ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлтымыздың тәуелсіздігі мен бостандығы үшін атқа мінген,ел үшін тер төккен, қуғынға ұшырап, азап көрген,еліне адал қызмет атқарған аяулы ардагер азаматтың атын кейінгі ұрпаққа әсіресе, көтерілістің бесігі болған Торғай аймағы азаматтары ұмытпаған парыз. Бүгінгі байлық бабалардың төккен терімен, аққан қанымен келген. Тәуелсіздік туын көтерген дәуіріміздің бір игі жұмысы тарихымыздың қараланған беттерін тазартып, бұрмаланған шындықтарды түзетіп, жабулы қалғандарын ашып, жалған жалаға ұшырағандарын ақтап, олардың орны мен бағасын беру. Бұл бағытта елеулі істер атқарылуда. Үстіміздегі жылдың маусым айының басында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің басшылығымен ұлттық тарихты қайыра зерделеу, оның ішінде аймақ тарихына көңіл бөлу жөніндегі жұмыс тобының кеңейтілген мәжілісі өтті. Онда Отан тарихына жаңаша көзқарас қалыптастыру керек екендігін баса айтылып, осы уақытқа дейін қалыптасқан стереотиптен арылу жөнінде мәселе қозғалды.
Абайша айтсақ “Сөз түзелді, тыңдаушым сен де түзел” дегендей, Отан тарихына қатысты сөз түзелді. Осындай тарихи зерттеуді қажет ететін бірегей тарихи тұлғалар-ұсталар. Тәуелсіздік жолында құрбан болған бабалар рухын естен шығармайық. Бүгінде Елбасымыз «Рухани жаңғыру – ел бастауы» атты туған елдіңтарихын зерттеу жұмыс кеңінен ақтарылып жатыр. Сондықтан да ардақтыағайын, біз ең алдымен өз асылымызды өзіміз ардақтайық. Сонда біздің мәртебе-мерейіміз әрқашан үстем болады.2016 жылы мамыр айында «Туған – өлкем Торғайым» атты экспедициясы бойынша Торғай өңіріне барып қайттық. Торғай жерінде бес мұражай орналасқан екен. Соның бірі Ә.Жанкелдин мұражайында 1916 жылғы көтерілістің ұсталарын анықтап,ұста өмірін зерттедім. Бұл менің ізденіс жұмысымның басы емес, мен және де кітапхана, шебер, ұсталардың ұрпақтарын, мұражай мәдени орындарын аралап, білім нәрін өз бойыма сусындаттым.Ұсталар жайлы материалдар аз болғанымен, ізденіс жұмыс нәтижесінде кітаптапхана кітаптарының барлығын қарап шықтым. Газет-журналдар арқылыда ізденіс жұмысын жүргіздім. Сөзі дуалы ақсақалдардан, өшпес естелік куәгерлері аталарымыздың ұл – қыздарының аузынан мәлімет жинадым. Болашақ ұрпақты осы көне тарих арқылы адамдарға көркем өнер, қолөнер сырларымен таныстырамын. Сонымен қоса осы ғылыми жобам арқылы елімнің атын шығарамын. Елімді тың ғылыми жобаларыммен қуантамын.
1. Бүкіл қазақ халқының ұрпақтары Торғай елі білетіндей тарихқа өзгеріс енгізу;
2. Мектеп бағдарламасына енгізіп оқыту, әсіресе 9-сынып Қазақстан тарихына (1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне жеке-жеке тоқталып) тақырыпты кеңейту;
3. Ұрпағымызды туған жердің құндылығын, ұсталарымызды білуге, танытуға, үлес қоссам деймін.
4.Шеберлердің ордасы ұстаханалар жайлы, сонымен қатар Торғай жерінен шыққан ұсталар жайлы кітап және деректі фильм түсірілсе;
5. 1916 жылғы Торғай даласындағы ұлт – азаттық көтеріліске өздерінің ерен еңбектерімен ат салысқан ұсталардың өнегелі істері жайлы Қазақстан тарихы оқулықтарында жеткілікті көлемде арнайы тарау енгізілсе;
6. Көнеден қалған құнды мұра – ұсталық кәсіп туралы бүгінгі жастарға, ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында, Арқалық қаласындағы «Арқа дидары» хабарына арнайы хабар дайындалып, жүргізілсе;
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ахметжан Қалиолла Саматұлы. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы. - Алматы: «Алматы кітап» ЖШС, 2006.-216 бет.
2. «Қостанай облысы Торғай аймағы көрікті жерлерінің ақпаратты бағдар тізбесі» - Қостанай: ЖШС «Шапақ» баспасы, 2011жыл-122 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |