Кіріспе тақырыптың өзектілігі


Дипломдық жұмыстың мақсаты



бет2/3
Дата20.11.2022
өлшемі44,5 Kb.
#51354
1   2   3
Дипломдық жұмыстың мақсаты - қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарында брондаудың компьютерлік технологиясын қолдану ерекшеліктерін айқындау және заманауи өңделген бағдарламаларды отандық нарықта пайдалану, жетілдіру жолдарын ұсыну
Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылған:
- компьютерлік технологияны пайдалану және оның қонақ үй бизнесіндегі ерекшеліктерін қарастыру;
- отандық қонақ үйлерді брондаудың заманауи бағдарламалық жүйелерімен таныстыру;
- зерттеу объектсі ретінде қарастырылған «Park House» ЖК қонақ үйінде қолданылатын брондаудың «System» жүйесінің тиімділігін талдау;
- қонақ үй бизнесінде компьютерлік технологияны пайдаланудағы әлемдік тәжірибиелер және оның Қазақстандағы даму бағытын қарастыру;
- отандық қонақ үй бизнесіндегі компютерлік технологияның даму перспективасы.
Зерттеу объектсі - «Park House» ЖК қонақ үйі мысалында брондау үрдісі және оны жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.
Зерттеу пәні ретінде – әлемдік жаһандандыру жағдайында қонақ үй кәсіпорындарында пайдаланылатын «Amadeus» компьютерлік технологиялардың тиімділігі, атап айтқанда брондау қызметі.
Дипломдық жұмыс тақырыбының теориялық құндылығы -компьютерлік жүйенің даму тарихы: брондау, нөмірлерде қызмет көрсету, компьютерлік жүйенің мүмкіндіктері: брондау, нөмірлерде қызмет көрсету, брондаудың бағдарламалық жүйесі қарастырылған.
Дипломдық жұмыс тақырыбының практикалық құндылығы – қонақ үй бизнесінде жетістікке жету ақпараттар алмасу және беру қызметінің жылдамдығы, кері байланысты жүзеге асыру, оның нақтылығы және тиімділігімен ерекшеленеді.
Сондықтан компьютерлік технологиясын қонақ үй бизнесінде тиімді пайдалану олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ажырамас бөлігі болып табылатындығын естен шығармау қажет. Қазіргі әлемдік жаһандану жағдайында ақпараттық технологиялар іскерлік белсенділікті дамытудың стратегиялық ресурстары ретінде қарастырылады. Осыған байланысты қонақ үй индустиясының даму перспективасына және қызметтерді тиімді ұйымдастыруға ақпараттық технологияның ықпалын Интернет технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып Қазақстанды халықаралық аренада танытуға деген алғы шарттардың бірі ретінде тұжырымдау, талдау арқылы қызығушылық ояту, Интернет технологияның ерекше нәтижелерін, оларды дамытудың жоспарлары мен стратегияларын толыққанды ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіншілігін ерекше қарастыруды талап етеді.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы жүргізілген зерттеме нәтижесінде, атап айтқанда: қоғамның қазіргі даму кезеңдерінде қонақ үй бизнесінің іскерлік белсенділігін дамытуға ықпал ететін стратегиялық ресурс ретінде қарастыру; жүйелік зерттеу нәтижесінде қонақ үй бизнесіндекомпьбтерлік технологияны пайдалануды қажет етілетін сегменттерді бөліп көрсету; қонақ үй бизнесінде отандық және шетелдік тәжірибе қолдануды талдау негізінде, қонақ үйлерде пайдалануға болатын компьютерлік технологияны қарастыру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет