Кіріспе тақырыптың өзектілігі


Резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттерін зерттеу әдістері



бет15/21
Дата08.06.2023
өлшемі273,09 Kb.
#99831
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттерін зерттеу әдістері
Резина қоспаларын араластырудың оңтайлы параметрлерін анықтау. Араластыру резина бұйымдарын өндірудің бастапқы кезеңі болып табылады, сондықтан көбінесе олардың сапасын анықтайды. Қоспаның физика-химиялық сипаттамаларының жоғары біркелкілігіне ингредиенттерді каучук көлемінде біркелкі тарату арқылы ғана қол жеткізіледі [52].
Араластыру процесі бірнеше операцияларды қамтиды: қатты компоненттерді ұнтақтау; компоненттерді каучукке енгізу; агломераттарды дисперсиялау; араластыру [53].
Резина қоспалары мен резиналар сапасының негізгі көрсеткіші ингредиенттердің дисперсиялану дәрежесі болып табылады. Каучукті ингредиенттермен араластыру процесінде араластыру процесінің ағымына және резина қоспалардың күйіне қатты әсер ететін физика-химиялық және химиялық құбылыстар жүреді. Араластыру кезінде қоспадағы кейбір компоненттердің диффузиясы мен еруі жүреді, бұл олардың біркелкі таралуына және резина қоспалардың реологиялық сипаттамаларының өзгеруіне әкеледі [54].
Каучукте ерімейтін, ұнтақ тәрізді ингредиенттерді (мысалы, техникалық көміртек) енгізгенде берік каучукті құрылымдар (гель) түзу салдарынан қоспалар тұтқырлығының айтарлықтай артуы мүмкін. Сондай-ақ, полимерлердің бұзылу процесі (тұтқырлығының төмендеуі), және каучуктің толықтырғышпен белсенді өзара әрекеттесуі (тұтқырлығының артуы) мүмкін [55].
Резина қоспасын дайындау ПД 320 160/160 зертханалық біліктерінде жүргізілді. Біліктердің алдыңғы білігінің температурасы 50-60С, артқы білігінің - 60-70С құрайды.
Тазартылған және кесілген каучук жұқа тері түзілгенге дейін білік орамдары саңылауы арқылы өткізіледі. Жоғары сапалы иілімдеу үшін деформациялық күш бағытын өзгерте отырып оны жиі кесіп салады [56].


Вулканизаттардың физика-механикалық қасиеттерін зерттеу.
Резина қоспаларының вулкандау сипаттамаларын және вулканизаттардың физика-механикалық көрсеткіштерін анықтау МЕМСТ сәйкес жүргізілді. Барлық анықтамалар эксперименттердің үш сериясына кемінде үш рет қайталана жүргізілді. Дипломдық жұмыста статистикалық критерийлер бойынша 95% дәлдікті қамтамасыз ететін эксперименттер сериясының орташа нәтижелері келтірілген.
Вулкандау кинетикасын зерттеу. Вулкандау сипаттамаларын анықтау МЕМСТ 12535-78 сәйкес «Монсанто» фирмасының реометрінде жүргізілді. Әдістің мәні - берілген температурада амплитуда және белгілі бір жиіліктегі конустық ротор тербелістерінен туындаған үлгінің ығысу деформациясы кезіндегі айналу моменттің уақытқа қарай өзгерісін білдіреді.
А) - мәні бойынша анықталатын вулканданбаған матеиалдың қаттылығын сипаттайтын ең төмен айналу моменті.
Б) - вулканданған матеиалдың қаттылығын сипаттайтын ең жоғары айналу моменті, оны былай анықтайды:
тепе-теңдік мәні бойынша;
ең үлкен мәні бойынша.
В) мәні 0,1 Нм ұлғаюына сәйкес келетін уақыт сәтіне дейін қисықты жазудың басталу нүктесіндегі уақыт шәкілі бойынша вулкандаудың басталу уақыты анықталады;
Г) шамасына сәйкес келетін уақыт сәтіне дейін қисықты жазудың басталуынан уақыт шәкілі бойынша вулкандаудың берілген дәрежесіне жету уақыты.
Д) шамасына сәйкес келетін уақыт сәтіне дейін қисықты жазудың басталуынан уақыт шәкілі бойынша вулкандаудың оңтайлы уақытын анықтайды.
Резеңке қоспаларды вулкандау.
Резина қоспасын вулкандау RDE 800х800 электр жетекті вулкандау пресінде жүргізілді. Резина қоспасының табағынан салмағы 40 г тікбұрышты дайындамалар біліктеу бағытына сәйкес кесілді, содан кейін олар вулкандау температурасына дейін алдын-ала қыздырылған пресс-қалыптар ұяларына салынады. Вулкандау режимі: 150С  25 минут. Престеу қысымы 170 кгс/см2 құрайды. Пресс-қалып вулкандау пресі плиталарының арасына орнатылды. Вулкандаудан кейін пластиналар суытылды және ою пресі көмегімен үлгілер ойып алынды.
МЕМСТ 262-75 бойынша резинаның жұлмалауға қарсылығын анықтау. Резиналардың жұлмалауға қарсылығын сынау кесілген үлгілерді созу және сыналатын үлгіні жұлынатын жүктемені өлшеуді білдіреді. Сынақтар үзу машинасында жүргізіледі.
Резинаның жұлмалауға қарсылығы (Н/м) мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы - кесілген үлгінің жұлынуын тудыратын жүктеме, Н;
- үлгінің бастапқы қалыңдығы, м.
МЕМСТ 270-75 бойынша үзгендегі беріктік шегін анықтау.
Үзгендегі шартты беріктік шегі және берілген ұзарудағы шартты кернеулер формулалар бойынша анықталады:




мұндағы – үзілу сәтіндегі ұзаруға сәйкес келетін жүктеме, Н;
- осы ұзартуға сәйкес келетін жүктеме, Н;
-үлгінің бастапқы күйі, м2
Үлгінің бастапқы күйі мына формула бойынша есептеледі:



мұндағы -үлгінің бастапқы ені, мм;


- үлгінің бастапқы қалыңдығы, мм.
Үзгендегі салыстырмалы ұзару мына формула бойынша анықталады:



мұндағы – үзілген сәттегі үлгі бөлімшесінің ұзындығы, мм;


- жұмыс бөлімшесінің бастапқы ұзындығы, мм.
Салыстырмалы қалдық ұзаруы Q мына формула бойынша анықталады:



мұндағы - 1 минут ішінде «демалғаннан» кейінгі үлгінің жұмыс бөлімшесінің ұзындығы.


Берілген ұзарудағы шынайы кернеу және үзілгендегі шынайы беріктік шегі мына формулалармен анықталады:




Орташа мән тек соңғы нәтижелер үшін анықталады. Орташа мәннен ауытқу 10%-дан аспауы керек.


Шор бойынша қаттылықты анықтау (МЕМСТ 263-75). Вулкандаудан кейін үлгілер МЕМСТ 269-66 талаптарына сәйкес ұсталады. Сынақ алдында үлгілерді (23 ± 2) °С температурада кемінде 1 сағат кондиционерлейді, бұл ретте олар тікелей күн сәулесінің әсерінен қорғалуы тиіс. Сынақ температурасы (23 ± 2) °C-қа тең болуы керек. Нәтижесін бүтін санға дейін дөңгелектей отырып үлгі қалыңдығын өлшейді.
Сыналатын үлгі тегіс көлденең бетке орналастырылады. Қаттылық өлшегішті алаңшаның тіреу беті үлгімен жанасатындай етіп перпендикуляр қалыпта ешқандай соққылар және қақтығусыз үлгіге орнатады. Қаттылық өлшегіш 10,0-ден 12,5 Н-ге дейін қысым күшін жасауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғыға орнатылады немесе оған салмағы 1,00-ден 1,25 кг-ға дейінгі индептор осі бойымен орталықтандырылған жүк орнатылады.
Қаттылық өлшегішті қолмен жүктеуге рұқсат етіледі. Қаттылық мәнін есептеу құрылғы үлгіге басылған сәттен бастап 3 с өткеннен кейін құрылғы шәкілі бойынша жасалады. Индептордың одан әрі айқын батуы байқалатын үлгілер үшін көрсеткіш (15 ± 1) с өткеннен кейін есептеледі, бұл резинаға, резиналық бұйымдарға және оларды сынау әдістеріне арналған нормативтік-техникалық құжаттамада айтылады.
Қаттылық үлгінің әртүрлі жерлеріндегі кем дегенде үш нүктеде өлшенеді. Сынақ нәтижесі ретінде барлық өлшемдердің бүтін санға дөңгелектелген арифметикалық орташа мәні алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет