Тілдік құзыреттілік. Орта мектеп түлегі үшін шет тілі бойынша лексикалық минимум 2300 бірлікті құрайды (800 сөз нәтижелі оқуға арналған). Тестілеу кезінде мыналар тексеріледі:
1) лексикалық бірліктердің мағынасын және олардың берілген контексте қолданылуын ажырата білу;
2) контекст пен жағдаятты ескере отырып, грамматикалық формаларды дұрыс қолдана білу;
3) жай және күрделі сөйлемнің құрылымын берілген контексте қолдана білу.
Орта мектеп түлегі білімінің минимум мазмұнына сөйлеудің айтылуын, графикалық, лексикалық және грамматикалық аспектілерін тексеру кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |