Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
Жұмыс барысында теория мен тәжірибе жағдайларын байланыстырып, компьютерлік технологияны пайдалану: қонақ үй бизнесіндегі ерекшеліктері, атап айтқанда компьютерлік жүйенің даму тарихы: брондау, нөмірлерде қызмет көрсету, қонақ үй кәсіпорындарында компьютерлік жүйені пайдалану мүмкіндіктері және отандық қонақ үйлерді брондаудың заманауи бағдарламалық жүйесі қарастырылған.
Екінші тарауды талдау барысында «Park House» ЖК қонақ үйіндегі компьютерлік технологияның қызметіне талдау, «Park House» ЖК қонақ үйіндегі брондау үрдісін бағалау және «Park House» ЖШС қонақ үйіндегі «system» брондау жүйесінің тиімділігін талдау қарастырылған.
Үшінші бөлімде қонақ үй бизнесіндегі компьютерлік технологияның пайдалану мүмкіндіктерін жетілдіру, оның ішінде Қонақ үй бизнесінде заманауи Amadeus брондау бағдарламасын пайдаланудағы әлемдік тәжірибиелер және оның Қазақстандағы даму бағыты және зерттеу объектсі - «Park House» ЖК қонақ үйіндегі брондау үрдісін жетілдіру бағытында проблемалары және болашағы бағытында кешенді ұсыныстар қарастырылды.