бағалаудың басқа түрлері
1. Диагностикалық бағалау жүйесі
2. Өзін – өзі бағалау
Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі.
Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады:
а) оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі;
б) оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру;
в) оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерінкөре білу қажеттілігі.
Диагностикалық бағалаудың мақсаты пән бойынша тақырыпты немесе тарауды оқуды бастарда оқытудың мақсатына қатысты оқушының алатын орны туралы ақпарат алу болып табылады. Диагностикалық бағалау мұғалімге оқушының сұранысы бойынша оқу жоспарын өзгертуге немесе алдағы уақытта оқып- үйренуде туындайтын қиындықтарды жеңуді болжауға көмектеседі.
Диагностикалық бағалаудың бірінші буыны – оқушының бір тақырыпты, курсты оқығанға дейінгі жинақтаған білім қорына немесе дағдысы мен құзіреттілігінің деңгейіне сүйеніп, оның білім алу деңгейін алдын ала сараптау (алдын-ала тест алу). Бұл жұмыс мұғалімге жаңа тақырыптың қай бөлігінде оқушыға қиындық туындайтынын анықтауға және бұл қиындықтарды болдырмау қадамдарын жоспарлауға көмектеседі.
Педагогтар алдын-ала тест алудың мақсаттарының тізбегін анықтады:
 алғашқы білім мен тәжірибенің диагностикасы;
 алғашқы білім мен тәжірибенің өзектілігі;
 алғашқы білім мен тәжірибенің проблемалылығы;
 оқушылардың өз дайындық деңгейлерін өздігінен бағалауы;
 оқушының көзқарасынан пәннің маңызды аспектісін бөліп қарау;
 оқылатын тақырыпқа қызығушылық туғызу;
 оқытылатын тақырыпқа оқушылардың күтуін туындату.
Алдын ала тестілеу диагностикалық бағалаудың жалғыз түрі емес екенін байқаймыз. Тақырыпты оқытудың алғашқы кезеңінде сол курс бойынша ой қорыту және болжам жасау үшін рефлекстік жағдайлар туындатуға болады. Бұл кезеңде тақырыпты, бағдарламаны, оқытылып жатқан курстан не күтетінін талқылау керек.
Диагностикалық бағалаудың екінші буыны – жаңа тақырып бойынша оқушының білімін, іс-әрекеті мен дағдысын, құзіреттілігін тексеру болып табылады. Мұғалім тестілеуді тақырыпты оқудың соңында жүргізіп, оқушы өтілген тақырыпты қаншалықты дұрыс қабылдағанын, құзіреттіліктерді меңгеру дәрежесі туралы ақпараттар алады.
Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.
Формативті бағалау оқушылар мен сыныптастардың өзін-өзі бағалау әдісін қолдануды қарастырады. Бұл әдістер формативті бағалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалау әдісімен машықтанған болса, онда бағалаудың дәлдігімен сенімділігі жайлы сұрақ туындамайды. Оқушыларға өзін-өзі бағалау кезінде эмоцияға берілмей, сын тұрғыдан жүргізуді қалыптастыру керек. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау негізі мынада: оқушылар оқу процесінде алдына қойған мақсаты болғанда ғана өздерін бағалай алады.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
Оқушылар үшін оның жетістіктерін бағалау ақпараты төмендегідей элементтерден тұрады:
• Алға қойған мақсаты.
• Берілген және қалыптасқан межелер (критерий).
• Қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы.
• Алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын түсіне білу.
Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі үшін:
• Оқушылар өз жұмыстары мен оның қабілеті қалай бағаланатыны жайлы түсінігі;
• Сын тұрғыдағы көзқарасты дамыту дағдысы;
• Әділдікті дамыту;
• Оқушылардың өз мақсаттарына зейіндерін шоғырландыруы.
Оқушының өзін-өзі бағалауы ұстаздың бағасымен сәйкес келуі керек. Өзін-өзі дәл бағалауға тәрбиелеу екі бағалауларды салыстыру арқылы қолданылады. Олар өткенді шолатын (орындалған жұмыстың бағасы) және болжамды (орындалатын жұмыстың бағасы) болып келеді.
Бұл маңызды!
• Ұстаз оқушыларға жұмыстарының бағасының өлшемі жайлы және мақсаттарын үнемі еске салып отыруы қажет.
• Өзін-өзі бағалаудың уақытын жоспарлау керек.
• Сабақтың мақсатын таныстырып, оқушылар өздерінің мақсаттары мен бағыттарын дәл және айқын көре алуы үшін тақтаға, қабырға көрнекіліктеріне баға өлшемдерін көрсетіп қою керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет