Зерттелу деңгейі: Тақырыпты зерттеуде 2004 жылғы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанда халыққа жолдаған Жолдауы 2050 стратегиялық бағдарламасы, 2014 жылғы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты Жолдауы, сонымен қатар ерекше түпнұсқа ретінде 2018 жылғы жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасының мақаласы оның ішінде ерекше аталатын бағыты ол «Ұлт тарихындағы кеңестік пен уақыт» атты бірінші бағыттың екінші міндеті ретінде «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» атты бағытына жұмыста басымдық беріледі және 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты еңбегі жобаны мазмұндауда негізге алынды.
Жұмыста Ж.Қосабаевтың 1995 жылғы «Торғай – дуан», Әділбек Жақыптың 2009 жылғы «Торғай тарландары», Ш.Байділдиннің 2011 жылғы «Санаулы ғұмырымдағы саналы ойларым», Ы.Сариеваның 2000 жылғы «Текті Торғай», А.Маудановтың 2017 жылғы «Өр Торғай - ерлік мекені» атты еңбектері және 2013 жылы жарық көрген «ТОРҒАЙ ЕЛІ» энциклопедиясы пайдаланылды.
Сонымен қатар баспасөз материалдары, атап айтсақ, «Торғай таңы» апталық мерзімді басылымда жарияланған Е.Әбдіхалықовтың «Ескерткіш-халық еншісі», «Өлкетану мұражайы туған өңір тарихын насихаттайды», Б.Ералиннің «Тарихи орындардың тағдыры не болмақ?» атты мақалалары, сондай-ақ «Қостанай таңы» облыстық мерзімді басылымда жарияланған Х.Мұсабаевтың «Мемлекет қамқорлығына алынған тарихи ескерткіштер қалпына келтірілді», Д.Әбдібековтің «Ескерткіш - ел мұрасы», Х.Мұсабаевтың «Құтан әулиеге кесене орнатылды» атты мақалалары жобаны жазу барысында қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: |