Кіріспе Өзектілігі



бет2/3
Дата18.12.2023
өлшемі39,26 Kb.
#140432
1   2   3
Байланысты:
дайын курсовой

Зерттеу әдіснамасы: Бұл жұмыста бірнеше авторлардың жұмыстарына тоқталып өтпекпіз. Олар: К. Левин, Б.Б. Нусхаева, Г.С. Абрамова, А.П. Гуськов, В.Л. Васильев, Д.Б. Эриксон, И.С. Кон, Т.В. Драгунева, А. Гезен еңбектері.
Курстық жұмыс құрылымы: Бұл жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. ЖЕТКІНШЕК ШАҚТАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Жеткіншектердің психикалық даму мәселелері

Жеткіншек шақ - жеке тұлға ретінде қалыптасып, қоғамның түрлі сфераларына етене араласып, өмірлік жоспарды құруда жауапкершілікті талап ететін кезең болып саналады. Жеткіншектік кезең барлық қоғамда емес, тек өркениеттің жоғарғы деңгейінен көрініс алады. Бұл кезең әдебиеттерде: жасөспірімдік, өтпелі, аралық, пубертальды, пубертатты, жыныстық жетілудің бастама алуы, т.б. деп те қарастырылады. Осы түрлі атаулар жеткіншек өмірінде болып жатқан өзгерістерді жан-жақты бейнелейді. Бұл кезеңнің жас ерекшелік аралығын қамтитынын айтып кеткен жөн болар еді. Ал қазіргі кезде Еуропа елдерінде жасөспірімдік кезең болып 16-21 жас аралығы есептелінеді.


Жеткіншектік жас дамуының негізгі міндеті тәндік және жыныстық жетілуді психологиялық тұрғыдан меңгеру. Бұл шақ биологиялық және психологиялық өзгерістердің тығыз өзара байланысы болып табылады.
Жеткіншек жаста болатын дағдарыстар жыныстық жәнеп физиологиялық дамумен тығыз байланысты.
Дене өлшемдерінің өзгерісі. Жасөспірімдік кезеңнің ең бірінші белгісі бойдың жылдам өсуі. Ол қыз балаларда ер балаларға қарағанда екі жылға ерте басталады. Бой өскен сайын дене пропорциясының өзгерісі байқалады,
Бой өсуінің этаптары: қол және табанның өсуі, сан, кеуде, иықтың өсуі, ең соңында дененің өсуі жүреді.
Сүйектер мен бұлшық еттер өскен сайын күш те көбейеді. Жыныстық жетілу кезінде қозғалыс координациясында уақытша өзгерістер орнайды. Жеткіншектер осы себепті ебедейсіз болады. Ебедейсіздігінің әлеуметтік факторы болып өзіне сенімсіздік пен аса ұяңдық болып табылады.
Жеткіншек кезеңде ішкі органдар жүйесі гетерохронды дамиды. Дене үлкеюіне байланысты тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, қан айналым, зәр шығару жолдары синхронды дамиды. Лимфа жүйесінің өсуі баяулап, жыныстық органдардың дамуы қарқындайды. Жеткіншек жастағы жыныстық жетілу эстроген және гонадотропин жауап береді. Гармондық өзгерістер мен психологиялық өзгерістер арасында байланыс бар, әсіресе депрессия, эйфория, агрессивтік деңгейлері гармондық өзгерістерге тәуелді болып табылады.
Жеткіншек жастың өткір фазасы - жасөспірімдік сананың ерекше формасы - “есею сезімінің” пайда болуы. Есею сезімі жыныстық жетілуден ерте басталуы мүмкін. Ол туралы Д. Б. Эльконин жеткіншектің өзін басқалармен салыстыруға, еліктеу үлгілерін анықтауға, басқа адамдармен қарым қатынас жасауға негіз болатын сананың жаңа құрылымы деді.
Есею сезімінің түрлерін Т.В.Драгунова анықтап, зерттеген:

  1. Сыртқы белгілері - еліктеу, шылым шегу, құмар ойындар ойнау, спирттік ішімдіктер шегу, ерекше лексикада сөйлеу, киім кию стилінің өзгерісі мен шаш стиліндегі ересектерге еліктеу жатады. Бұлар есеюге жетудің ең жеңіл және ең қауіпті түрлері.

  2. Жеткіншек ер балалардың “нағыз жігіт” қасиетіне ұмтылуы. Ержүректілік, күш пен ерік жігер, достыққа адалдық. Өзін тәрбиелеу үшін спортпен шұғылдану жолға қойылады.

  3. Әлеуметтік ересектік. Көбіне қиыншылықты басынан өткеріп жатқан отбасыларда байқалады. Бұларда жақындарына қамқорлық, олардың жағдайын жасау өмірлік құндылыққа айналады.

  4. Интеллектуалды ересектік. Жеткіншектің бір нәрсеге икемділігі, оны істей алуға ұмтылысы. Ол мектеп бағдарламасынан тыс танымдық іс әрекет болып табылады.

Жеткіншек жастың негізгі жаңа құрылымы ретінді бірегейлікті (идентичность) айтамыз. Бұл туралы Э.Эриксон айтқан болатын. Ол - өзімен өзі теңдіктің үздіксіз субьективті сезімі. Бұл кезеңде жасөспірімді “мен кіммін?”, “мен не үшін жаратылдым?” деген сұрақтар мазалай бастайды. Жеткіншек жастың негізгі міндеті - осы сұрақтардың жауабын табу.
Жеткіншек кезеңнің қалыптасуын анықтайтын маңызды құбылыс эгоцентризм. Ерте балалық эгоцентризмде қоршаған орта құбылыстарын өзінің түсінігі бойынша ғана қарастырып, өзінің пікірін ғана дұрыс деп түсінсе, жеткіншек кезеңде құбылысқа деген әртүрлі көзқарастар бар екенін түсініп, өзінің даралығын ұғына бастайды. Жеткіншек эгоцентризмі сыр бөлісетін достарымен тығыз тұлғалық қарым қатынас дамыған сайын баяулап, басылады.
Жеткіншек кезеңде балаларда өзіндік “мен” концепциясы қалыптасады. Олар көптүрлі болып табылады. Оны әртүрлі қырынан тану “мен концепциясының” танымдық компоненттерін қалыптастырады. Жеткіншек үшін өзінің қандай екенін білу, өзінің индивидуалды ерекшеліктерінің мәнін білу өте маңызды. Өзіндік қасиеттерін бағалау отбасы мен достары әсерінен қалыптасқан құндылықтар жүйесіне байланысты.
Жеткіншектің өзіндік “Мен концепциясының” жағымсыз күйі де болады. Ол туралы Х. Ремшмидт жағымсыз “Мен концепциясының” әсерін көрсетті:

  • Өзін өзі силауы төмендейді. Салдарынан агрессивтік, қылмысқа бой ұру туындайды.

  • Конформдық реакциялардың іске қосылуы. Мұндай жеткіншектер топ әсеріне тез бой алдырып, қылмыстық іс әрекеттерге енуі мүмкін.

  • Қабылдаудың өзгеруі. Өзіндік бағалауы негативті жеткіншектер. Олар өз қабілеттерін қабылдай алмайды, өздерінің мүмкіншіліктерін түсінбейді. [1,104]

Жеткіншек жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен аталып, осы кезде балалардың ересектіккке өтуіндегі проблемалары көрсетіледі.
Өсіп келе жатқан бала өмірінде жеткіншектік кезең қиын әрі өте маңызы сыналатын кезең. Бұл кезеңді бұлай бағалау, біріншіден, бала ағзасында осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты. Жеткіншек жас кезеңнің ерекшеліктерін зерттеушілер Р.Байярд, Д.Байярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М.Якобсон, И.С.Кон т.б. осы жас кезеңінде балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жас шағында жүретін өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертетін сипатта болады. Мұның өзі біршама қысқа мерзімде өтеді де, көбінесе күтпеген жерден даму процесі секірмелі қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер бір жағынан жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі қиыншылықтар болуымен қабаттасады, ал үшінші жағынан, баланың шешуін талап ететін қиыншылықтармен ұштасады. Жеткіншек ересектердің айтқанына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, наразылықтың әр түрлі формалары шығады (дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен 5-8 сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді, 11-12 жастан 14—15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы 5 сыныпқа көшумен бір уақытта келмей, одан ертерек немесе одан кештеу басталуы мүмкін.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны психологияда «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең атауларымен берілген. Бұл атауларда жастарда болатын, өмірдің бір кезеңінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңіндегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарды сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен өзара іс-әрекет әдістерінің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа негіз болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектіктің компоненттері пайда болады.
А.Е.Личконың айтуы бойынша жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы — оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді, үлкендерден және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау) бағытталады.
Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады және көптеген жағдайларға байланысты болады. Осы себепке байланысты «өтпелі кезеңнің» жүруі әр балада әртүрлі болуы мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен ал, екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі айырмашылықтардың болуымен анықталады. А. А. Бодалев қазіргі мектеп окушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты деп түсіндіреді. Олар:
1) ересектіктің дамуын тежейтін жайлар: балалардың көбінде басқалардай тұрақты және байыпты міндеттер болмай тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қынжылыстардан, қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;
2) ересектендіретін жайлар мазмұны сан алуан мәліметтердің орасан зор тасқыны; көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі; жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуымен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының әртүрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары шығады. Мысалы, 7 сыныпта бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар, бірақ, сонымен қатар, оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар; болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар; кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді; кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемшілер болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі болмайды.
Л.Колбергтің пікірі бойынша жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген нұсқалары болуы мүмкін. Мәселен, «интеллектуал» үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қоршағандардың барлығы оны әлі «нәресте» десе енді бір нағыз «интеллектуал» үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен, компьютермен әуестенсе, ал екіншісі сабақта түк бітірместен, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнін шаштараз туралы мәселеге айналдырып отыратын ересек жасөспірімдер. Үшіншілерін «интеллектуалды» ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол ата анасының сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді. Қыз балаларға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреуі үшін маңыздының енді біреуіне құны жоқ болып шығады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық дамуы және барлық құндылықтардың жалпы бағыты белгіленетіндігі. Осы жас кезеңінде жеткіншектердің дамуындағы позитивтік әсерлер адамның болашағына үлкен әсерін тигізеді.
Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды, дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнін морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінін, (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады (жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі). Бұл процестер қыз балаларда 11 —13 жаста, ер балаларда 13 —15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің: акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10—11, ер балалар 12—13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.
Бойдың, салмақтың өсуі, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі — жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары болып табылады. Бұлар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет